16 желтоқсан 2016 жыл
№ 51 (8842)
3
«Жаркент өңірі»
Иә,
жиырмасыншы
ғасырдағы
тоталитарлық
жүйе
Желтоқсан оқиғасы кезінде өздері
ұйымдастырған ойранды жасырып
жұртты барынша алдап бақты. Ол
үшін қолдағы барлық мүмкіндіктер
ақпарат құралдары, басқа да
идеологиялық ұйымдардың ресми
органдардың күші толық пайдаланыл-
ды. Бүлік шығарғандар «ұлтшылдар»
, «маскүнемдер», «нашақорлар» де-
ген жала жабылып, оларға қарсы
өрт сөндіретін машиналар, сапер
күректері қолданылған жоқ, оларды
ешкім итпен қуған жоқ деп ақталуға
тырысты. Ел ішінде әртүрлі қауесет
тарап, өсек-аяң, жел сөзі гүлеп
тұрды. Шындықты бүркемелеген сол
олқылықтардың
орнын
толтыруға
тырысқандай тек 1989 жылдың жа-
Тәуелсіздік жолымен
Желтоқсан
көтерілісінің ақиқаты
немесе шындықтың шырағы сөнбейді
1986
жылғы
Желтоқсан
көтерілісі
жұртшылық жадынан өшпек
емес. өйткені, бүгінгі егемен
еліміздің ғасырлар бойғы
аңсап келген тәуелсіздігіне
қол жеткізуіне жастардың
сол бас көтеруі себеп болғаны
ақиқат еді. Одан бері
де отыз жыл уақыт өтті.
Бірақ ... ақиқатқа жету
жолы қашанда ауыр екені
тағы да көрінді. Желтоқсан
оқиғасы
туралы
хабар
ошардың біржақты болып,
оған теріс сипат беріліп,
алғашында ел ішінде әртүрлі
қауесеттің тарағаны да әлі
есте.
А л а й д а ,
шындықтың
шырағы
сөнбейді екен...
зында ғана ақпарат құралдарында
бірқатар ресми хабарлар берілді.
Республика Жоғарғы Кеңесінің Пре-
зидиму
халық
депутаттарының
сұранысы мен еңбекшілердің көптеген
өтініштерін
ескеріп,
Желтоқсан
оқиғаларына қатысты мәселелерді
қосымша тексерумен айналысатын
арнаулы депутаттық комиссия құру
туралы шешім қабылдады. Бір жыл-
дан соң 1990 жылдың 24 қыркүйегінде
сол комиссияның қортындылары мен
ұсыныстары мақұлданған. Сөйтіп,
Қазақстанның, тіпті бүкіл Кеңестер
Одағының тарихында Орталықтың
қазақ халқына «ұлтшыл» деп айдар
таққан өктемдігіне алғаш рет қарсылық
білдіріліп, КОКП Орталық Комитеті Са-
яси Бюросының шешімі айыпталды.
Ш ы н д ы ғ ы н д а
желтоқсандағы қазақ жастарының
бас көтеруі, ұлтшылдық бой көрсету
емес еді. Ол басқа халықтарға,
соның ішінде орыс халқына қарсы
бағытталған
жоқ-тын.
Желтоқсан
толқуы – шын мәнісінде, елімізде
алғаш рет екі күштің, жаңа баста-
лып, буыны қатпаған демократияның
және сол кездегі әкімшіл-әміршіл
жүйенің қақтығысы болатын. Ал,
Колбиннің Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитетінің бірінші хатшысы
болып сайлануы Орталықтың қазақ
халқының өмірлік мүддесіне қатысты
мәселелерді
шешудегі
өктемдігі
ретінде қабылданды.
Оқиға
әуелде
Алматы
қаласының бір топ жұмысшы және сту-
дент жастарының Орталық Комитеті
Пленумының сол шешіміне наразылығын
білдіруінен басталған. Бейбіт шеру
түрінде өткен ол наразылық мемлекеттік
құрылысты құлатуға немесе басқа
халықтарға қарсы әрекет етуге шақырған
жоқ. Орталық Комитет үйінің алды-
на жиналған жастар пленум шешіміне
байланысты түсінік беруді талап етеді.
Алайда Республика басшылығы олардың
пікірімен санасқан жоқ. Қайта, ол сая-
си наразылық өкіметке қауіп төндіру
ретінде бағаланып, сан жағынан шеруге
қатысушылардан әлденеше есе басым
Алматы горнизоны әскери даярлық
жағдайына келтіріліп, алаңды қоршауға
алды. Тіпті, жастар жиынын тұрақты
әскери бөлімшелердің күшімен басу тура-
лы мәселе де күн тәртібіне қойылды. Со-
лай болды да. Оқиғаға бұрмаланған баға
беру түптеп келгенде, ішкі әскери күштер
бөлімшелерін Алматыға еліміздің басқа
аймақтарынан әкелуге апарып соқтырды.
Бір таң қаларлығы, жастар
көтерілісін басу жолындағы осыншама
ауыр зардаптарға соқтырған маңызды
шешімдердің бәрі де ешқандай жазба-
ша нұсқау, бұйрықсыз қабылданған.
Шеруге қатысушыларды қуып тарату
кезінде сапер күрегі қолданылып, ерекше
қатыгездікпен көзге түскен.
Сол күндері КСРО-ның барлық
бұқаралық құралдары арқылы Алма-
тыда орын алған оқиға, маскүнемдер
мен нашақорлардың бұзақылар мен
ұлтшылдың әрекеттері деген хабар-
лар мұнда арнайы жіберілген КОКП
Орталық Комитеті Саяси Бюросының
бұрынғы мүшесі М. Соломенцевтің
тікелей қатысуымен беріліп жатты.
Алайда, кейін медициналық сараптау
актілері негізінде жасалған Денсаулық
сақтау министрлігінің мәліметтері
бойынша ұсталғандардың арасында
бірде-бір маскүнем болмаған. Сон-
да, ондай бұрмалау кімге, неге керек
болды? Өйткені, алаңда бұзақылар
мен маскүнемдер, нашақорлар болса,
оларға қарсы күш қолдану саясаты
өзін-өзі ақтап шыға алады. Сондықтан
өкімет басындағылар солай етті, істің
мәні міне осында.
Иә, бүкіл әлемді дүр
сілкінткен Желтоқсан көтерілісі қазақ
топырағына ұлттық санасы сергек,
жаңа, қайсар ұрпақтың келгенін айқын
көрсетті. Халқымыздың жылдар бойы
Орталықтың әкімшіл, тіпті зорлықшыл
саясатына деген ашу-ызасы алғаш
рет сол буынның мінезімен сыртқа
шықты және ол осы кеңістіктегі жаңа
демократиялық қозғалыстың баста-
уы болды. Желтоқсан көтерілісі ту-
ралы шындық қаншама бұрмаланса
да, оның айналасына сәуле түсіретін
шырағын ешкім де сөндіре алған жоқ.
Бағдат АйТмұқАевА.
Әлқисса,
Нағарашы
ауылының тумасы, бүгінде Жар-
кент қаласының тұрғыны, «жігітке
жеті өнер де аз» дейтіндей
қарымды
қабілетке,
табиғи
талантқа, ілкімді іскерлікке бейім,
темір көлік десе ішкен асын жер-
ге қоя салатын, байлығы бәсіре
болатындай
бағбандықтың
бәсекесін асырып жүрген Дүйсен
Халықұлының аяқ асты қалта
телефонымен хабарласа қалмасы
бар ма? Ағалы-інілі болып көптен
сыйластығымыз жарасып жүрген
бауырымның мені бекерден-бекер
іздей қоймасын сезіндім де өзіме
етене таныс әуезді үніне жайлап
құлақ түрдім.
«Сабақты ине сәтімен»
дегендей осыдан кейінгі әңгімеміз
өрмектей өріліп жүре берді. Жел
соқпаса шөптің басы қимылдамасы
белгілі, Дүйсен ағамызды алға
салып, Көктал ауылына тарттық
та кеттік. Көп жылдар бедерінде
лауазымды қызметтер атқарған,
бүгінде
жеке
шаруашылықты
дөңгелетіп жүрген құрметті зей-
неткер, еңбек ардагері Әбдіманап
Алғазыұлының туған қарындасы,
ұлағатты ұстаз, ардақты ана Орын-
хан Малдыбекқызының шаттыққа
толы шаңырағының табалдырығын
аттадық. Отағасы Қуаныш ағамыз
да үйде екен. Әңгіме төркінін
бірден мерейтой иесі, 70 жастың
биігіне көтеріліп отырған Орын-
хан апайымызға сұрақтар қоюмен
бастадық.
-орынхан апай, екі
адамның арасында болатын ұлы
сезім-махаббаттың барлығына
сенесіз бе?
-Неге
сенбеске.
Мына Қуаныш ағаларыңды бір
көргеннен-ақ ұнатып қалдым де-
сем, артық айтпағандығым. Теңіз
жағалауындағы үш жылдық әскери
борышын өтеп келген сымбатты
жігітке назар аудармау:біреуге
бақыт, біреуге өкініш болуы да
ғажап емес еді. Менің маңдайыма
жазылған бақ екен бұл.
мерейлі оТБАсы
ШырАйлы ШАңырАқтың
ШАттығы дА мОл
Еліміздің тәуелсіздігіне биыл 25
жыл толып отыр. Бұл халқымыз үшін ең басты
әрі құнды мереке. Осыған орай 29 қараша күні
Пенжім ауылындағы А.Розыбакиев атындағы
орта мектепте «Тәуелсіздік-тұмарым, Мәңгілік
Ел –ұраным» атты аудандық семинар болып
өтті.
Мектеп алаңында Қазақ хандығының
құрылуы туралы тарихи қойылым қойылды.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын бейне-
леген көрініс көрермендерді терең ойға
шомылдырғаны айқын. Сол жылы алаңға
шыққан жастардың жігерін, ұлтжандылығы
мен қайсарлығын көрсете білген қойылымның
соңында
жерлестеріміз,
Желтоқсан
құрбандары Е.Сыпатаев, Л.Асановалардың
ерліктеріне тағзым етіп, гүл шоқтары
қойылды.
Семинардың екінші бөлімінде
оқушылар 1991 жылдан қазіргі уақытқа
дейінгі жетістіктерімізді тізбектеп шықты.
Отан, туған жер, тіл, егемендік жайындағы
өлеңдер оқылып, Жас Ұландар еліне деген
ыстық тілектерін жеткізді. Осы тұста аудандық
кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Әділұлы,
Пенжім ауылдық округінің әкімі Е.Ысқақов
сөз
сөйлеп,
барлық
қатысушыларды
Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен
Тәуелсіздік –
ТұмАрым, мәңгілік ел - ұрАным
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік – аумақтық бірліктерге,
елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транс-
крипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138
қаулысының 8 – тармағының 1), 2) – тармақшаларына сәйкес 2016 жылғы желтоқсан айының 12-і күні сағат 15-00
де Шолақай ауылдық округі, Диханқайрат ауылының мәдениет үйінде өткен қоғамдастық жиынының күн тәртібінде
«Диханқайрат ауылына қарасты Диханқайрат көшесін Мамеш Туленгитов көшесі, Баубақша көшесін Батал Есерке-
ев көшесі деп қайта атау туралы» мәселе қаралып, ауыл тұрғындары және ақсақалдарының келісімі бойынша бір ау-
ыздан «Мамеш Туленгитов», «Батал Есеркеев» есімін беруге қолдау жасап, облыстық ономастика комиссиясының
қарауына ұсыну туралы шешім қабылдады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік – аумақтық бірліктерге, елді
мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын
нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысын
ың 8 – тармағының 1), 2) – тармақшаларына сәйкес 2016 жылғы желтоқсан айының 13-і күні сағат
10-00 де Шолақай ауылдық округі, Шолақай ауылының Ж.Бусаков атындағы орта мектебінің мәжіліс залында өткен
қоғамдастық жиынының күн тәртібінде «Шолақай ауылына қарасты Арөстең көшесін Гусумхан Норузова көшесі,
Шолақай көшесін Усман Самсаков көшесі деп, Жаңақұрылыс көшесін Әлімқожа Садуақасов көшесі деп қайта атау
туралы» мәселе қаралып, ауыл тұрғындары және ақсақалдарының келісімі бойынша бір ауыздан Гусумхан Норузова,
Усман Самсаков, Әлімқожа Садуақасов есімін беруге қолдау жасап, облыстық ономастика комиссиясының қарауына
ұсыну туралы шешім қабылдады.
«Жаныңда
жүр
жақсы адам» демей ме халық
нақылы. Осындай күнделікті
жанымызда жүрген жүрек
жылуы мол, қолы ашық-
атымтай жомарт жандарды
елеп, ескере де бермейміз.
«Жан
жылуы
жақсыдан» деген емес пе,
сондай
жомарт
жүректі
азаматтардың бірі-Қадырахон
Абдул. Ол басқаратын жүн
жуып, тері өңдейтін «Ақ
сұңқар 2030» ЖШС-нің жүн
жуу цехы 2016 жылдың мау-
сым айынан іске қосылып,
жұмыс жасауда. Алдағы
уақытта тері өңдейтін цех-
ты іске қосу жоспарланған.
«Ақ сұңқар 2030» ЖШС-нің
құрылтайшысы Қадырахон
Абдул Қазақстан Респу-
бликасы
Тәуелсіздігінің
25
жылдығы
мерейтойы
қарсаңында бір миллион
теңге ақшаны аудандағы аз
қамтылған, тұрмыс жағдайы
төмен тұрғындарға көмек
беру мақсатында аудандық
ардагерлер
Кеңесінің
есепшотына аударды.
Тәуелсіздік ТАрТуы
1 миллион
теңге – аз
қамтылған
отбасыларына
-Өзіңіз де, жолдасыңыз
да ұстаздық қызметті қалап
алған жандар екенсіздер. Бұл
жағынан алғанда да бақыт құсы
бастарыңыздан айналып өтпеген
сияқты...
-Дұрыс айтасың. Жүрек
қалауымен қалап алған мұғалімдік
қызметтен мәртебелі мамандық жоқ.
Өйткені ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу-
инемен құдық қазғандай қиындығы мен
қызығы бірдей кірпияз да құдіретті іс.
Әбітаевтардың
әулетін
білмейтін жан Көктал мен Ақжазық
өңірінде табыла қоймас. Бәрін айт та,
бірін айт демекші, немерелеріміздің
өздері де-жоғары білімді азаматтар.
Біз соған шүкіршілік етеміз, соған
қуанамыз.
-Адам бойындағы ерек-
ше құрметтейтін және жек көретін
қасиетіңіз?
-Өтірік
айтқанды
жақтырмаймын.
Адалдықты,
жақсылықты жарнамалап жүрген жан-
дарды жаным сүйеді.
-Шаңырақ
шаттығы
дегенді қалай түсінесіз?
-Әркімге әрқалай шығар.
Бірақ мен үшін отбасымның бақытты
болғаны-мәртебе. Қайын атам Бек
Әбітайұлының үлкен шаңырағына
келін болып түскеннен бері де ши-
рек ғасырға жуық уақыт болыпты.
Орнықты отбасындағы қайын атам
мен енем де ұстаздықты қалап алған
жандары жайдары адамдар болды.
Өзіміздің түтін түтеткен
шаңырағымыз
да-шаттыққа
толы. Құдайға тәубе дейміз. Осы
қуанышымыз ұзағынан болғай деген
тілектемін.
-орынхан апай, биыл ел
тәуелсіздігінің 25 жылдығы. осы
мерейлі шақтың мезетін қалай
бағалар едіңіз?
-Тәуелсіздігімізге ширек
ғасыр толып отырған қуанышты
сәт үстінде бүгінгідей қой үстіне
бозторғай ұялап, бақытты ғұмыр
сыйлаған Тәңірге айтар алғысым
шексіз. Қашан да аспанымыз ашық
болып, жас буын-жас өркеннің
болашағы нұрлы болса екен деймін.
Барша ақ жаулықты аналардың
тілегі бұл.
Әбітаевтар әулетінің
шаттыққа
толы
шаңырағын
қалдырып, қайта жолға шықтық.
Жол үстінде де осы мерейлі отбасы
айналасындағы әңгімемізге қайта
оралып он сан тарау ойымыздың
орамынан шыға алмадық.
құдайберді құсАйын.
құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Зейнеткер
ұстаздардың атынан ыстық лебізін жеткізген
А.Надыров Желтоқсан батырларының ерлігін
тілге тиек етіп, жас ұрпақты елін, жерін сүюге,
халқына қызмет етуге шақырды.
Бұдан әрі аудандық білім бөлімінің ма-
маны Ұ.Жұмағұлқызы мен мектеп ди-
ректоры Ж.Тәнекеқызы түрлі сайыстарда
алдыңғы орындардан көрінген ұстаздар
мен оқушыларды «Алғыс хаттармен» ма-
рапаттады. «Үздік интерактивті сабақ»
мақтау қағазымен ағылшын тілі пәнінің
мұғалімі Г.Қойғараева, ҚР Туелсіздігінің 25
жылдығына орай өткен аудандық «Мәңгілік
Ел Қазақстаным» ғылыми практикалық
конференциясына шәкірттеріне жетекшілік
еткен Н.Қалибаева, Х.Исмайилжанова,
Р.Қожахметова,
Б.Асанова
сынды
ұстаздарға алғыс хаттар табысталды.
Аудандық ғылыми жобалар байқауының І
дәрежелі дипломымен Ы.Құрманғалиева,
А.Ахунбаева, Т.Мұқанов, ІІ дәрежелі ди-
пломмен Т.Құрмаш, К.Тоқтарбай марапат-
талып, бейбітшілік төсбелгісі табысталды.
Концерттік бағдарлама «Ер Нұрсұлтан»
әнімен өз мәресіне жетті.
Іс-шараны қорытындылған мектеп директо-
ры Ж.Толыбаева егемендіктің бізге берген
мүмкіндіктерін атап өтіп, келген қонақтарға
алғысын білдірді.
Шараның соңы ауыл ақсақалдарының
ғибратты әңгімесіне жалғасты. Қ.Нүсіпов
Тәуелсіздікке тарту өлеңін оқыды, К.Омаров,
Б.Молдахметов жастарға үлгі боларлық
дүниелерді айтты. Осындай шаралардың
жалғасын таба берсін деген тілегін жеткізіп,
Ж.Толыбаева жетекшілік ететін мектеп
ұжымына ризашылығын білдірді.
Достарыңызбен бөлісу: