E
-m
ai
l:
k
ar
at
ob
e_
on
ir
i@
m
ai
l.r
u
Газет 1936 жылғы 16 наурыздан
шығып келеді
АуДАНДыҚ ҚОҒАМДыҚ-САЯСИ ГАЗЕТ
Жұма, 27 ақпан 2015 жыл №8 (7127)
Ауылдар
арасындағы
достықты нығайтып, өзара
тәжірибе алмасып, жастарды
татулыққа,
ұйымшылдыққа
шақырған мегажоба шарасы
қос
ауылдың
ынтымағын
нығайтқандай әсер қалдырды.
Қоскөл ауылдық округінің
әкімі Айбат Омаров бастаған
топ, достықты мақсат еткен
жусандыойлық
делегацияны
ауыл шетінен ақ дәм ұсынып
құшақ жая қарсы алды.
Жусандыойлық
қонақ-
тар
алдымен
Қоскөл
ауылының мәдениет үйінің,
кітапханасының,
мектебінің,
«Қарлығаш» балабақшасының,
ауылдық
амбулаторияның
жұмыстарымен танысты.
Ел бірлігін, татулықты әңгіме
өзегіне айналдырған дөңгелек
үстел отырысында Жусандыой
ауылдық округінің ардагерлер
кеңесінің төрағасы Болатжан
Бекмағамбетов,
аудандық
мәслихаттың депутаты Сырым
Оразов, аудандық Ассамблея
мүшесі Ирина Петровна, Қоскөл
ауылдық округінің ақсақалдар
алқасының төрағасы Қажығали
Мұқанов,
“Алтын
алқа”
иегері, батыр ана Ұмсындық
Сағынғалиева ұлттар достығы,
Елбасы саясаты турасында сөз
қозғады.
Мегажоба
эстафетасы
аясында екі округ жастары
арасында
волейбол
ойынынан жолдастық кездесу
ұйымдастырылып,
салауатты
өмір салтын ұстанған ауыл
жастары тамаша ойын өрнегін
көрсетті.
Бейбітшілік
пен
келі-
сімді
насихаттаған
шара
жусандыойлық
көркем-
өнерпаздардың
мерекелік
концертімен жалғасты. Шара
соңында сахна төріне көтерілген
Жусандыой ауылдық округінің
әкімі Талап Қазиев Қоскөл
ауылдық
округінің
әкімі
Айбат Омаровқа «Бейбітшілік
пен келісімнің жол картасы»
эстафетасын және Ассамблея
туын салтанатты түрде табыс
етті.
Серікбай ХАСАНОВ,
«Қаратөбе өңірі»
Болатжан
БЕКМАҒАМБЕТОВ,
Жусандыой ауылдық
округі ардагерлер кеңесінің
төрағасы:
–
Бірлігі берекелі, тірлігі
мерекелі, ынтымағы жарасқан
елдің ғана ырысы мен табысы
мол болады демекші, бірлігіміз
бекем, елдігіміз қуатты болсын.
Таныс-біліс көршілес мекенде
тұрамыз. Татулық тінін нығайтып
бейбіт заманда ынтымағымыз
жараса берсін. Халқымыз аман,
мерекеміз көп болсын.
Мегажоба эстафетасы
жалғасуда
Өткен аптада Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында ынтымақты
ту еткен «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» эстафетасын Жусандыой
ауылдық округі Қоскөл ауылдық округіне табыстады. Татулық пен келісімді
дәріптеген мегажоба шарасына аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абат
Зейнуллин қатысты.
ҚР Президенті 26 сәуірде кезектен тыс президенттік
сайлау өткізу туралы Жарлыққа қол қойды
ҚР Президенті 26 сәуірде кезектен тыс президенттік
сайлау өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бүгін Қазақстан
халқы Ассамблеясының кезектен тыс президенттік сайлау
өткізу бастамасына орай халқымызға үндеу жолдаған Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Бүгін мен Сенат, Мәжіліс басшыларымен, Премьер-
Министрмен, Конституциялық кеңес төрағасымен кеңес
өткіздім. Таяуда Сенат төрағасының сауалына орай
Конституциялық кеңес кезектен тыс президенттік сайлау
өткізуге қатысты түбегейлі түсініктеме берді», - деді Елбасы.
ҚР Президентінің атап өтуінше, президенттік және
парламенттік сайлау өткізудің күнтізбелік мерзімі 2016 жылға
сай келеді. Ал мұндай жайтқа еліміздің Ата заңы жол бермейді.
«Менің Мемлекет басшысы лауазымындағы конституциялық
өкілеттігім де 2016 жылы аяқталады. Халық екі ұсыныс
айтуда. Біріншісі - ел президентін кезектен тыс сайлауын
өткізу. Екіншісі - Президент өкілеттігі мерзімін ұзарту туралы
референдум өткізу. Екі ұсынысты да жүзеге асыруға болады.
Дегенмен, Конституция талаптарына сай келетін ең дұрысы
сайлау өткізу болып саналады», - деді ҚР Президенті.
Елбасы сондықтан да халық мүддесін, олардың өтініштерін
ескере отырып кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы
шешім қабылдағанын атап өтті.
«Мен негізгі заңды мүлтіксіз орындау үшін және ел
Конституциясының 41-бабы 3.1-тармағына сәйкес 2015
жылдың 26 сәуіріне кезектен тыс президенттік сайлауды
тағайындау туралы Жарлыққа қол қойдым. Қазақстан үшін
сайлау әруақытта да қоғамдық бірлік пен келісімнің жоғары
тетігі болды. Қазірде және алдағы уақытта да солай боларына
сенімдімін. Сайлау - бұл конституциялық патриоттық акт. Оны
заңнамаға сәйкес ашық әрі әділ өткізу қажет. Отандық және
халықаралық байқаушылар кеңінен қатысуы тиіс. Алдағы
сайлауға өзімнің қатысуыма байланысты шешімді мен сәл
кейінірек еліміздің Конституциясына және заңдарына сай
қабылдаймын», - деді Н.Назарбаев.
Астана. 26 ақпан. Baq.kz – «Нұр Отан» партиясы
Төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының
кезекті XVI-шы Съезін шақыру туралы қаулыға қол
қойды деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.
Съезге еліміздің барлық өңірлерінен 1200-ден астам, оның
ішінде облыстық мәслихаттардағы партияның депутаттық
фракциясының жетекшілері, шалғай ауылдардың өкілдерін
қосқанда 200-ден астам бастауыш партия ұйымдарының
төрағалары, сондай-ақ, 100-ден астам ардагер мен партия
белсенділері бар делегаттар қатысады деп жоспарлануда.
Партия жарғысына сәйкес 26 ақпанда бастауыш партия
ұйымдарының жиындарында, партияның аймақтық және
өңірлік филиалдарының конференцияларында «Нұр Отан»
партиясының кезекті ХVІ Съезіне делегаттарды ұсыну
басталады.
Бұл туралы өңірлермен өткен селекторлық кеңес барысында
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары
Бауыржан Байбек хабарлады.
БҚО облыстық тарихи-өлкетану музейінде
Ресей елінің Санкт-Петербург қаласындағы балауыз
мүсіндер мұражайынан келген «Аңыздар мен
атақтылар» атты көрме ашылды.
Көрмеге Гиннес рекордтар кітабына енген
әлемге әйгілі тұлғалар, ұлы саясаткерлер, орыс
ертегілері мен фильм кейіпкерлерінің елу мүсіні
қойылған. Ондағы кейбір мүсіндер тірі адамдай
көрініп, ерекше әсер қалдырады. Балауыз мүсіндер
мұражайының көрмесі музейге келушілер үшін бір
ай бойы ақылы түрде қызмет көрсетпек.
*
*
*
*
ЕЛ ЕНДІКТЕРІНДЕ
қоғам
Жұма
27 ақпан 2015 жыл
Бұл байқаудың басты мақсаты
Қазақстан Республикасы әлемде
ең алғашқы мемлекеттердің
бірі болып сырттан келген
басқа ұлт өкілдеріне алтын
бесік болғандығын ұғындырып,
оқушыларды
патриотизмге,
елін,
жерін
сүюге
және
халқын құрметтеуге, басқа ұлт
өкілдерінің мәдениетін, әдет-
ғұрпын сыйлауға тәрбиелеу
еді. Байқауға оқушылар тың
дайындықпен белсене қатысып,
басқа ұлт өкілдерінің өмірімен
танысты. Нәтижесінде бас
жүлдені 9-сынып оқушылары,
шешен ұлты еншілесе, І орын 10
сынып оқушылары кәріс ұлтына,
ІІ орын 8-сынып оқушылары,
ұйғыр ұлтына, ІІІ орын 7-сынып
оқушылары,
тәжік
ұлтына
тапсырылды. Басқа ұлт өкілдерін
таныстырған өзге сыныптар
түрлі
номинациялармен
марапатталды.
Айгерім ДАСТАНОВА,
Қаракөл ЖОББМ бала-
бақшасының 8-сынып
оқушысы
Қаратөбе
балалар
мен
жасөспірімдер
саяхаты
және
экология
орталығы
оқушыларға шаңғы тебудің
күрделі техникасын үйрету
және категориялы жорықтар
ұйымдастыруды
дәстүрге
айналдырып келеді.
Жақында
орталықтың
педагогтары
мен
үйірме
оқушылары туризм саласы
бойынша
ұйымдастырушы-
педагогы
Мұхтархан
Жұмағалиевтің жетекшілігімен
Қаратөбе-Жусандыой-Ханкөл-
Бұлдырты-Көгеріс-Сырым
бағыты бойынша І дәрежелі
қиындықтағы шаңғы жорығы
ұйымдастырылды.
Жалпы маршрут қашықтығы
155 шақырымды қамтыса, саяхат
ұзақтығы 5 күнге созылды.
Жорық кезінде педагогтар
мен
оқушылар
маршрут
картасындағы елді мекендерде
оқушылармен кездесіп, шаңғы
тебу техникасын көрсетті.
Жорық 16-18 ақпан күндері
шаңғы туризмі техникасынан
оқушылар арасында оздырылған
облыстық «Ақшақар – 2015»
жарысымен жалғасын тапты.
Шара
қорытындысында
үйірме оқушылары (жетекшісі
Ж.Князбаев)
13
аудан
командалары арасынан жалпы
командалық есеп бойынша
жүлделі I орынға ие болып,
облыстық білім басқармасының
дипломы
және
кубогымен
марапатталды.
Айнұр САРы,
Қаратөбе балалар мен
жасөспірімдер
саяхаты және экология
орталығының әдіскері
Мерзімінен бұрын Президент
сайлауын өткізу туралы Қазақстан
халқы Ассамблеясының Үндеуіне
«Нұр Отан» партиясы және
еліміздегі басқа да саяси партиялар
мен бірлестіктер, республикалық
ардагерлер
ұйымы,
қоғам
қайраткерлері қолдау көрсетіп
отыр.
Президент сайлауын биыл
өткізуді ел халқы да қолдауда.
Елдің кемел келешегі үшін
маңызды бастама Қазақстан
халқы Ассамблеясы мүшелерінің
үндеуіне мен де қосыла отырып
мерзімінен бұрын Президент
сайлауын өткізуді қолдаймын.
Елдің
экономикасы
мен
әлеуметтік тұрмыс жағдайын
арттыру,
елді
гүлдендіру
мақсатында
алда
тұрған
үлкен міндеттерді ел халқы
Президентімізбен бірге абыроймен
атқаруда.
Еліміз
тәуелсіздік
алғаннан
бері
Елбасының
салиқалы саясатының арқасында
елде қыруар жұмыстар жүргізіліп
келеді. Президент сайлауының
осы жылы өткізілуінің ел үшін
маңызы зор деп ойлаймын.
Орынғали ЕРМЕКҚАЛИЕВ,
Қаратөбе аудандық
ардагерлер кеңесінің төрағасы
Ел келешегіне арналған
игі бастама
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай мектебімізде
«Қазақстан-достық мекені» атты тақырыпта сынып жетекшілері
бірлестігінің жетекшісі Гүлзия Рамазанова ұйымдастыруымен 1-11 сыныптар
байқауы өткізілді.
Қазақстан – достық мекені
Нәтижелі істер
–
жетістіктер бастауы
Қыс мезгілі – өзіне тән
қызықтарымен көңілді.
Қыс қызықтарының бірі
– шаңғы тебу. Шаңғы
тебудің адам денсаулығына
пайдасы мол.
Сондай іс – шараның бірі
ақпан айының 12-ші жұлдызында
біздің Қаратөбе колледжінде де
«Жастар – еліміздің болашағы»
атты тақырыпта кездесу кеші
ұйымдастырылды. Бұл кездесу
Қалдығайты ОЖББМ, Соналы
ОЖББМ және Үшағаш негізгі
мектептерінің оқушыларымен
бірлесіп өткізілді.
Кездесу кешін «Таныс
болайық» тренингімен бастаған
колледж жантанушысы Шарбану
Есетқызы оқушылардың бір
– бірімен жақын танысып,
өзара пікір алмасып, болашақ
туралы ойларын ортаға салсын
деген мақсатта жұмыстанды.
Тренинг барысында жиналған
оқушылар өздері туралы
қысқаша мәлімет берді. Одан
әрі арнайы ұйымдастырылған
танымдық ақпараттық жұмыстар
жүргізілді. Мектептерден келген
оқушылар колледждегі өндірістік
сабақтардың
ашық
есік
күндеріне қатысып, зертхана,
шеберханаларды
аралады.
Түстен кейін мектеп оқушылары
колледж
студенттерімен
жолдастық кездесуде конькимен
сырғанап, шаңғы тебуге зор
ынтамен қатысты.
Жарыс соңында оқушылар
кездесуден алған әсерлері мен
бөлісті. Дана (Соналы ОЖББМ)
- бүгінгі бағдарлама өте қызықты
болғанын, көптеген ұл –
қыздармен танысқандығын, алда
да осындай ұйымдастырулар
болса деген ниетін білдірсе,
Қалдығайты мектебінің оқушысы
Қанат өзіне мұз айдынында
сырғанау қатты ұнағанын айтты
және басты келуінің себебі
колледж студенттерінің өмірін,
тыныс – тіршілігін өз көзімен
көру екенін жасырмады. Кеш
барысында оқушыларға колледж
студенттерінен
құралған
«Колледж
құрамасының»
әзілдері ұсынылды.
Бұл енді біздің колледж
өмірінің бір күндік жұмысы ғана.
Колледж ауласында жасалған
мұз айдыны студенттерімізге,
ауыл жастары мен тұрғындары
үшін денсаулықтарын шыңдап,
бос уақытын тиімді өткізуге, бой
сергітіп, көңіл көтеруге тиімді деп
ойлаймыз. Біздің болашағымыз
– жастар болғандықтан, жас
ұрпаққа терең де мазмұнды
білім беру әр ұстаздың басты
парызы деп ойлаймын. Жастар
– еліміздің ертеңгі тірегі болып
қалыптассын десек, ғұлама
ғалым
А.Байтұрсынұлының:
«Балам дейтін жұрт болмаса,
жұртым дейтін бала кайдан
болсын?» - деген қанатты сөзін
ескере жүрейік.
Гүлбаршын АХМЕТШИЕВА,
Қаратөбе колледжінің
оқытушысы
Жастар – еліміздің болашағы
Жастық – ол ізденістің бастауы. Болашағы зор,
айбынды Қазақстанның сенім артар азаматтары –
асқақ рухты жастар десек қателеспейміз. Сондықтан
ел ертеңі жастардың қолында. Еліміздің барлық
аймағында жастар тәрбиесімен кешенді жұмыс
жүргізілуде.
Қаратөбе ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы,
аудандық
жастармен
жұмыс
жөніндегі ресурстық орталығы,
«Мұхит
жастары»
ЖҚБ-нің
ұйымдастыруымен «Чек талап ет!»
акциясы басталды.
Акцияның ашылу салтанатында
аудан әкімі Асхат Шахаров, Қаратөбе
ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасының басшысы
Аян Жоламановтар сөз сөйледі.
- Өскелең ұрпақ бойында салық
мәдениетін көтеру және салық
төлеудің міндеттілігін түсіндіру,
барша халықты елжандылыққа
тәрбиелеу, халық арасында салық
сауаттылығын дамыту мақсатында
20 ақпан - 20 мамыр аралығында
«Чек талап ет!» акциясын өткізу
жоспарланған болатын.
Акцияның
басты
міндеті
аудан тұрғындарының және салық
төлеушілердің салық мәдениетін
көтеру, көлеңкелі экономиканың
мөлшерлерін қысқарту, кәсіпкерлер
арасындағы адал бәсекелестікті
ынталандыру,
тұтынушылардың
құқықтарын
қорғау
болып
табылады, - дейді Қаратөбе ауданы
бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы Аян
Жоламанов.
Акция
аясында
мәдениет
қызметкері Айдос Жапақов «Көк
тудың желбірегені...» әнін орындаса,
мектеп оқушылары салық туралы
өлеңдер оқып, сахналық көріністер
қойды.
Акция сауда нүктелері мен
дүкендерде тұтынушылардың сауда
жасауда чек талап ету шарасымен
жалғасын тапты.
Ертай САҒыНДыҚҰЛы,
«Қаратөбе өңірі»
Елбасымыз ағымдағы жылғы Үкіметтің кеңейтілген
отырысында: «Қазақстанда жасалған» деген шараны іске
қосу керек. Барлық сауда желілерінде қазақстандық тауарлар
секциясы пайда болуы қажет. Барлық қазақстандықтардан
осындай қиын жағдайда патриот болып, өзіміздің қазақстандық
тауарларды сатып алуды сұрайық. Бұл бір жағынан
азаматтарымыз тарапынан экономикамызға көмек болмақ» -
деп атап көрсеткен болатын.
Отандық өнім –
ертеңге сенім
Бұл акцияның негізгі мақсаты
еліміздегі
және
жергілікті
алді мекендердегі жол көлік
оқиғаларының,
одан
келетін
зардаптардың алдын алу және
болдырмау. Осыған байланысты
Қаратөбе аудандық ішкі істер
бөлімі
Қаратөбе
ауданында
да мемлекеттік органдар мен
және қоғамдық бірлестіктермен
бірлесіп «Қауіпсіз жол» акциясы
ұйымдастырылды. Іс шара кезінде
әкімшілік
полицияның
жеке
құрамы күшейтілген қызмет түріне
көшіріліп, тәуліктің түнгі уақытында
жол-патрульдік
полициясы
жасақшылары жылдамдық режимін
бұзушылықтардың жолын кесу
бойынша
арнайы
техникалық
құралдар мен аспаптар барынша
пайдаланылды.
Мектептерде,
қоғамдық
ұйымдарда,
жол-
көлік оқиғаларының алдын алу
мақсатында
брифингтер
мен
дөңгелек
үстелдер
өткізілді.
Қабылданып жатқан шараларға
қарамастан
автожолдарда
апаттылықтың
азаймай
отырғандығы,
оның
себеп-
салдарлары
түсіндірілді.
Автожолдарда адам тасымалмен
айналысатын
автокөлік
жүргізушілері тексеріліп, оларға
түсінік жұмыстары жүргізілді.
Айзат СЕРІКОВ,
Қаратөбе аудандық ІІБ-нің
әкімшілік-полиция
бөлімінің мемлекеттік
автокөлік инспекторы,
полиция капитаны
Қауіпсіз жол
23-27 ақпан аралығында
республикалық «Қауіпсіз жол»
акциясы басталды.
Жұма
27 ақпан 2015 жыл
3 бет
қоғам
Қаратөбе аудандық әскери
соғыс комиссариаты арқылы
3 752 адам әскерге шақырылған.
Олардың 1948-і қаза болған,
оның ішінде 784 жауынгер
соғыста қаза тапқан, жарақаттан
161-і қаза болса, 1003 жауынгер
хабар – ошарсыз кеткен деген
мәлімет бар. Елге оралғандары
1027 майдангер.
Осыдан 70 жыл бұрын,
фашистік Германия Кеңестік
Социалистік
Республикалар
Одағына тұтқиылдан шабуыл
жасады. Соғысқа бірінші болып
кіріскендердің қатарында Кеңес
Одағының батыс шебін күзеткен
ондаған мың қазақстандық
шекарашылар болды. Атақты
Брест гарнизонының өзінде
1941
жылдың
көктемінде
біздің 3 мыңдай жерлесіміз
қызмет еткен, шілде айында
олардың көпшілігі әскерден елге
қайтулары керек болған. Бірақ
жаудың шабуылы олардың бұл
жоспарларын күл-талқан етті.
Соғыс өрті ішке қарай тез еніп,
Брест қамалының тірі қалған
қорғаушылары
партизандар
қозғалысына қосылды. Олардың
қатарында 190 қазақстандық
болған және олардың көбісінің
сүйегі беларусь жерінде қалған.
Кеңес Одағы соның ішінде
Қазақстан
халқы
алғашқы
күннен бастап жұдырықтай
жұмылды.
Республиканың
түкпір-түкпірінде
әскери
комиссариаттарға
еріктілер
ағылды. Кеше ғана мектеп
партасында отырған бозбалалар
мен бойжеткендер де, қала мен
ауыл тұрғындары да соғысқа
сұранды.
Ұлы Отан соғысы 4 жылға
созылды. Майдан даласында
600 мыңнан астам қазақстандық
қаза тапты. Соғыста қаза
тапқандардың саны туралы
мәлімет
бүкіләлемді
дүрсілкіндірді.
Жекелеген
мәліметтер бойынша, адамзат
тарихындағы бұл ең зұлмат
соғыс 20 миллионнан астам
кеңеc азаматтарының өмірін
қиды. 1710 қала және 70
мыңнан астам елде-мекендер,
31 850 өнеркәсіптік кәсіпорын,
65 мыңшақырым теміржол,
4 100 теміржол стансасы, 36
мың пошта-телеграф мекемесі,
телефон
стансасы
және
басқа да байланыс бекеттері
жермен-жексен болған немесе
жартылай қираған. 40 мыңдай
аурухана немесе басқа да емдеу
мекемелері, 74 мың мектеп,
техникум, жоғары оқу орны,
ғылыми-зерттеу институттары,
42 мың кітапхана жән ең басқа
да көптеген нысандар жойып
жіберілген,
тоналған.
Бұл
соғысты ешкім де ұмытпауы,
ешнәрсе де ұмытылмауы керек.
Қазіргі таңда ауданымызда
майдангер аталарымыз бар,
аталарымыздың ерлік істері мен
асыл қасиеттері өскелең ұрпаққа
үлгі, еліміздің мақтанышы
болып, ел есінде мәңгі қала
бермек.
Серікжан ЖАРОЛЛА,