Жеңіс
Жұма
27 ақпан 2015 жыл
5 бет
Ескерусіз қалған
жауынгер
Екінші дүниежүзілік соғыста
ел басына қатер төнген сәтте
қолына қару алып, ел мен жерді
неміс басқыншыларынан азат
етуде қаратөбелік майдангерлердің
көрсеткен ерлігі де еш ұмытылмақ
емес. Әйтсе де бүгінгі өскелең
ұрпақтың көбісі жауынгерлік
«Қызыл ту», «Қызыл жұлдыз»
ордендерінің иегері, Қаратөбе
өңірінен
шыққан
майдангер
Қайырғали Төралиевті біле бермеуі
әбден мүмкін. Өйткені бұған
дейінгі аралықта жауынгер өткен
майдан шебіндегі ерлік жолдары
көп айтыла бермеген.
Аштық жылдарында
Тумысынан турашыл болып
өскен жігіттің балалық шағы
ашаршылық жылдарымен тұспа-
тұс келген. Әйтсе де бар мақсаты
білім алу болғандықтан кездескен
қиындыққа
шыдас
береді.
1919 жылдың 19-шы ақпанында
орта
шаруа
отбасында
дүниеге
келген
ол
сегіз
баланың кенжесі бола-тұғын.
Соналы бастауыш мектебінде
білім есігін ашып, одан соң аштық
жылдарына байланысты ата-анасы,
бауырлары ішкі жаққа көшкенде
елде қалып, ағасы Шәріп екеуі
Жақсыбай мектеп-интернатында
оқуын
жалғастырған.
Арада жылдар өтсе де ардақты
әкенің өмір өткелдері турасындағы
әңгімесі
қызы
Әлияның
есінде қаз-қалпында қалыпты:
«1932 жылғы аштықта интернатта
15 бала аштан өлді. Үкіметтен тамақ
келіп болмады. Ас жоқ, сөктен көже
жасап береді. Оның өзі сұп-сұйық.
Лажсыздан, көлден қасқалдақтың
жұмыртқасын, шөптің түбірін
(шоңқай)
жұртта
қалған
ошақтарға қуырып жейтінбіз.
Интернат меңгерушісі, ұлағатты
ұстаз Жолдығали Ербатыров өте бір
жақсы адам еді. Біздерді адалдыққа,
жақсылыққа тәрбиелеп өсірді».
...Қайырғали Төралиев 1933-
1934
жылдары
Қаратөбе
мектеп-интернатында
оқуын
жалғастырып,
1934
жылдың
мамырында Орал қаласындағы
3
айлық
қысқа
мерзімді
әзірлік курсына қабылданады.
1938 жылы қазіргі Орал ауыл
шаруашылығы
техникумын
зоотехник мамандығы бойынша
бітіріп шығады. Жолдама бойынша
Қостанайға сапар шегіп, облыстың
Жетіқара ауданында 1940 жылдың
аяғына дейін зоотехник болып
қызмет жасайды. Көп ұзамай
өңірге оралып, бір жылдай Бөрліде
мал маманы қызметін атқарады.
Майдан даласында
Аспанды қара бұлт шалып,
ел басына қиын-қыстау орнаған
шақта қолына қару алып, майдан
даласына аттанған бір шаңырақтың
үш бірдей азаматының қатарында
Қайырғали Төралиев те болды.
1941 жылдың желтоқсанында
Бөрлінің әскери комиссариаты
арқылы соғысқа аттанып, үш
айлық жаттығудан кейін 1942
жылдың наурызынан 1943 жылдың
қазанына дейін Батыс майданында
армия генералдары Рокоссовский
мен Ватутиндердің шебінде болады.
«Беларусияның Брян тоғайында
барлаушы болып жүрген күндерінің
бірінде «тіл» алып келеміз деп
талай қоршауда қалатынбыз.
Кескілескен шайқастың бірінде
орман ішінде немістерге кездесіп
қалдық. Оқ борап, шайқаса
кеттік. Шайқас сап тыйыла беріп,
түгенделген сәтте Мыльников
деген командиріміз жоқ болып
шықты. Немістер тұтқындап алып
кетті ме деген ой келді. Бақсақ,
орман ішінде атып өлтіріп, екі
көзін ойып, ағаштың арасына
қадап кетіпті. Сондай сұмдық
та басымыздан өткен...» дейтін
көзі тірісінде қызы Әлияға.
1943
жылдың
қазанында
Днепропетровский артиллериялық
училищесінің
алты
айлық
курсын бітіріп, 1944 жылдың
сәуірінде
3-інші
Украина
майданында 10-шы гвардиялық
әуе десанттары дивизиясының 5-
інші гвардиялық әуе десанттары
артиллериясы
полкінің
атқыштар взводын басқарады.
Майдан
шебінде
жүріп,
1943
жылдың
қысында
партия
мүшелігіне
өтеді.
1944-1945
жылдары
3-інші
Украина майданы 57-армиясының
құрамында
болып,
Украина,
Беларусияны қаптаған қалың
жаудан азат етуге қатысады.
«Қырғын
соғыспен,
үлкен
шығынмен Дунайды көктей өттік.
Жасақты сақтау – басты шарт.
Тәртіп қатаң. Кейде техника
жоқтығына байланысты ас-су,
ауыстыратын киім-кешек келмей
қалады. Бір жылы қыста киген киім-
кешекті мамыр айында ауыстыруға
тура келді. Қиындыққа мойымай,
тек алға деген ұранмен қару-
жасақты жаяу сүйреп, Еуропаны
басып өттік. Бізді алға жетелеген
- Отанға деген сүйіспеншілік,
Жеңіске деген үлкен сенім, - деп
қызына жиі айтып отырады екен.
Соғыс өрті тыйылған ба, кезекті
шабуылдың бірінде ауыр жарақат
алады. Орыс солдаты «Товарищ,
командир ты жив?» деп арқалап,
санитарлық арбаға отырғызып,
әрі қарай санбөлімшеге жеткізеді.
Тиісінше госпитальде екі ай ем-
дом қабылдайды...
Өңірінде – қос орден
Отанын
жаудан
қорғап,
майдан шебінде ерлік көрсеткен
Қ. Төралиев 1944 жылдың
22
желтоқсанында
үлкен
шайқаста көрсеткен ерлігі үшін
жауынгерлік «Қызыл жұлдыз»
орденімен
марапатталады.
Сұрапыл
соғыста
Болгария,
Венгрия
мемлекеттеріндегі
қақтығыстарда
да
ерлігімен
көзге
түседі.
Сол
себепті
«Болгарияны
азат
еткені
үшін» медалін өңіріне тағады.
1945
жылы
16
наурызда
Венгрияны азат ету кезінде
Балатон
көлінің
маңында
кескілескен шайқаста жараланып,
тағы бір мәрте госпитальға түседі.
Содан
1945
жылдың
16
мамырында жазылып шығады.
Ол кезде Ұлы Отан соғысы
жеңіспен аяқталған болатын.
Майдангер
көп
кешікпей
1945 жылдың маусым айында
Мәскеу
қаласында
өткен
Жеңіс
шеруіне
қатысқан.
Айтқанынан танбайтын ержүрек
жауынгер
жоғары
шенді
майдандастарының
арасында
құрметке әбден лайық болатын.
Соның айғағындай, 1945 жылы
18 наурызда 5-гвардиялық әуе
десанттары артиллерия полкінің
командирі,
гвардия
майоры
Кузин гвардия лейтенанты Қ.
Төралиевті майдан даласындағы
жауынгерлік
ерлігі
үшін
«Ленин»
орденіне
ұсынады.
Ол
турасында
марапаттау
парақшасында: (Наградной лист)
«16.03.1945 года, Западнее д.
Сенге (Венгрия) – сдерживая
наступление крупных сил танков
и пехоты портивника, выдвинув
орудие на прямую наводку
вперед нашей пехоты и своим
огнем сорвал немецкую атаку.
Находясь
под
сильным
артиллерийским
и
ружейно-
пулеметным
огнем.,
будучи
тяжело раненым сжег одно
самоходное орудие «Фердинанд»,
уничтожил 2 станковых пулемета
и 20 немецких солдат и офицеров.
Достоин награждения орденом
«Ленина»
деп
жазылған.
Алайда
ерлік
көрсеткен
майдангерге белгісіз себептермен
«Ленин» ордені табысталмай,
тиісінше 1945 жылдың 30
сәуірінде жауынгерлік «Қызыл
ту»
ордені
тапсырылады.
Айта кету керек, мұндай жоғары
награданы
Қаратөбе
ауданы
бойынша алған майдангерлер
саусақпен санарлық қана.
Еңбек ер сенімін ақтады
Ұлы Отан соғысы аяқталып,
Жеңіс туы желбіреп, елде
бейбіт күн орнаған шақта
өңірінде
орден-медальдары
жарқыраған гвардия лейтенанты
Қ.Төралиев елге келіп, Бөрлі
ет совхозына мал маманы
болып
қызметке
тұрады.
Ал 1947-1948 жылдары кіндік
қаны тамған туған жер төсінде
Қаратөбе
аудандық
ауыл
шаруашылығы бөлімі аппаратында
зоотехник болып жұмыс жасайды.
Жаз айында отбасын құрады.
1949-1950 жылдары Сулыкөл ауыл
кеңесінде, 1951-1952 жылдары
Саралжын ауыл кеңесінде, 1952-
1953 жылдары Калинин, 1953-1954
жылдары Молотов колхозында
зоотехник болып жұмыс жасайды.
1955-1956 жылдары «Сталин
жолы» колхозында зоотехник
болып жасап жүрген кезең
жетістіктерге
толы
болды.
Колхоз
миллионер
атанған
шақта
Мәскеуде
өткен
ауыл
шаруашылығы
көрмесіне
қатысады.
1957 жылы «Сталин жолы»
колхозы Қалдығайты қой совхозы
болып құрылған сәтте білікті маман
ретінде мал тұқымын асылдандыру
ісінде ерен еңбек сіңіреді.
1957 жылдан бастап өмірінің
соңына дейін ауыл шаруашылығы
саласында абыройлы еңбек етті.
Майдангер есімі
ұлықталуы тиіс
Майдангердің
көзін
көргендер оның азаматтығы,
отансүйгіштігі мен жауынгерлігі
турасында жылы пікірлер айтады.
-
Қайырғали
Төралиевпен
Қаратөбе ауданының орталығында
бірге көрші тұрдық. Ол өте
турашыл,
орысшаға
судай,
сауатты әрі тік мінезді азамат
еді. Ол мінезі көпке жақпады.
Кеңес дәуіріндегі Н. Хрущев
үстемдік еткен тұста жеке
басқа табынушылық саясаты
жетегінде Қалдығайты ауылында
өткен бір жиында майдангер
Қ. Төралиев: «Мен Сталиннің
тұсында оқыдым. Еңбек еттім.
Я люблю чистоту, правоту,
прямоту. Қажет деп тапсаңыздар,
партбилеттеріңіз, мінекей!» деп
мінбеге шығып, сөз сөйлегені
есімде, - дейді майдангер жайында
қаратөбелік Күләш Мұхтарова.
Майдангер ата 1971 жылы 26
қаңтарда 52 жасында дүниеден
озды.
Аяулы
жары
Айша
Төралиева екеуі отбасында өнегелі
ұл-қыз тәрбиелеп өсірді. Өрбіген
ұрпағы ел қатарлы үлкен құрметке
ие бір-бір шаңырақ иелері.
- Майдан жолынан өткен жауынгер
әкем үшін мақтанамын. Бізге бейбіт
өмір сыйлаған ардақты әкеге әр кез
қарыздармыз. Майдангерлер Жеңіс
күнін әпермесе, біз бүгінгідей шат-
шадыман өмір сүрер ме едік?!.
Еліміз
тыныш,
халқымыз
аман болсын. Ешқашан соғыс
болмасын! Аспанымыз ашық
болсын! – дейді майдангердің
қызы
Әлия
Қайырғалиқызы.
Бүгінгі бейбіт заман үшін неміс
басқыншыларына қарсы тойтарыс
беріп, ерлік көрсеткен даңқты
батыр Қайырғали Төралиевтің
есімі
көмескіленбеуі
тиіс.
Сол себепті де Қаратөбе өңірі
бойынша ең жоғары награда
«Қызыл ту» орденін алған
майдангер
есімін
ұлықтауда
ауқымды жұмыстар атқарылуы
тиіс.
Ертай БИМҰХАНОВ,
«Қаратөбе өңірі»
Суретте: Қаратөбелік
майдангер Қайырғали Төралиев
және оның құжаттары
(Қаратөбе өңірінен шыққан ержүрек майдангер,
жауынгерлік «Қызыл ту», «Қызыл жұлдыз» орендерінің
иегері Қайырғали Төралиев туралы)
Жұма
27 ақпан 2015 жыл
6 бет
дүние-дидар
Құттықтаймыз!
Шөптікөл
ауылының
тұрғыны
Сүлейменов АБАЙ ағамызды келіп
жеткен мерейлі 63 жасымен шын жүректен
құттықтаймыз! Отбасының тірегі, асқар
таудай әке, ардақты жар, бүгінде 63 жастың
асқар шыңына жетіп отыр. Біз сізге зор
денсаулық, қажымас күш-қуат тілейміз.
Отбасыңыз мереке мен берекеге толсын!
Төмендегі өлең шумағын өзіңізге арнаймыз.
Пенделердің тұрағы ғой жер бесік,
Жақсы әзілмен жүректерді тербетіп.
Жүрегібергін ортамызда аңқылдап,
Көріңіз тек еңбегіңіздің зейнетін.
Лебіз тілек білдіруші: Шөптікөл жалпы орта білім
беретін мектеп-балабақша ұжымы
Аққозы ауылының тұрғыны, әулетіміздің
бәйтерегі Жолдығали КЕНЖЕҒАЛИЕВТІ
5 наурыз күнгі 80 жасқа толу мерейтойымен
шын жүректен құттықтаймыз.
Мерейтой иесіне ұзақ ғұмыр, зор денсаулық,
отбасы бақытын тілейміз.
Төмендегі
өлең
жолдары
өзіңізге
арналады:
Жетелейді келер күнге өмірде ой,
Ізгі ниет – таусылмайтын көңіл ғой.
Шаңырақтың бәйтерегі – жан әке,
Құтты болсын, мерекелі мерейтой!
Еңбек етіп, болашаққа ел үшін,
Өткен жылдар бере білді жемісін.
Ұрпағыңның қызығына бөленіп,
Жапырағын жая берсін өрісің.
Игі тілекпен, құттықтаушылар: бала-келіндері, қыз-
күйеу балалары, қыздары, немере, жиен, шөберелері
Қаратөбе ауылының тұрғыны бірімізге
ардақты ұл, аяулы жар, асқар таудай
әке, сүйікті бауырымыз Серіков Айзат
СЕРІКҰЛыН 25 ақпан күні мүшелі
37 жас туған күнімен құттықтаймыз.
Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық,
ұзақ ғұмыр тілейміз.
Өмірдің әр қырынан іздер арай,
Бақыт құсы самғасын сізге қарай.
Отыз жеті асуынан еркін асып,
Сәтті қадам басыңыз жүзге қарай.
Шүкір деймін өзіңдей жан барына,
Жақсылықты тілейміз жалбарына.
Сіздей аға бар болса – біздей іні,
Алаңдамай қарайды алдарына.
Тілек білдірушілер: ата-анаң Серік-Ұлмекен, іні-
келіндерің Нұрлан-Гүлзина, Елдос-Гүлмира, Мержан,
балаларың Адият, Елжан, Адияна, Айжан
Мұхит атындағы жалпы орта білім
беретін мектебінің қызметкері әріптесіміз
Құрманғалиева Клара ӨТЕҒАЛИҚыЗыН
1 наурыз күні толатын мерейлі 58 зейнеткерлік
жасқа толу мерейтойымен құттықтап, деніне
саулық, отбасына бақ-береке тілейміз.
Төмендегі жыр жолдарын мерейтой иесіне
тарту етеміз:
Көз жүргіртіп, ой тастасақ өткенге,
Дүниеге Сіз келіпсіз көктемде.
Зейнеткерлік құтты болсын жасыңыз,
Жүре бергін бізбен бірге тек төрде.
Ең керегі дүниеде денсаулық,
Бар шаттығын сыйлап өтсін күн жарық.
Бақыт, байлық, болсын әркез қуаныш,
Алла қолдап, төбеңізден нұр жауып.
Игі тілекпен, құттықтаушылар: Сағидолла, Балғынбек,
Гүлнар, Лаура, Айбарша, Гүлзада, Шағдагүл, Айзада,
Гүлфайруз, Жаннат
Осы
орайда
Егіндікөл
ауылдық округі әкімінің аппараты
мемлекеттік мекемесінде де
«Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру»,
«Шалғайдағы ауылдық елді
мекендерде тұратын балаларды
жалпы білім беретін білім беру
ұйымдарына және үйлеріне
кері тегін тасымалдауды ұсыну
үшін құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік
стандарттары
көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет
жеке және заңды тұлғаларға
көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет өтініш
берген күннің ішінде көрсетіледі.
Қызметке
өтініш
берушіге
қызметті ұсыну уақыты 30
минуттан аспауы керек. Сонымен
бірге
мемлекеттік
қызмет
көрсететін лауазымды адамдар
өз қызметінде қарапайымдылық
таныту, сыпайы және әдепті
болуы шарт.
13 ақпан 2015 жылы округ
әкімі аппаратында «Жеке және
заңды тұлғаларға көрсетілетін
мемлекеттік қызметтердің сапасы
мен қол жетімділігін жақсарту
шаралары» атты дөңгелек үстел
өткізілді. Бұл жиынға округ
әкімі аппараты, қоғамдық ұйым
жетекшілері, мекеме басшылары
қатысты.
Жиынды
ауыл
әкімі М.Есендосов ашып күн
тәртібіндегі ұсынылған мәселе
бойынша атқарылған жұмыстар
және міндеттері жөнінде толық
айтып өтті.
Окург
әкімдігінде
көп
ұсынылатын қызмет түрі жеке
қосалқы шаруашылықтың болуы
туралы анықтама. Қызметті
алу үшін округте тіркелген
шаруашылық иесі жеке басын
растайтын
жеке
куәлікпен
округ әкіміне жазбалай түрде
өтініш ұсынады. Тұтынушылар
үшін жазу үстелі, орындықтар
қойылып, тиісті толтыратын
құжат үлгілерімен қамтылып,
көрсетілетін мемлекеттік қызмет
туралы ақпарат тез және уақтылы
түрде орындалып отыр.
Қазіргі
уақытта
барлық
мемлекеттік органдар жеке
және заңды тұлғаларға қызмет
көрсетуде мемлекеттік қызмет
көрсету стандарттары талабын
қатаң сақтау басты міндеті
оның сапалылығы мен жалпы
халыққа түсіндіру, көрсетілетін
мемлекеттік қызмет туралы
ақпарат тез және сыпайы түрде
жеткізілуі қажет.
Егіндікөл
ауылдық
округі әкімінің аппаратында
мемлекеттік қызмет көрсетудің
заң талаптары сақтала отырып
жұмыс
барысында
заңда
көрсетілген тәртіппен сапалы,
ашық түрде қатаң сақтай отырып
ауыл тұрғындарына қызмет
көрсетудеміз.
Жанболат ИМАНҒАЛИЕВ,
Егіндікөл ауылдық округі
әкімінің аппараты
мемлекеттік мекемесінің
бас маманы
Мемлекеттік қызмет
стандарты
Мемлекеттік
мекемелерде
көрсетілетін қызметтер
мемлекеттік қызмет
көрсету стандарттары
бойынша 2013 жылы 15
сәуірде «Мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы
негізінде реттеледі.
Осынау тарихи белестер
Жаңа
Қазақстандық
Патриотизмді Ұрпақ жадына
сіңіруде айрықша ролге ие.
Біз 2015 жылды Қазақстан
халқы Ассамблеясы жылы деп
жарияладық. Елдің тұтастығы
мен бірлігі, татулығы мен
тыныштығы ең басты назарда,-
деген
болатын.
Шөптікөл
ауылдық
кітапханасында
мәдениет
қызметкерлерінің
ұйымдастыруымен
Қазақстан
халқы Ассамблеясының 20
жылдық мерекесіне арналған
«Ұлтаралық татулық – тәуелсіздік
тұғыры» атты дөңгелек үстел
өткізілді. Бұл кешке құрметті
меймандарымыз
Қуаныш
Мажитов, Тамара Мажитова,
Валентина Шабдарова, еңбек
ардагерлері Жамбыл Тоғжанов,
Надежда
Сағынғалиева,
әкімшілік
қызметкерлері,
ұстаздар, оқушылар қатысты.
Кештің алғы сөзін Қаратөбе
ауылдық округі әкімінің бас
маманы Самат Есполов: -
Биыл Елбасымыз 2015 жылды
Қазақстан халқы Ассамблеясы
жылы деп жариялады. Әлемдегі
өзге мемлекеттер Қазақстан
ауызбіршілігі және ынтымағы
жарасқан ел деп біледі. Бірлік,
достық, татулық мерекесін біздің
ауыл халқы үлкен ықыласпен
атап өтуде. Осындай думанды
мерекелер елімізде жалғасын
таба берсін!-деген құттықтау
тілегін білдірді. Кеш қонақтары
Тамара Мажитова, Валентина
Шабдарова апайлар өз өмір
жолдарын қазақ жігітімен отау
тігіп жанұялы болып, ұл-қыз
тәрбиелеп отырған шаңырақ
иелері екендіктерін айтып өтті.
Жамбыл Тоғжанов, Надежда
Сағынғалиева сынды еңбек
ардагерлеріміз және Шөптікөл
ЖОББМБ-ның тәрбие жөніндегі
орынбасары Жанна Нұғманова
«Қазақстан көп ұлтты ел,
бірлігі жарасқан тату, айқын
бағыт-бағдары бар, тұрақты
даму үстіндегі алып мемлекет.
Қазақстанның гүлденіп көркеюі,
дәулетті де сәулетті мемлекетке
айналуы
тату
тірлігіміздің
арқасы», - деп өз пікірлерін
айтты.
Кеште кітапханашы Гүлшира
Айташева «Ел бірлігі жылы» атты
кітап көрмесімен таныстырды.
Оқушылар
және
мәдениет
қызыметкерлері қазақ, орыс,
татар әндерін кеш қонақтарына
тарту етті.
Жарқын БАЙТЕМІРОВ,
Шөптікөл мәдени
демалыс орталығының
директоры
Ұлтаралық татулық -
тәуелсіздік тұғыры
Кемеңгер Елбасымыз, мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол-
болашаққа бастар жол» жолдауында: 2015 жыл ұлттық тарихымызды ұлықтау
және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы.
Достарыңызбен бөлісу: