Газет 1932 жылғЫ 12 СӘуірден шығады



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата04.02.2017
өлшемі10,99 Mb.
#3360
1   2   3

Б.ЖҮСІПАЛИЕВ,

аудандық мәслихаттың аппарат басшысы.

МӘСЛИХАТҚА МАҢЫЗДЫ 

МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛГЕН

1935  жылы    Қармақшы  ау да нының  №8 

Дауылкөл ауылына қарасты «Жаңа бақыт» елді 

ме кенінде    шаруа  отбасында  дүниеге  келген 

оның  балалық  шағы  Ұлы  Отан  соғысымен 

байланысты.  Өйткені  бала  Тұрабай  сол 

уақыттары  өзінің  құрдастарымен  бірге  бүгінгі 

заманның  балалары  сияқты  бақытты  өмір 

кешкен  жоқ.  Керісінше,  Отанын  қорғауға 

аттанған  ер-азаматтардың  орнын  басып, 

ауылдағы  барлық  жұмыстарды  атқарған  ана-

сымен  бірге,  жазда  егін  басында,  қыста  отын 

жинап  өсті.  Аналарына  көмектесе  жүріп,  ол 

ауыл  орталығындағы  №28  орта  мектептің 

бірінші  сыныбына  қабылданып,  оны  1953 

жылы бітіріп шықты.

Мектепті  тәмамдаған  соң  жас  талапкер 

Қызылорда  қалас ындағы  ауылшаруашылығы 

тех ни кумында  2  жыл  10  ай  бойы  «Ау ыл 

шаруашылығының  техника  механигі»  ма-

мандығы бойынша білімін жетілдіріп шығады.

Білімді  жас  маман  өзінің  алғашқы  еңбек 

жолын «Ақжар» МТС-да трактор бригадасының 

көмекшісі  болып  бастайды.  Сол  аралықта 

«Ақжар» МТС-ы тарап, оның орнына іріленген 

«Қазақстанның  30  жылдығы»  және  «Сталин» 

атындағы  ұжымшарлар  негізінде  «Ақжар  Қа-

ракөл» қой кеңшары болып құрылады және ол 

мемлекеттік ша руашылыққа айналады.

Содан  1957  жылы  мал  шаруа шылығын 

өркендетуге  арналған  сол  кеңшардың  №1 

фермасында трактор бригадасының бригадирі, 

ал  бір  жылдан  кейін  трактор  жөндеу  ор-

талығында  жұмысшылардың  ең бекақысын 

есептеу жөніндегі ма ман болып тағайындалады. 

Бұл қыз метте ол 3 жыл абыройлы еңбек етеді. 

Кейіннен бұл аталмыш кеңшар «Ақжар» күріш 

кеңшары  болып  қайта  құрылады  да  білікті  де 

еңбекке  деген  жауапкершілігі  мол  Тұрабай 

Сәметов кеңшар басшылығының ұйғарымымен 

1964 жылы шаруашылықтың №1 бөлімшесінің 

механигі,  ал  1966  жылы  шаруашылыққа  қа-

расты  мелиорациялық  то бын  2  жыл  басқарса, 

1969-1976  жылдары  аралығында  трак тор 

жөн деу  орталығының  мең герушісі  қызметін 

атқарады. Содан соң  шаруашылықтың ірі қара 

малы  фермасының  мал  ша руашылығындағы 

шөпшілер бри гадасын, №3 күріш бригадасында 

механик,  кейіннен  аталмыш  бригаданың  бри-

гадирі, сонымен бірге №1 күріш бри га дасының 

ме ханигі қызметтерін мінсіз атқарған.

Туған  елінің  тұрмыс-тіршілігінің  өсіп-

өркендеуі  жолында  өзінің  бар  саналы  өмірін 

сарп  еткен  ең бек  ардагері  Тұрабай  Сәметов 

1992  жылы  құрметті  зейнеткерлік  демалысқа 

шықты.  Ол  қазіргі  ауылдың  экономикалық 

және халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдай-

ларының  жақсаруына,  өзінің  алға  қойған 

мақсаттарының  іске  асырылуына  аянбай  тер 

төге қызмет еткен азаматтардың бірі.

Ол  туған  халқының  әлеуетін  көтеру 

мақсатында 2 рет ауылдық ке ңестің депутаты, 

қоғамдық  әкім шілік  ко миссиясының    төр-

ағасы,    ауылда  1984  жы лы  құрылған  еңбек 

кеңесі ұйымының ал ғашқы төрағасы болып бір 

ауыздан  сайланды.  1994  жылдан  2015  жылға 

дейін  21  жыл  ауылдық  ардагерлер  кеңесін 

бас қарса,  бүгінгі  күнде  ауылдық  ақсақалдар 

ке  ңе сінің  төрағасы  қыз  метін  абыройлы  ат қа-

руда.  Міне,  осындай  атпал  азаматтың  туған 

ел  алдындағы  тер  төге  еткен  ерен  еңбектері 

басшылық тарапынан ескеріліп, ол  бірнеше рет 

аудан  және  облыс  басшылықтарының    мақтау 

қағаздарын  иеленді. Сонымен қатар, ол өзі еңбек 

еткен  шаруашылық  басшылығының  бірнеше 

рет ал ғыстарына ие болса, кейіннен облыс тық 

және  аудандық  ардагерлер  кеңестерінің  алғыс 

хаттарымен,  мақ тау  қағаздарымен  және  1970 

жылы  «Лениннің  100  жылдығы»  медалімен 

марапатталды.

1964  жылы  Ақтөбе  ауылының  тумасы 

Тыныштық  Аманбалаевамен  отбасын  құрады. 

Бүгінде  сексеннің  біріне  шыққан  Тұрабай 

ақсақал кемпірі екеуі ұлдарын ұяға, қыздарын 

қияға  қондырып,  сол  ұрпағынан  өрбіген  24 

немере  мен  2  шөберенің  ортасында  бақытты 

ғұмыр  кешіп  отыр.  Тағдырдың  талай  тәлкегін 

бастан  өткерсе  де  жасымай,  балаларын 

қатарынан қалдырмай тәрбиелеп, өсірген олар 

осылайша көпке үлгі болған шаңырақ иелері.

Ақсақалдың  зайыбы,  «Алтын  алқа»  ие-

гері  Тыныштық  апамыз  жас  кезінде  шаруа

-

шылықтағы құ рылыс бригадасында, байланыс 



бөлімшесінде  түрлі    қызметтер  ат қарып,  зей

-

неткерлікке шыққан құр метті ардагер.



Ылғи  да  жастарға  батасын  беріп,  ақылын 

айтып  жүретін  ақсақал  биыл  сексеннің  біріне 

толып от ыр. 

-«Қарты  бар  үй-қазыналы  үй»  дегендей, 

өздерінің  бар  са на лы  өмірлерін  ұлт  бола-

шағына арнаған қазыналы қарттарымызға, бо-

лашағынан  зор  үміт  күттіретін  ел  жастарына 

әрдайым  Алла  тағала  қуат  беріп,  аман-есен 

жүре  берсін,-деген  тілегін  білдірді  баталы 

қария.


А.КЕТЕБАЙ.

ТӘЛІМДІ ЖОЛ

ТЕКТІЛІКТЕН ТУАДЫ

«Қарты бар ел-қазыналы ел» дегендей, Ақжар ауылдық ақсақалдар 

кеңесінің төрағасы, еңбек ардагері Тұрабай Сәметовтың есімі мен оның 

өнегелі еңбек және өмір жолы оның туып-өскен Ақжар ауылының ғана емес, 

киелі Қармақшы өңірінің барлық аймағының тұрғындарына жақсы таныс.

Әлбетте,  мен  де  солардың  қатары-

нан  екенімді  бі  лемін.  Өзгелер  сияқты  мен 

де  мектеп  табалдырығын  аттап,    бірінші 

сыныпқа бардым. Ол кез мен үшін бақытты да  

шаттыққа толы естеліктердің бірі болып қала 

бермек.

1972  жылдың  1  қыркүйегі  күні  марқұм 



әкем  екеуміз  оның  ақ  «Москвичіне»  мініп, 

қазіргі  Қорқыт  ата  көшесіндегі  бұрынғы 

Шоқан  Уәлиханов  атындағы  №26  орта 

мектепке келіп, алғашқы ұстазым Қамысбаева 

Бақыт  апайымның  отырғызған  партасына 

отырып,  барша қазақ баласы үшін ең ыстық 

кітап «Әліппені» қолыма алып, оның алғашқы 

бетіндегі  «А»  әрпін  үйренгенімді  қалай 

ұмытайын.

Содан кейін отбасылық жағдайымен басқа 

жерге  қоныс  аударған  Бақыт  апайымның 

орнына  бізге  сабақ  берген  жауынгер-

ақын,  ұлағатты  ұстаз  Сартай  Ибраев,    одан 

әрі  төртінші    сыныпқа  көшкенде    Сартай 

ағайымыздан  қабылдап  алған  әрі  көршім, 

әрі  сынып  жетекшім  Айзада  Танашева, 

содан  кейінгі  жылдары  оның  орнына  бізге 

жетекшілік  еткен,  балалық  еркеліктерімді 

көтеріп,  арқамнан  қағып,  ойын  мен  сабақты 

қатар алып жүріп, кейде алақ-салақ боп жан-

жаққа  шығып  кеткен    үстімдегі  киімдерімді  

түзеп,  маңдайымнан  иіскеп,  «Айналайын» 

деген  ақылшыларым  Гаухар  Бөлтірікова, 

Қазына  Ниетбаева,  Рыскүл    Шегеноваларды 

қалай ұмытайын.

Расында  да,  ауданымызда  тарихы  терең 

бойлаған қара шаңырақтардың бірі-№26 орта 

мектепте  қазіргі  уақытта  тәуелсіз  еліміздің 

өсіп-өркендеуіне  өздерінің  сүбелі  үлестерін 

қосып,  ел  құрметтісі    атанған    көптеген  ға-

лымдар  мен    ақын-жазушылар,  қоғам  және 

мемлекет,  өнер  қайраткерлері,  даңқты  сп-

орт шыларымыз  Әбдуәли  Жаназаров,  Қа-

ли  Шыңғысов,  Мит  Асқаров,  Гүлжаһан 

Кен  жебекова,  орденді  ұстаздар  Фазила 

Махамбетова,  Шәркүл  Әбдірахманова,  со-

нымен    бірге  Нәжмадин  Өсеров,  Көшер  Іс-

кендіров,  Тұрсынкүл  Құлымова,  Қуаныш 

Жәнібеков,  Ұмсын  Омарова  және  басқа  да 

ұлағатты ұстаздардан білім нәрімен сусындап, 

үлкен  жетістіктерге  қол  жеткізгендері 

көпке  мәлім.  Мен  де  жоғарыда  есімдері 

шәкірттерінің  әрбірінің  жүректерінде  алтын 

әріппен жазылып қалған ұлы есімдерден білім 

алдым.  Сондай-ақ,    жас  та  болса  олармен 

қоян-қолтық  еңбек  етіп,  бүгінде  құрметті 

демалыста  жүрген  менің  ұстаздарым    Рәзия 

Ерлепесова,  Талмаш  Жұмабекова,  Рау шан 

Байназарова,  Сағат  Бұқпанов,    сонымен  бір-

ге қазірг таңда сол аталмыш білім ордасының 

ақсақалы  атанып  жүрген  Ба лтабек  Шүлтіков 

сия қ ты  сала майталмандарымен бірге шәкірт 

тәрбиел еген  ұлаға тты  ұстаздардың    бі рі 

Гүлжаһан Әбді рахманқызы Ерқабылова.

Гүлжаһан  апай  біздің  мектептке    қай 

кезден бастап еңбек еткенін білмеймін. Бірақ, 

ол  мен  бастауыш  сыныпта  оқып  жүргенде 

бізге сурет сабағынан дәріс берді.

Қай  бала  сурет  салуды  ұнатпайды.  Мен 

де  өзге  оқушылар  сияқты      мектепке  барған 

әрбір  күнімде  Гүлжаһан  апайымның  сабағы 

болатын сағатты асыға күтіп,  қолыма  түрлі-

түсті қаламымды алып, мұғалимамның кіретін 

есігіне  қайта-қайта  қарайлап    отыратынмын.  

Міне, асыға күткен   менің апайым да сыныпқа 

кіріп,  шәкірттерімен    амандасқан  соң,  әдет-

тегідей    келесі  тақырып  бойынша  сабағын  

бастап  кетеді.  Осы  кезде  апайымызға    оның 

үйге  берген  тапсырмасын  асыға  көрсетуді 

тағатсыздана  күтіп  отырған    біздер  шу  ете 

қалып,  апайымыздың  сұрауынсыз    үйден 

салып  келген  суреттерімізді  мақтана  қалай 

орындап  келгенімізді    көрсете  бастаймыз. 

Айқай-шуға  еті  үйренген  апайымыз  бол-

са,  күле  жүріп,    бізді  тынышталдырып,  пар-

талар  арасын  аралап  жүре  бізге  берген    үй 

тапсырмасын    тексереді.  Әрбіріміздің  сал-

ған  суреттерімізге  баға  беріп,  оның  қалай 

салынғанын, дұрыс емес жерін өзі жөндемей, 

өзімізге    қайта  жөндетіп,  ақылын  айтып 

отыратын.

Иә,  Гүлжаһан  Әбдірахманқызындай  ұла-

ғатты ұстаз туралы естеліктер көп. Апайымыз 

біз  жоғары  сыныпқа  өткен  кезде    сызу  пәні 

бойынша  да  сабақ  берді.  Апайдың    өткізген 

әрбір сабақтары қызықты өтетіні соншалықты 

сы ныпта  отырған  оқушылардың  ды бысы 

шықпайтын.  Құдды  бір  үлкен    аудиторияда  

академиктен  дәріс  алып  отырғандай  бо ла-

тынбыз.


Иә.  «Қазақтың  қаны  бір,  жаны  бір  жол-

басшы-мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну 

дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы 

бас  қосса,  қадірлі  орын-мұғалімдердікі»  деп 

қазақтың кемеңгер ақыны  Мағжан Жұмабаев 

айтқандай,  ұстаз  мен  үшін  де  құрметті,  ар-

дақты.

Міне, сондай ұлағат иесі атанған, тек менің 



ғана  емес,  басқа  да  көптеген  шәкірттерінің 

жүректерінен  орын  алған  үлкен  ұлағатты 

ұстаз  Гүлжаһан  Әбдірахманқызының  өмір 

жолы ұзақ болмаса да біздей шәкірттері мен 

әріптестері үшін өнегеге толы. 

Апайым  бар-жоғы  62  жас  өмір  сүрді. 

Оның  жартысын    өзінің  бойын  дендеген 

нау қастықпен  күресумен  өтті.  Бірақ,  ол  сол 

ауыр дертке мойымай, онымен күресе жүріп, 

еңбек  етті.  Шәкірттеріне  саналы  тәрбие, 

сапалы  білім  беруде  аянбай  қызмет  етті. 

Сондай  ерен  еңбектің  арқасында  Гүлжаһан 

Әбдірахманқызы      тек  аудан,  облысқа  емес, 

республикаға  танымал  сала  маманы  атанды. 

Оның  шәкірттерге сапалы білім мен саналы 

тәрбие  берудегі  еңбектері  республикалық 

басылымдарда жарияланып,  арнайы кітаптар 

болып  басылып  шықты.  Методикалық-

әдістемелік  еңбектері  еліміздің  көптеген 

мектептерінде тәжірибе ретінде қолданылды.  

Ел  алдындағы  елеулі  еңбектері  үшін 

ұстаз  Гүлжаһан  Ерқабылова    Қазақстан 

Республикасы  Білім  және  ғылым  минис-

трлігінің  шешімімен    «Методист-мұғалім» 

және  «Еңбек  ардагері»  төсбелгілерімен  ма-

рапатталды. Бірнеше рет облыстық, аудандық 

әкімдіктер  мен    салалық  басшылықтарының  

құрмет  грамоталарына,  алғыстары  мен  ма-

дақтамаларына   ие болды.

1992  жылы      кент  орталығында  жаңадан 

пайдалануға берілген  Омар Шораяқұлы атын-

дағы  №30  орта  мектепке  ауысып,    бұл  білім 

ордасында да көптеген талантты шәкірттерді 

білім  нәрімен  сусындатып,  олардың  өмірден 

өз  орындарын  табуларына  еңбек  сіңірді. 

Абырой биігінен көрінді.

Гүлжаһан  Әбдірахманқызының  от ба сы-

лық  өмірі  де  өзгелерге  өнеге  болды  десек 

артық  айтпаған  болар  едік.  1980  жылы  

өмірлік  жары  Мәжит  ағамызбен  бірге  отау 

құрып, 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірді.   

Бүгінде  ұл-қыздарының  үлкені  Жан-

зия  Төретам  кентіндегі  №80  мектеп-гим-

назиясында  анасының  жолымен    ұстаздық  

мамандықты  таңдап,  шәкірт  тәрбиелеуде. 

Екінші  қызы  Мөлдір    Байқоңыр  қаласында 

ішкі істер бөлімінде қызметкер.

  Ал,  ұлдарының  үлкені  Нұрлыбек  пен 

оның жары Айсұлу  отбасының түтінін түтетіп 

отыр.  Шұғыла мен Дидар деген екі бүлдіршін 

өсіп келеді. Сондай-ақ, апайдың кіші ұлдары 

Ер жан мен Нұржан газ саласының мамандары. 



Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.

ҰСТАЗ БАҚЫТЫ – ШЫҢДАҒАН ШӘКІРТІ



«Ұстаз-ұлы есім» демекші, адамзат баласы үшін өздерін үкілеп өсірген  

ата-анасынан  кейінгі ең қадірлі де қастерлі тұлға ол әрине-ұстаз.

Расында да, біздер жер бетінде мекен еткен әрбір адам  сол 

ұстаздардан білім алып,  өздеріміз өмір сүріп жатқан қоғамнан ойып 

орындарымызды сайлап аламыз. 

Тағзым

Оның бір айғағы-Қарттар 

мерекесі 

қар са ңында 

«Атамұра»  ке шені  жанын-

дағы  жеке  кәсіпкер  Боран-

баева  Жанат  Қа ра   тайқызы 

Жосалы  кентінде  тұратын 

кө  мекке  аса  мұқтаж  жал-

ғызбасты  12  қартқа    көмек 

көрсетіп,  азық-түлік  тарат-

ты. Жомарт жан қарт ана лар

-

дың  иығына  орамал  жауып, 



оларға игі тілегін жеткізді. 

-Елбасы мыз дың  баста-

масымен  әркез  елі міз де  ар-

дагерлерге құрметтер көрсе-

тіліп,  олар дың  еңбек  және  өмір  жолдары  жас  ұр паққа  наси-

хатталуда. Біз қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткіздік. Десем 

де, бүгін гідей тәуелсіз Қазақстанды көзбен көріп, онда ғұмыр 

кешіп    отырғанымызға  бақыттымыз.  Қарттар  мерекесінде 

біздерді елеп-ескергені үшін Жанат қызымызға алғысымызды 

білдіреміз.  Кәсібіне  нәсіп,  деніне  саулық  тілейміз,-дейді 

89  жастағы  тыл  және  еңбек  ардагері  Зинаида  Матюхина 

жүрекжарды лебізбен.



С.АҚКІСІ. 

Қ.ЖАУЛЫБАЙҰЛЫ (сурет).

Қайырымдылық-қазақ 

халқының қанында әу баста 

бар қасиет.  Осы бір жан-

жүрек қалауымен,  мейірім 

пейілмен жасалатын сый-

сияпат пен құрмет бүгінгі 

күні де толастаған 

емес.

Мұндай 


сәтте әсте қарап 

тұруға бол  май тынын 

жақсы тү сінген ауыл 

әкімі Орынбек Мұнарбаев, 

«Ақ төбе и К» ЖШС мен 

«Қармақ шы тех сер вис» меке ме-

сінің қызмет кер лері Нұрхан Мадия-

ров пен Ідіріс Мереков бірлесіп, Жоса-

лы кентінен арнайы өрт сөндіру жасағы 

келгенше тілсіз жаудың бетін қайтаруға 

іске көшеді. Ауыз су қоймасынан оқтын-

оқтын су жеткізіп, өршіп тұрған өрт тің 

жолын кесуге жұ мыс жасайды. Қиын 

кезде ауыл тұр ғындары да қол қусырып 

қарап қалған жоқ. Қол көмектерін беріп, 

өрттің жайылып кетпеуіне септігін 

тигізді. 

-Аудандық өрт сөндіру 

бөлімінің қызметкерлері біз 

қоңырау шалған нан кейін 20 

минөт ішінде жылдам келіп 

жетті. Бірақ өрттің аты өрт қой. Бір 

пәсте біраз жерді жайпап кетеді емес 

пе?! Дер кезінде тілсіз жаудың беті 

қайтпағанда сол күнгі дауылды жел 

үлкен көше бойын дағы үйлерге зиянын 

тигізген болар еді. Бақытымызға қарай 

бәрі де жедел түрде атқарылып, қатерлі 

өрттің алды алынды. «Жұмыла кө тер  ген 

жүк жеңіл» дегендей, осы бір сындарлы 

кезде азаматтық танытып, атсалысқан 

жандардың бар лығына ауыл тұрғындары 

атынан алғы сымды айтамын,-дейді 

ауыл әкімі Орынбек Жұмағалиұлы риза-

лықпен. 

Өрт қызметі-әлемде аса қауіпті 

мамандықтар қатарынан 

есептеледі. Олардың әрбір 

күні сын-қатерлерге толы. 

Алаулаған өрттің 

арасында жүріп 

өз өмірлерін 

қатерге тіккен 

азаматтардың 

жанқилы жұмыс

-

тар ын ешкім де 



оңай деп айта алмас. 

20 минөт ішінде Ақтөбе 

ауылына шұғыл жетіп, дер 

уағында өртті ауыз дықтаған 

аудандық өрт сөндіру бөлімінің 

қарауыл бастығы, лейтенант Ай-

болат Ілиясов, бөлімше  командирі, 

аға сержант Серік Төре жанов, аға өрт 

сөндіруші, сержант Асылбек Сра-

жанов, өрт сөндіруші, кіші сержант 

Рүстем Әбжәлиев, жүр гізуші, кіші 

сержант Абытбек Дәу леттерге ауыл 

тұрғындарының ал ғысы шексіз. 

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ.        

«Апат айтып 

келмейді» демекші, жуыр-

да Ақтөбе ауылының Н.Сералиев 

көшесіндегі үй қораларының бірінен 

өрт шығып, тұрғындарды біраз 

әбігерге түсірді. Аталған көшеде 

70-тен аса үй орналасқан. Оның 

үстіне бұл күні ауа-райы 

да қолайсыздық таны-

тып, қатты дауыл-

ды жел тұрған 

еді.

Cәрсенбі 

күні  аудандық  ішкі 

саясат бөлімінің мем лекет-

тік  тапсырысы  шеңберінде 

«Қар мақшы  Жастары»  жастар 

қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастар арасында дене мәдениеті мен спортты, салауатты өмір салтын насихат-

тау, жастардың дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, жастарды ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында  

«Жастық жігер жалында» тақырыбында 14-29 жас аралығында аудан жастары арасында  шағын футбол сайысы болып өтті. 

Сайысқа «Әбдікешов», «Қайсар», «Барыс», «Сұңқар», «Томанов», «Иманәлі» және «Тұлпар» командалары қатысып,  І орын  

«Әбдікешов», ІІ орын  «Сұңқар», ІІІ орын «Томанов» командалары иеленіп, жеңімпаз топтарды «Қармақшы Жастары» жастар 

қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Маханова диплом мен бағалы сыйлықтармен марапаттады. 

Сонымен  қатар,  ойын  алаңында  жақсы  ойын  көрсеткені  үшін  Қуаныш  Тәтімбетов,  Жандос  Жанаев,  Біржан 

Шалқарбаевтарға  алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.



Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ.  

Құттықтаймыз!



ҚАРМАҚШЫ

таңы


4

1 қазан, 2016 жыл

Бас директор 

Аманжол ОҢҒАРБАЕВ 

 ______________

Қармақшы аудандық 

“Қармақшы таңы” газетінің редакциясы 

Бас редактор 

Алтай ҮСЕНОВ

Телефондар:



Бас директор – 8(7242) 70-00-36

Бас редактор – 2-17-84

Бас редактордың орынбасары – 2-14-59

Жауапты хатшы – 2-16-01

Мекен-жайымыз: 120500, Қызылорда облысы, Жосалы кенті, Қорқыт ата көшесі №3 үй. E-mail: karm_tany@mail.ru

Меншік иесі: 

жауапкершілігі шектеулі 

серіктестігі

Таралымы 4406

Тапсырыс 1166

Кезекші редактор Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА.

1 қыркүйек

1 қараша

Көркейту, көгалдандыру және санитарлық 

тазалықтың 2 айлығы

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз-Ұстаздар күнімен құттықтаймыз! 

Бұл  дәстүрлі  мереке-табиғи  дарын,  ізгілікті  ізденіс  пен  ерен  еңбекті    ұштастырған  шын  ұстаздың  көңілге 

жылы шуақ орнатып, тоқтаусыз жылдар тізбегіндегі ерекше сәттерді, қызу еңбекті еске түсіретін шырайлы 

күн.

Елбасының айрықша көңіл бөлуі нәтижесінде талай жасампаз жоба мен жаңа бастамалар қолға алынып, білім 

саласын дамытуға барлық жағдай жасалып келеді. Оның барлығы білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті 

нығайтуға, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуға ықпал ететіні сөзсіз. Олай болса, берекелі күздің 

шуағымен  қатар  келген  ізгі  жандардың  мерейін  асқақтатар,  абыройын  асырар,  еңбегіне  өлшеусіз  баға  берер 

шалқар сәтте ұлағатты ұстаздардың құрметі де арта бермек. Мемлекетімізде егемен еліміздің болашағын ойлай-

тын, тәуелсіздігін қорғайтын, бәсекеге қабілетті, білімді ұрпақ тәрбиелеуде Сіздердің ерен еңбектеріңіз жоғары 

бағаланып келеді. Қашанда көк туымыз көкте  желбіреген Мәңгілік елдің ұландарын білім нәрімен сусындатып, 

өнегелі тәрбие берудегі еңбектеріңіз жана берсін. Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұстаздары жасай берсін!

Сіздерді  мерейлі  мерекелеріңізбен  шын  жүректен  тағы  да  құттықтай  отырып,  зор  денсаулық,  ұзақ  өмір, 

қажымас қайрат, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке мен шаттық тілейміз!

Б.ДҮЙСЕНБАЕВ, 

аудандық білім бөлімінің басшысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ж.МОЛДАБАЕВА, 

аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ

комитетінің төрайымы.

Аудандық  білім  бөлімінің  ұйымдастыруымен 

Қармақшы  және  Байқоңыр  қалаларынан  16 

көшбасшы іріктеліп, Көкшетау қаласында болып 

қайт тық.  Республикамыздың  түкпір-түкпірінен 

дарынды көшбасшылардың басын қосқан бұл ау-

ысым  керемет  қызық  тарға,  ерекше  естеліктерге 

толы  болды.  Бұл  съезд  «Балдәуренде»  демалған 

әрбір  баланың  патриоттық  сезімін  оятып, 

көшбасшылық  қабілетін  арттырып,  болашаққа 

бағыт таңдауына үлкен әсерін тигізді.

«Балдәурендегі»  алғашқы  күндерден-ақ  мен 

үшін сәт ті ліктер басталып кеткен болатын. Ауы-

сым басында балдәурен діктердің шешімі бойын-

ша өзін-өзі басқару ұйымы құрылып, ауысымның 

президенті  мен  министрі  тағайын далды.  Сай-

лау  нәтижесі  бойынша  9  ауысым  министрі  бо-

лып  сайландым.  Осы  сәттен  бастап    мен  үшін 

орталықтағы және өзін-өзі басқару ұйымындағы 

жауапкершілік  арта  түсті.  Шығар машылық 

конкурстарға  белсене  қатысып,  «Жазушылар» 

байқауында  1  орын  иелендім.  «Көшбасшы  ба-

стамасы-2016»  байқауында  белсенділік  таны-

тып,  «Балдәурен»  өмі ріне  жанашырлықпен 

қарап,  патриоттық  қабілетімді  көрсетіп,  да-

рынды  да  өнерлі  көшбасшылар  арасында  көзге 

түсіп,  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  қолдауымен 

құрылған  «Жас  Патриоттар  Академиясы-

на»  қабылданып,  арнайы  сертификаты-

мен,  куәлігімен,  медалі мен  және  ар-

найы  сыйлығымен  марапат талдым.  Ау-

ысым соңында өзін-өзі басқару ұйымында 

атқарған  қызметім  мен  шығармашылық 

ізденісім және үздік нәтижем үшін орталықтың 

арнайы құрмет грамотасын иелендім. 

Балдәурен РОСО-ндағы демалыс естен кетпес 

естеліктерге  толы  болды.  Көшбасшылардың  ба-

сын қосқан бұл ауысым ұйымдастырушы ұстаздар 

мен орталық жетекшілерінің де көңілінен шықты. 

Осындай жетістіктерге ие болып, мектебімнің 

атын  шығару  менің  арманым  еді.  Армандарым 

орындалды.  Мақ сат  тарыма  жету  жолындағы 

жеңіс  терім-білім  нәрімен  сусын

 

датқан  ұстаз-



дарым  ның еңбегі.   

Біз  үшін  керемет  демалыс  ұйымдастырған 

«Балдәурен» РОСО-на, онда демалуға мүмкіндік 

жасаған аудандық білім бөліміне және маған үлкен 

үміт  артып,  мол  сенім  білдірген  Ү.К.Томанов 

атындағы №183 орта мектебіне, ұстаздарым мен 

ата-анама  ерекше  ризашылығымды  білдіріп,  ал-

ғы сымды айтамын.

Болашақ біз сияқты жалынды жастардың қо-

лын да. Бә се кеге қабілетті жастар барда елі міздің 

ертеңі жарық, бола шағы жарқын, келешегі кемел 

болмақ.


Мөлдір ТӨЛЕГЕНОВА, 

№183 орта мектебінің 

10 сынып оқушысы.

АРМАНДАР


 

О Р Ы Н Д А Л А Д Ы

ӘРБІР ІСТЕРІ ЕРЛІККЕ ТОЛЫ

Құрметті ұстаздар! Қадірлі сала ардагерлері!

С  п  о  р  т

О қ и ғ а

ЖАСЫЛ  


АЛАҢДА ЖАСТАР 

БӘСЕКЕСІ


ҚАМҚОРЛЫҚ – ҚАРИЯЛАРҒА

Б а л д ә у р е н

«Балдәурен»-балалар 

армандарының аралы, кез кел-

ген демалушысының өнерін өрлетіп, 

шығармашылығын шың да тып, дары-

нын даралап, білімін биіктететін, со-

нымен қатар, сауық тыру шараларын 

ұйымдастыратын респуб ликалық орталық. 

«Балдәуренде» демалу-өз кезегінде үлкен 

бақыт. Осынау орталықта болу бақыты 

маған да бұйырды. Жазғы демалыс  

уақытында «Балдәурен» РОСО-нда 9 ауы-

сым бағдарламасы бойынша «Болашаққа 

қадам» атты жас  көшбасшылардың 

республикалық съезі болып өтті.

Газет Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінде 19.06.2014 ж. қайта тіркеліп

№14407-Г куәлігі берілген. 

“Қармақшы таңы” аудандық газеті ӘР СТ ИСО 9001-2009 “Сапа менеджменті жүйесі” 

талаптарына сәйкес сертификатталған. 

Газет әр аптаның сейсенбі, сенбі күндері шығады 

Қолжазбалар өңделеді және кері қайтарылмайды.

Жеке авторлардың пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасын білдірмейді. 

Газет редакцияның компьютер орталығында теріліп, 

беттеліп, “Сыр медиа” ЖШС баспаханасында 

басылды. Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан 

көшесі, 4. Газеттің таралымы бойынша Қармақшыда 

2-16-01 және 8(7242)-70-14-08 телефондарына 



хабарласуға болады.

Бүгінде ауданда жүргізіліп жатқан санитарлық тазалықтың екі айлығына 

Қармақшы аудандық №5 өрт сөндіру бөлімі ұжымы да белсене атсалысуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет