Газет 1930 жылғы қарашаның 7 жұлдызынан шыға бастады Аудандық қоғамдық-саяси газет



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата09.01.2017
өлшемі2,76 Mb.
#1486
1   2   3   4

5

23 тамыз  2014 жыл

“Ауылына қарап азаматын таны”. Дəл осы сөздер тұп-тура мына біздің ауылға, облыс

орталығынан шалғайда жатқан, əсем табиғаты, түгін тартсаң майы шығатын шұрайлы

жері, дархан көңілді қазағы бар, алаштың небір аймаңдай ардақтылары дүниеге кел-

ген атамекенімізге арналғандай көрінеді.

Кезінде нарықтық заманның қамытын киген үлкен кеңшардан ана бір жылдары

қоныс аударушылар да көбейіп еді. Əлеуметтік-тұрмыстық, мəдени жағдайы жақсы

ортадан кімнің көшкісі келеді? Кейінгі кезде ауыл ахуалы да жақсара бастағандай.

Аты алысқа кеткен ауылдағы білімнің қарашаңырағы, іскер де білікті, алғыстан алқа

тағынған маман басшы басқаратын (жыл сайын аудандық, облыстық байқаулардан

бас жүлде иеленіп жүретін бас дəрігер С.Əлмаған биыл ҚР Денсаулық сақтау

Министрлігінің “Үздік ауыл дəрігері” номинациясын жеңіп алып, арнайы грамотамен

марапатталған) ауыл ауруханасы, халыққа қызмет көрсететін мекемелері бар

ауылымыздың жетістігі-бəріміз үшін қуаныш.

Жуырда ауыл халқы тағы бір игі істің куəсі болды. Ол-ауыл əкімі А.Ақатаев ба-

стап, көпшілік қостаған ауыл ортасынан салынған субұрқақтың ашылу салтанаты

еді. Субұрқақ салу идеясы жұртшылық тарапынан қолдау тапқаннан-ақ Алланың

рахымы мен мейірімі жауған ораза айында жұмысы басталып, бар-жоғы 18

күнде аяқталып, қасиетті айт мерекесінің алғашқы күнінде іске қосылған-ды.

Аудан əкімі Х.Мақсұтов арнайы келіп, халықты айтулы күнмен құттықтап,

субұрқақты іске қосу рəсімін атқарған. Сол жолы аудан басшысы өз сөзінде

мұндай сəні келіскен субұрқақтың аудан, облыс көлеміндегі ауылдарда жоқ

екенін тілге тиек еткен еді. Субұрқақ орталық саябақтағы Ұлы Отан соғысында

ерлік көрсетіп, оралмаған боздақтардың аты-жөндері жазылған ескерткіш-

тақта мен шаңырақ композициясының ортасына бекітілген ту тұғырдан 23 м.

биіктікте желбіреген еліміздің көкбайрағы арасындағы алаң алаңқайда

орналасқан.  Маңайы абаттандырылып, гүл егіліп, демалыс орнына

лайықталып жасалған.

Осындай көрікті орынның ашылуына орай жақында мерекелік кеш өтті.

Тамыздың тамылжыған кешінде əсем əннің əуенімен салтанатты шараны

жүргізушілер шежірелі шаһар Қарқаралының 190 жылдық торқалы тойымен

орайлас келген айтулы күнмен құттықтап, сөз тізгінін ауыл əкіміне берді.

А.Құдайбергенұлы осынау ізгі істе бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып

қолдау көрсеткен халыққа ризалығын білдіріп, алдағы уақытта да тізе біріктіре

отырып, атқарар шаралардың молдығын сөз етті. Бұдан соң көп балалы ана

А.Аубакироваға “Күміс алқа” табыстап, ақ тілекпен жеткізді. Субұрқақ салуға де-

меушілік жасағандар мен қолғабыс еткендердің еңбегі еленіп, Алғыс хаттар мен

сый-сияпаттар табыс етілді. Келесі кезеңде жиналғандар кешкі көрініспен

субұрқақтың қосылу сəтін тамашалады. Өнерпаздар кештің келбетін əн-күймен

əрлесе, ақ жаулықты əжелер шашу шашты. Еңбектеген сəбиден еңкейген кəріге

дейін бұл күні шат-шадыман күйде болды.

Соңы саябақтағы би кешіне ұласты. Бұл күні ауылдықтар үшін, тарихтың тағы бір

парағы ашылып, қатталды.

Бақтан “қайда бара жатырсың?” деп сұрағанда, “ынтымақ-бірлігі жарасқан елге ба-

рамын” деген екен. “Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер”. Кейінгі ұрпаққа аға

буыннан қалатын мұра-үлкендер  жасаған игі істер.

Ендеше, жақсы істің бастауында бір-бірімізге қолдау көрсетіп, туған жерімізді

көркейтуге үлес қосу-азаматтық парызымыз. Ауыл-алтын бесік, қазақилығымыздың

түп-тамыры. Сондықтан бірлігімізге, сенімімізге селкеу түспей, ел игілігі үшін атқарылар

жасампаз істер жалғасын таба берсін демекпіз.



Тұрсын Жақыпбекова.

Бесоба ауылы.

Б А С П А С Ө З

А Қ П А РА Т Ы

Қазақстан халқы Ассамблеясының

XXI сессиясының шешімдерін орын-

дау мақсатында 2014 жылғы 26 та-

мызда сағат 11.00-де

Ұлыбританияның Лондон қаласында

(33 Grosvenor Place, Belgravia, Lon-

don SW1X 7BH), Қазақстандық бей-

бітшілік жəне келісім орталығының

ашылу салтанаты өтеді.

Орталықтың ашылуы этносаралық

толеранттық жəне қоғамдық

келісімнің қазақстандық моделін

Еуропа елдерінде жылжытуға,

мемлекетаралық қарым-

қатынастарды нығайтуға, саяси,

сауда-экономикалық жəне білім беру

- мəдени ынтымақтастықтың басым

секторларында екіжақты

ынтымақтастықты кеңейтуге

қосымша серпіліс беруге

бағытталған. 

Орталықтың қызметі, сондай-ақ

ғылым мен білім кластерлерін құруға,

мəдениет, тіл жəне білім беру

салаларындағы жобаларды іске

асыруға бағытталған гранттар

бөлуге, британдық бизнесті ғылыми-

техникалық жəне зерттеу жобаларды

əзірлеуге жəне іске асыруға тартуға,

Қазақстан мен Ұлыбританияның же-

текші жоғарғы оқу орындарының

п р о ф е с с о р л ы қ - о қ ы т у ш ы л ы қ

құрамдарының өзара тəжірибе

алмасуға бағытталатын болады.

Ашылу салтанатына Қазақстан

халқы Ассамблеясы Төрағасының

орынбасары –Хатшылық меңгерушісі

Ералы Тоғжанов, «Қазақстан Қағазы»

АҚ-ның Директорлар кеңесінің

төрағасы, Ұлыбритания

Парламентінің Қауымдар

палатасының депутаты сэр Тони

Болдри, британдық инвесторлар,

ғалымдар, екіжақты ынтымақтастық

туралы келісімдердің шеңберінде

қарым-қатынас жүргізетін

компаниялардың өкілдері қатысады.

БАҚ-ты аккредиттеу 2014 жылғы 20

тамыздағы сағат 12-00 дейін

ainur.karbozova@kazembassy.org.uk

электрондық адресі бойынша

жүргізіледі

Анықтама телефондары: 

+7 7172 74-55-80

Ата қоныс -  Арқадағы, 

Шежірелі – Қарқаралы

Бəрекелді!

Жасампаз істер жалғасын табар


6

23 тамыз 2014 жыл

Биылғы жолдауында Елбасымыз  «Қазақстан-2050» Стратегиясы

– барлық саланы қамтитын жəне үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін

жаңғыру жолы» дей келе, білім саласына қатысты биік мақсаттар

қойды. Оның ішінде орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мек-

тептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жет-

кізу керек» деп нақты атап көрсетті.

Бүгінгі таңда білім беруді жаңғыртуға бағытталған тапсырмаларды

орындау барысында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда.Оның

дəлелі- ауданымыздың біршама мұғалімдері, мектеп басшылары

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Кембридж университетінің

Білім беру факультетімен бірігіп жасаған білім жетілдірудің деңгейлік

бағдарламалары бойынша білімдерін жетілдіріп  келіп, оқу-тəрбие

үрдісіне өзгерістер енгізуде.

Курс қытай данышпаны Конфуцийдің “ Маған айтсаң–

ұмытамын,көрсетсең -есімде қалады,ал өзіме жасатсаң – түсінемін”

деген қағидасына негізделеді.Курстан өту барысында тыңдаушылар

оқушыларға дайын дүниені айтып, баяндап, есепті шығарып бер-

мей, өз беттерінше ойланып шығаруға, ізденуге,еңбектенуге  жете-

леу жолдарын меңгереді. Сыныпта жағымды психологиялық орта

қалыптастыра отырып,оқушылардың білім алуға деген

қызығушылықтарын ояту, сəттілікке бағыттау жəне бірлескен

əрекеттерді қолдану арқылы сапалы білім беру тəсілдерін оқып-

үйренеді. Осылайша оқушының өзі ойланып алған  білімі ғана са-

палы əрі берік болатынын тыңдаушылардың өздері мойындайды.

Өйткені бұл курстың өзі жаңа тəсілмен жүргізіледі.Бір сөзбен

айтқанда, əлем өзгеруімен бірге біздің, ұстаздардың да өзгеруі тиіс

екеніне көздері жеткізіледі.

Осындай жаңа тəсілмен жүргізілетін деңгейлік курстардан Аппаз

аулындағы Рамазан Сағымбеков атындағы №18 орта мектептің  4

мұғалімі базалық ІІІ деңгей бойынша сертификатталған  болса,

қазіргі сəтте 1 мұғалім ІІ негізгі деңгей, ал 1 мұғалім 1 жоғары деңгей

бойынша курстардан өтуде. Мектеп басшылары үшін

ұйымдастырылған  алғашқы 9 айлық курстың тыңдаушысы болу

бақыты маған да бұйырды. Ұжым мүшелеріне осы курста алған

жаңашылдықтарды үйрету, оқу-тəрбие үрдісіне өзгеріс енгізу

мақсатында, əсіресе, ІІІ деңгей бағдарламасындағы білім берудегі 7

Модулді мұғалімдердің сабақтарда қолдануына жəрдемдесу негі-

зінде  əр модуль бойынша коучинг-сессиялар ұйымдастырылды.

Бастапқыда өзгеріске сескене қараған ұстаздарымыз осы күні

барлық модульдер бойынша түсінік алып, оны сабақта қалай

қолданудың жолдарын меңгере бастады. Мектептің даму жоспа-

рында проблема болып анықталған «Сыни тұрғыда ойлау арқылы

оқыту» тақырыбына сəйкес мұғалімдер сыни тұрғыда оқыту моду-

ліне басымдық беруді жөн көрді.. Сыни тұрғыдан ойлау-сынау, кем-

шілік іздеу емес. Сыни тұрғыдан ойлау- шындалған ойлау екенін

ұстаздар жақсы біледі. Оқушылармен оқу үрдісін дұрыс

ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сəйкес ойы шыңдалып,

белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сыни ойлана білген оқушы

білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын

қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен

қажеттісін алуға үйренеді. Мектеп ұстаздары əр сабақтарында

оқушыларын сыни ойлауға, əр берілетін ақпараттың неге осылай,

неліктен екеніне, себебіне үңіліп, дəлелді пікірлер айтуға

дағдыландыруды мақсат етіп отыр.  Мұғалімдер жаңаша  сабақ бе-

руде кластерлер, постерлар жасатып, сабақ соңында міндетті түрде

кері байланыстар орнатуда. Кері байланыстың өзі бірсарынды емес,

тақпақ, төрт  сөйлем, эссе, қос жазба күнделігі мен хаттар жазды-

рып алу арқылы жүзеге асырылуда.

Басқа мектептер мұғалімдерінің іс- тəжірибесімен бөлісу, өзара бі-

рігіп жұмыс жасау желілік қоғамдастық аясында іске асуда. Осы же-

лілік қоғамдастық аясында Қарағанды қаласындағы №36 мектепте

ақпан айында өзімнің тарапымнан семинар ұйымдастырылып, коу-

чинг өткізілді.  Мектебімізге  ауданымыздағы №1,4,8 мектептерден

І деңгей  курсынан өткен мұғалімдер  Əменова Айнагүл, Абдрахма-

нова Бақытгүл, Рысбаев Мақсаттар келсе, Қарағанды қаласындағы

№36 мектеп директоры, оқу ісінің орынбасары ІІІ деңгей бойынша

курстан өткен биология пəнінің мұғалімдері келіп шеберлік сабағын

ұйымдастырып, өзара іс тəжірибе бөлісу табысты жалғасын тапты.

Бұл жұмыс мұғалімдердің кəсіби даму деңгейінің жоғарылауына зор

септігін тигізетіні сөзсіз. 

Мектепке өзгеріс енгізу, мұғалімдерге қолдау көрсетіп, əдістемелік

көмек беруде мектеп басшыларына арналған курс

жаттықтырушыларының орасан зор көмегі болуда.

Жаттықтырушы,педагогика ғылымдарының кандидаты Алимов

Асхат Хамзаұлымен тұрақты түрде интернет-конференция

жүргізілуде. Жалпы курс идеясы, Lesson study зерттеу сабақтары

тақырыбында курс Асхат Хамзаұлы ұжымға келелі кеңестер беруде.

Сонымен қатар басшылар  курсында бірге оқыған əріптестермен же-

лілік байланыс жақсы жолға қойылған, үнемі интернет байланыстар

дамып келеді.

Наурыз айында мектептегі жүргізіліп жатқан өзгерістерді бағалау,

ұжым мүшелеріне курс жайында толыққанды  мағлұмат беру

мақсатында Алматыдан курс жаттықтырушысы Бипажанова Айман

Биахметқызы келіп, сабақтарға қатысты. Мұғалімдермен

кездесіп,кəсіби əңгіме жүргізді,əдістемелік көмек көрсетіп,нұсқаулар

берді. Нəтижесінде ұжымда болып жатқан өзгеріске жоғары баға

беріп, əлі де болса жұмысты тоқтатпай жүргізе беру керектігін айтты,

ұстаздар мен оқушыларға алғысын білдірді.

Əр мұғалім өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарап, жаңашылдықты

жатсынбай,сапалы білім беру мақсатында озық əдіс-тəсілдер

қолдану арқылы инновациялық өзгертулер енгізер болса,

шəкірттеріміздің болашағы жарқын болары сөзсіз. Əр сабақ, мек-

тепте өтетін əрбір  шара тек жоспарды орындау үшін емес, нəтижеге

бағытталғанда ғана жəне оны барша ұзтаздар, оқушылар, ата-ана-

лар біліп, бірігіп жұмыс жасағанда ғана табысқа жете аламыз.



Б.И.Көшенов.

БІЛІМ ЖүЙЕСІНДЕГІ 

ЖАңА ЖЕТІСТІКТЕР

Жайдарлы жазғы демалысым! 

Жаз айлары мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уакыт.Жазғы демалы-

ста мектепте əр түрлі үйірмелер ашылған болатын.Олардың ішінде кəсіби үйірмелер де ке-

лемдеушілерге өз есіктерін айқара ашты. Технология сабағынан беретін Қыстаубаева

Жанар да осындай кəсіби «Шебер қолдар» атты қолөнер үйірмесін ашып, өзінің іскерлік

шеберлігін бізге бар ынтасымен үйретті. Айта кетсек, ұстазымыздан биссерден əшекейлер

жасауды,тігін машинамен түрлі көрпешелерді тігуді,керексіз заттарға жаңа өмір беру жəне

тоқу өнерінің де қыр сырын үйрендік. Аз уақыт ішінде көптеген заттарды жасауды, тоқуды,

тігуді үйренгеніміз рас.  Үйірме жетекшісімен бірге мектепте шағын жəрмеңке

ұйымдастырдық. Жəрмеңкеде жасаған заттарымызды түгелдей дерлік мектеп ұстаздары

мен оқушылары арасында саудаладық. Жəрмеңкеден түскен ақша үйірмеге қажетті за-

ттарды сатып алуға жұмсалды. Бұл өте пайдалы іс болды деп санаймын. Өз басым жазғы

демалыста осындай керемет үйірмеге қатысып, уақытымды пайдалы өткізгеніме ризамын.

Балауса Аманкелді,

№9 орта мектепбінің 

8-сынып  оқушысы.

Жарлы ауылы.

Жаз жайнатып, күн күлдіріп

№14 орта мектеп жанынан құрылған “Ба-

лауса” жазғы сауықтыру лагері өз маусымын

сəтті аяқтады. Лагерь жұмысының негізгі

мақсаты мен міндеттері, оқушылардың де-

малысын ұйымдастыру үшін оптималдық

жағдай жасау, салауатты өмір салты

дағдысын қалыптастыру.  Лагерьге көп ба-

лалы жəне аз қамтылған оқушылардан он

бес бала жиналды.  Лагерь басталмас

бұрын осы оқушылар тізімге алынып,

дəрігерлік байқаудан өтілді.

Лагердің салтанатты ашылу рəсімі өтіліп,

ауылдағы мəдениет үйінің меңгерушісі Азат

Бейсенбеков оқушылардың лагерьде жақсы

демалуына сəт сапар тілеп, мереке

күндерімен құттықтады жəне өз демеушілі-

гімен концертке келіп отырған ең жас

бүлдіршіндерге сыйлықтар тапсырды. Ме-

рекелік бағдарлама əн-күй, биге ұласты.

Биші қыздар “Испан биі”, “Сарбаздар” биін

билесе, жас бүлдіршіндер үнді биімен

көрермендерді тəнті етті. Айзат, Күнзат “Ер-

тегілер елінде”, “Мəдина мен Перизат “Бала

тілегі”, Ділназ қазақ биін, Ж.Серік өз

шығарған өлеңін оқыды. Залға жиналған

барлық бүлдіршіндер мен жеткіншектерге

мектеп мұғалімдері мен ауыл əкімшілігі

азаматтарының демеушілігімен тəттілер

үлестірілді. Лагерь тəрбиеленушілеріне ме-

рекелік дастархан жайылып, соңы би кешіне

ұласты. Лагерь тəрбиенушілері “Жас қыран”

жəне “Солнышко” топтарына бөлініп,

ұрандары, əндері үйретілді. Күн сайынғы

жұмыс саптық жүрістен басталып отырды.

Халқымыздың салт-дəстүрлерін жас ұрпақ

бойына дарыту мақсатында “Қазағымның

дəстүрлері-ай” атты сайыс өткізілді. Осы

сайыс барысында үйренген ұлттық ойын-

дарды күн сайын ойнату дəстүрге айналды.

Жазғы демалыс кезінде оқушылардың

денсаулығын нығайту, өмір қауіпсіздігін

сақтауда “Жол тəртібін білейік” тəрбие

сағаты, “Қане, топтан оз” атты топ аралық

сайыстар өтілді. Туған өлкемізге саяхат жа-

салып, жер-су аттарының шығу тарихы

жайлы түсініктер берілді. Салауатты өмір

салтын насихаттау, денсаулықтарын

нығайтуда ауыл емханасына саяхат жа-

салды, ауыл дəрігері мен балалар медби-

кесі лагерь тəрбиеленушілерінің

салмақтары, бойларын өлшеп

тазалықтарын тексерді, тазалық сақтау,

жеке бас гигенасы жайлы жас ерекшелікте-

ріне сай кеңестер берілді.

Асханада дұрыс отыру, дұрыс тамақтану,

көпшілік ортадағы мəдениетті үйрену үшін

“Тамақтану əліппесі” атты шара өтілді.

Көркем əдеби кітаптарға қызықтыру, бала-

лар басылымдарына деген

қызығушылықтарын арттыру мақсатында

ауыл жəне мектеп кітапханашыларымен

тығыз байланыс орната отырып, “Тіл-ұлттың

жаны” тақырыбында мəнерлеп оқу сайысы,

“Ертегілер елінде” тақырыбында ертегілерді

сахналау ертеңгіліктері оқушыларды

өздерінің өнерлерін көрсетуге мүмкіндік

берді.

Өтілген күнделікті сайыс, шараларға



оқушылар толық қатысып отырды. Лагерь

жұмысын қорытындылауда ата-аналар мен

тəрбиеленушілер арасында сауалнама

жүргізілді. Сауалнама қорытындысының

нəтижесінің мониторингісі шығарылды. Ла-

герь асханасы мəзірі балалардың көңілінен

шықты. Күн сайын ыстық тамақпен бірге

салат, тəттілер беріліп отырды. Ата-аналар

аспазшыларға ас мəзірі үшін алғыстарын

білдірді.

Жазғы сауықтыру лагерінде жүргізілген іс-

шаралар үшін тəлімгерлер мен тəрбиешілер

жұмысы мектеп əкімшілігі жəне ата-аналар

тарапынан оң бағасын алды.



С.Мұқашева,

“Балауса” жазғы сауықтыру

маусымының жетекшісі.

22-23 шілде күндері Қарағанды облысы білім

басқармасының “Сарыарқа дарыны” аймақтық ғылыми-

практикалық орталығының ұйымдастыруымен “Таңшолпан” от-

басы типіндегі балалар үйінің “Жас дəурен” балалар сауықтыру

лагерінде “7 континент-7 капитан” ойын жəне шығармашылқ эстафетасы

өткізілді. Шілде айының жайма-шуақ күндерінде балалар арасындағы са-

лауатты өмір салтын насихаттау, оларды жүйелі түрде спортпен шұғылдануға

тарту жəне олардың шығармашылық қабілеттерін айқындау мақсатында

ұйымдастырылған эстафетаға “Таңшолпан” жəне “Құлыншақ” облыстық балалар

үйлерінің 7 командадан құралған тəрбиеленушілері белсене қатысты. “Музыка”, “Ме-

дицина” “Достық” “Тарих”, “Спорт”, “Өзен” жəне “Орман” континенттерінен құралған

эстафета балалардың жеңіске деген құштарлығын күшейте түсіп, командалық рухта-

рын нығайтты деп айтуға болады. Əр кезеңде 6 қатысушыдан құралған командалар өз

білімдері мен қабілеттерін паш етті. Əр кезеңде континенттердің атауларына сай команда

мүшелеріне тапсырмалар дайындалып, қазылар алқасы да құрылды. “Сарыарқа дарыны”

аймақтық ғылыми-практикалық орталығы жəне  “Жас дəурен” балалар сауықтыру лагерінің

қызметкерлерінен құралған қазылар алқасы жарыс қорытындысына сəйкес жеңімпаздарды

анықтады. Қызыққа толы сайыс нəтижелері бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

І орын- “Жас дəурен” балалар сауықтыру лагерінің ІІ жəне Vэкипаждары;

ІІ орын -“Жас дəурен” балалар сауықтыру лагерінің VI экипажы.

ІІІ орын - “Жас дəурен” балалар сауықтыру лагерінің ІІІ экипажы.

Жеңімпаздар Қарағанды облысының білім басқармасы жəне “Сарыарқа дарыны”

аймақтық ғылыми-практикалық орталығының арнайы  дайындап əкелінген дипломда-

рымен марапатталса, эстафетаға қатысқан əрбір балаға қазақ халқының салт-

дəстүрлері туралы кітаптар табысталды. Марапаттау рəсімінің соңында “Сарыарқа

дарыны” аймақтық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері мен “Жас

дəурен” балалар сауықтыру лагерінің балалары тамыз айында көріскенше деп қош

айтысты. 

Айта кететін болсақ, Қарағанды облысы білім басқармасының “2014 жылдың

жаз айларында облыстық балалар лагерінде өткізілетін спорттық жəне

шығармашылық іс-шаралар жоспарына” сəйкес тамыз айында “Жас

дəурен” балалар сауықтыру лагерінде 8-ден 13 жастағы балалар ара-

сында туристік слет өткізу жоспарланған.



Мəдина Мұратқызы,

Қарағанды облысы білім басқармасының

“Сарыарқа дарыны” аймақтық ғылыми-

практикалық  орталығының

əдіскері.

Каникул қызықтары



Эстафета

“7 КОНТИНЕНТ-7 КАПИТАН”



7

23 тамыз  2014 жыл

Халқымыздың сан ғасырдан бергі

даналығына құлақ ассақ, «Адамның

бақыты-балада» деген екен. Кез келген

адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын

бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі

өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мəн

бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын

байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі

даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен із-

дестіреді. Мұның бəрі түсінген адамға

қолдың кірі сияқты нəрсе. Адамға нағыз

бақытты-тəрбиелі ұрпағы ғана сыйлай

алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды»

деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай

болса адам өмірінің мəні – өз ұрпағы.

Шыр етіп сəби дүниеге келген сəттен ба-

стап ата-ана алдында нəзікте қиын, қыр-

сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.

Ол – бала тəрбиесі. Бала тəрбиесінде

алғашқы ұстаз – ата-ана. Бала үшін үй іші-

нен, ата-анадан артық тəрбиеші жоқ. Адам-

гершілік бауырмалдық, татулық,

қайырымдылық, əдептілік, инабаттылық

сияқты қасиеттер – жанұяда тəрбие балаға

сөзбен, теориямен дамымайды,

үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Əкеге қарап

ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді

халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-

ақ əр нəрсеге əуестеніп үлкендерге

көмектескісі келеді. Бұған кейбір əке-шеше

«жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді

бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін.

Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс

істеп жүргенде баланың қолынан келетін

ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне

көмектескен орынды. Тіпті балаға берген

тапсырмаңыздың аяғына дейін орында-

уына төзімділікпен бақылау керектігін де

ұмытпаған жөн. Осылайша баланың бірте-

бірте еңбекке деген болашағына жол ашы-

лады. Əрі істеген ісін ұқыпты да

тындырымды орындауына бағыт бересіз.

Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң

етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді

сыйлап, кез келген тапсырмасын

орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз

ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте

жауап беру немесе əділ талап қоя алмау

ата-ананың беделін түсіреді. Ата-ана –

бала тəрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан

əке де, шеше де балаларының жан

дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерек-

шеліктерді жете білгені жөн. Балалармен

əңгімелескенде олардың пікірімен де сана-

сып отырған орынды.

Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сыр-

ласа білмейтін ата-аналар «Екеуміз де

жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол

тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» де-

генді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен

сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің

қажеті жоқ. Əке мен шеше ұл-қыздарымен

үй шаруасында жүріп-ақ əңгімелесіп, ой

бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жан-

жал, үлкендердің аузына келген сөздерді

айтуы, баланың көзінше басқа

біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы

балаға теріс əсер етеді. Бала алдында əке-

шешенің, үй ішінің, үлкендердің əдептілік

танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен

темекінің толып жатқан зиянын біле тұра,

балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне

темекі тартатындар бар. «Көрінген таудың

алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер

жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен

темекінің зиянын қалай ұқтырамыз? Негізі-

нен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы

маскүнемдікке салынған немесе жарамдық

жағынан азғынданған ортада бала,

жасөспірім қашанғы жиіркенішті көріністі,

ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-

керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір

аңсайды немесе теріс жолға мүлде бет

бұрып кетсе, онда бəйтеректің бір бұтағы

қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз,

бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі

кінəні кімнен іздейміз?! Бұзақылықтың

басы бос жүруден басталады. Кейде

сабақты жиі қалдыруға əртүрлі сылтау-

ларды үлкендердің өзі үйретіп отырады.

Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп

отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. Жас

шыбықты қалай исең, солай өседі ғой.

Ия, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны

ілерсің» демекші ата-ана тəрбиесі бала

өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бо-

йына барлық жақсы қасиеттерді дарыту,

тіпті жанында жүрген достарына дейін мəн

беру, табиғат сыйлаған дарыны болса да-

мыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау –

ата-ананың басты парызы. Ендеше бала

тəрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнəрсе жоқ

жəне сол нəрседен де қателесуге қақымыз

жоқ. Бала – əр жанұяның бақыты. Олай

болса, өз бақытымызды бағалай білейік.



А.Сүлейменова,

мұрағатшы.                       


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет