Г.Ә. Мұратова Астана қ., Қазақстан Ғалым а. Сейдімбек зерттеулері – этнолингвистиканың



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі210,59 Kb.
#19

 

 

 



http://www.enu.kz

 

Г.Ә. Мұратова 



Астана қ., Қазақстан 

 

ҒАЛЫМ А. СЕЙДІМБЕК  ЗЕРТТЕУЛЕРІ – ЭТНОЛИНГВИСТИКАНЫҢ  

 ТАНЫМ-ТІРЕГІ 

http://www.enu.kz

 

 

Иә,  этнолог-ғалым  Ақселеу  Сейдімбек  зерттеулері  –  қазақ  тіл  біліміндегі  жаңа 

ғылыми  бағыт  этнолингвистиканың  мақсат-міндетіне  толық  жауап  бере  алады,  әрі  осы 

пәннің  оқу  құралы  қызметін  де  атқара  алады.  Пәннің  теориялық  мәселелеріне  қосымша 

хрестоматиялық дәрежедегі оқу құралының танымдық мәні зор болмақ. 

Жаһандану  үдерісінде  ұлт  тарихы  мен  ұлттық  құндылықтар  қайта  қарала  бастады. 

Соның бір дәлелі, лингвистикалық және этникалық факторлардың ӛзара әсер-ықпалын тіл 

әлемі  аясында  зерттейтін  макролингвистиканың  бір  саласы  –  этнолингвистика  ғылымы 

дүниеге келді. Бұл пән қазіргі қазақ қоғамындағы ұлттық сананың жаңғыруы, қазақ тілінің 

мемлекеттік  мәртебесіне  байланысты  қызметінің  жандануына  қатысты  ұлттық  мүддеге 

сәйкес  тілдің  этномәдени  және  әлеуметтік  қызметін  айғақтау  қажеттігін  және  дәлелдеп 

отыр. 


Қазақ тіл білімі бүгінгі күні жаңа арнада толығып, танымдық, логика-философиялық 

бағыттағы  ӛзіндік  бет  алысымен  тілдің  қызмет  аясын  және  қуатты  әлеуетін  барынша 

айғақтай  түсуде.  Сонымен  қатар,  қазақ  тіл  біліміндегі  ұлт  пен  тіл,  ұлт  пен  мәдениет 

сабақтастығын қарастыратын зерттеулерде  жаңа сапаға кӛтеріліп келеді. 

Тіл  тарихы  мен  тіл  иесі  халықтың  этникалық  тарихын  ұштастыра  зерттеуді  мақсат 

тұтқан  тіл  біліміндегі  жаңа  сала  –  этнолингвистика  пәні  жетілу  үстінде.    Академик 

Ә.Қайдар  бастаған  этнолингвистика  мектебінің  зерттеулері  ғылыми  мақала, 

диссертациялық ізденіс түрінде жинақталып жатқаны белгілі. Бірқатар зерттеу нәтижелері 

болғанымен,  нақты  оқулығы  әзір  жоқ.  Десек  те,  ғалым  А.Сейдімбектің  халқымыздың 

санғасырлық  мәдениеті  мен  болмысындағы  құндылықтарды  танып-білуге  бағытталған, 

тарихи  деректерге  сүйенген  зерттеулері  –  олқылықтың  орнын  толтыра  алмақ.  Бұл 

еңбектерде  қазақ  этносының  ұлттық  бейнесін,  ӛзіндік  ерекшелігі  мен  мәдениетін  «тіл 

әлемі»  арқылы  жан-жақты  танып  білуге  керекті  деректер  ғылыми  тұрғыда  жүйеленіп 

берілгеніне  кӛз  жеткіземіз.  Бұл  –  мәдениеттің  мұрагерлік  табиғатына  сәйкес,  оның 

сақталуы, кейінгі ұрпаққа жетуі, игерілуі, жаңғыруы тіл арқылы ғана іске асатынына, осы 

бағыттағы зерттеулер арқылы дәйектелетініне нақты дәлел бола алады. 

Этнолингвистика  пәнінің  мақсаты  –  этнос  болмысын  тіл  арқылы  танып-білу,  бірақ 

концептуалды талдау тек лингвистикалық тұрғыда ғана жүргізілуі, әрине, жеткіліксіз. Осы 

пәнді оқыту барысында халқымыздың рухани ӛмірі мен этнос танымын, этностың тілдік 

табиғатын тарихи категория ретінде ғылыми тұрғыда саралау мақсаты да кӛзделеді. Соған 

сәйкес,  этнолингвистика  пәнінің  зерттеу  нысаны  мен  мақсат-міндетіне  жауап  беретін 

зерттеулердің қажеттігі айқын сезілуде. Олқылықтың орнын толтырып, сұранысты толық 

ӛтей  алатын  ғылыми  зерттеудің  бірі  А.Сейдімбектің  «Қазақ  әлемі»  атты  еңбегі  деп 

есептейміз. 

«Ұлан-ғайыр  сахарамызды  түгел  шолып,  ұлан-асыр  сыр-сипаттарымызды  тегіс 

қамтып,  қат-қабат  тарихымызды  терең  қаузап,  дүлділ  оймен,  ділмар  тілмен  толғайтын 

ғұлама ғалым, сұңғыла білімпаз, сүлей суреткер, қайран Ақселеу енді жоқ» (Ә.Кекілбаев) 

болса  да,  «ғалымның  хаты»  қалды  ӛлместей  болып.  (А.Сейдімбектің  ғылыми 

шығармашылығына  берілген  осы  барынша  дәл,  шынайы  бағадан  асырып  ештеңе  айта 

алмаспыз!). 

Ғалым  еңбектерінде  ұлтымыздың  тӛл  тарихына,  дәстүрлі  мәдениетіне, 

этнографиясына  қатысты  мол  деректер  келтіріліп,  ғылыми  баяндау,  нақты  ой-

тұжырымдар  арқылы  дәйектелген.  Ғалым  зерттеулеріндегі  этно  лексиканы  қоғамдық  ой, 


 

 

 



http://www.enu.kz

 

этникалық  сана  аясында  алып,  тілдік  бейненің  этникалық  дереккӛзі  ретінде  қарастыра 



отырып, қазақ мәдениеті туралы ӛте мол мәліметтер ала аламыз. 

Этнолингвистика  тілді  этносқа  қатысы  тұрғысынан  алғанда,  қоғамдық-әлеуметтік 

пәндермен  де  (этнография,  ӛлкетану,  мәдениеттану,  мифология),  лингвистикалық 

пәндермен  де  (психолингвистика,  паралингвистика,  диалектология,  ономастика  т.б.) 

сабақтастыра зерттейді. Осы пәнаралық байланыстың басты мақсаты этнос табиғатын ашу 

болса,  этнограф-ғалым  А.Сейдімбек  зерттеулері  де  –  мәдениеттанымдық,  этнологиялық, 

мифологиялық,  психолингвистикалық,  ономастикалық,  фольклорлық,  тарихи-ӛлкетану 

бағытындағы зерделі-зерттеудің синтезі іспетті, кешенді, толымды, ғылыми пайым.  

«Халықтың рухани дәулетін сабақты жібіне дейін түгендеуді мұрат тұтқан ұлтжанды 

азаматтың» (Қ.Салғара) зерттеу еңбегі қазақтың тӛл тарихы мен дәстүрлі мәдениетінен аса 

мол  ақпарат  жеткізіп,  деректері  ғылыми  тұрғыда  дәйектелуімен  де  аса  құнды.  Тілдің 

этнолингвистика  саласы  үшін  бұлар  –  таптырмас  құндылық,  баға  жетпес  байлық.  Кең 

мағынада  алғанда,  бұл  еңбектер  –  ұлт  руханиятының  бағалы,  бай  қазынасы,  сондықтан 

аталған  ғылым  салаларының  қайсысының  болсын  зерттеу  ӛзегіне  айналып,  әрі-қарайғы 

тың  зерттеуге  бағыт-бағдар  сілтеп  тұр  деуге  болады.  Этнос  болмысына  қатысты  небір 

құнды дерек, танымдық мағлұматтарды таба аламыз.  

Этнолингвистика  пәнін  оқыту  үдерісінде  этностың  тіл  әлемін  тереңнен,  жан-жақты 

меңгерту жолдары мен арналары әртүрлі. Атап айтқанда, этнос болмысынан қанықтырар, 

небір  бай  ақпараттарды  жеткізетін  этнолингвистикалық  арналарды  былайша  жіктеп 

жүрміз:  фразеологизмдер,  эвфемистік  баламалар,  мақал-мәтелдер,  жұмбақтар,  ауыз 

әдебиеті  үлгілері  (әдет-ғұрып,  ырым-кәде,  наным-сенім  т.б.  рәсім-салтанат  үлгілері  т.б.). 

Бұлардың  бәрі  де  –  этностың  рухани  әлемінен  табылатын  танымдық  құндылығы  мен 

кӛркем бояуы айқын-лингвомәдени деректер. 

Ал  А.Сейдімбек  зерттеулерінен  осы  аталған  арналардың  барлығын  да  кездестіре 

аламыз. Олар әр түрлі тақырыптық топтар аясында жинақталып, этностың танымы мен тіл 

әлемін,  ұлттық  менталитетін  айқын  танытатын  этнолингвистикалық  деректің  қызметін 

атқарып  тұр.  Ғалымның  «Қазақ  әлемі»  еңбегінің  тӛртінші  тарауы  «Халықнама»  деп 

аталып,  «Мақал-мәтелдер»,  «Қазақтың  дәстүрлі  тыйымдары»,  «Қазақтың  дәстүрлі 

ырымдары»,  «Ел  аузынан»,  «Ұлттық  ӛнер»,  «Табиғат  тынысы»  және  т.б.  халықтық 

қалыпқа  айналған  қастерлі  рәсімдер  мен  ӛмір-салтқа  қатысты,  ӛнер  туындылары  жайлы 

терең  толғаулар  келтірілген.  Ғалым  оларды  әрбір  тарихи-әлеуметтік  кезеңнің  ӛз  талғам-

танымына лайық дәстүрі ретінде бағалап, ғылыми таным жүйесіне айналдырады, сӛйтіп, 

кӛшпелілер  әлемінің  қасиет-болмысына  айғақ  болар  эмпирикалық  мысалдар  ретінде 

ұсынады.  Біз  сол  этноатауларды  тілдік  табиғаты,  тіл  мен  мәдениет  сабақтастығы 

тұрғысынан 

қарастыруды 

мақсат 

тұттық. 


Паремиологиялық, 

прецеденттік, 

фразеологиялық  және  аңыз  әңгіме,  кӛркем  мәтін  деректерінің  лингвомәдени  сипатын 

ашып,  ұлт  болмысынан,  ӛнерінен  этникалық  ақпарат  жеткізетін  тарихи,  мәдени  және 

рухани әлеуметтік құбылыс деп қарадық. 

Кемел  зерде  иесі  А.Сейдімбек:  «Қазақ  халқының  ӛмір  салты  кӛшпелі  болғанымен, 

рухани болмысы кӛшпелі болмаған», – деп ой түйе келе, «ғасырдан – ғасырға, ұрпақтан – 

ұрпаққа  ауысатын  тарихи-әлеуметтік,  қоғамдық-тәжірибелік  дәстүр  сабақтастығы 

болмаса,  адамзаттық  прогресс  те  болмақ  емес»  [3,  141],  -  деген  тұжырым  жасайды. 

Адамзат қауымына тән дәстүр сабақтастығына баса мән береді. 

Ғалым  халықтық  салт-дәстүрлерді  бір  ғана  ұлттың,  бір  ғана  рудың,  тіпті  тұтас  бір 

елдің  ғана  талғам-түсінігі  деп  қарамайды.  Этнографиялық  деректерге  ғылыми  ойдың 

«сәулесін»  түсіре  зерттеуді  мақсат  етеді.  Ол  деректерді  жеке  халықтардың  мәдениетін, 

моральдық-этикалық  қасиетін,  халықтың  жалпы  адамзаттық  ӛркениет  этникалық  тегін 

танытатын дерек кӛз деп қарайды. 

Гуманист  ғалым  былай  дейді:  «Адамның  парасаттылығы  сол  адамның  ӛзгелерге 

деген  қарым-қатынасы  арқылы  ғана  анықталады.  Түптеп  келгенде,  қоғамдық  ӛмірдің 

парқын да адамдардың парасат-пайымына қарап бағалауға болады. Қазақ қоғамында адам 



 

 

 



http://www.enu.kz

 

ӛміріндегі  қуаныш  та,  қайғы  да  жекелік  сипат  алмаған»  [3,150].  Иә,  біздің  кӛпшілігіміз 



жай  ғана  салт-сана  кӛрінісі  деп  ғана  қабылдайтын  ментальдық  қасиетімізді  этнограф-

ғалым  кең  ауқымда  алып  қарайды.  Автор  адам  ӛміріндегі  қарапайым  ғана  қуаныш 

белгілері  –  «сүйінші,  шашу»,  «көрімдік»  деген  жӛн-жоралғыларды  –  «кӛшпелі  ӛмір 

салтындағы этникалық арман-аңсардың (идеалдың) ортақ болуы», - деп, оны моральдық-

этикалық,  ғылыми  пайыммен  таразылайды.  Немесе  қазақтың  қонақ  күту  дәстүріне 

мынадай баға береді: «Кӛшпелі қазақтың қонақжайлық дәстүрі, түптеп келгенде, этносты 

біртұтас  әлеуметтік  жаралым  ретінде  іштей  үйлестіре  реттеп  отыратын  ең  пәрменді 

тетіктердің бірі болған» [3,143]. 

Тағы  бірер  мысал  келтірсек.  Мысалы,  кәдімгі  ырым-наным,  тиым-табу  дегендердің 

де  этикалық  негіздемесін  дәлелді  келтіріп,  ғылыми-философиялық  сипатын  айқындап 

береді. «Кез келген қоғамдағы этиканың, діннің, заңның, мәдениеттің негізі тиым арқылы 

қалыптасады,  тиым  да  әрбір  әлеуметтік  ортаны  реттеп  отыруға  қызмет  етеді»,  –  деп 

бағалайды.  Адам  қоғамы  мен  табиғи  орта  арасындағы  қарым-қатынасты  үйлестіріп 

отыруда  тыйымның  атқарар  рӛлі  айрықша  екенін  кӛрсетеді.  Ғалым  барша  ӛмір-тіршілігі 

экожүйемен  кіндіктес  кӛшпелілер  әлемінің  ақыл-парасатының  биіктігін  дәлелдейді. 

Ғалымның:  «Ғасырлар бойы табиғатпен етене болу арқылы ӛмір салтын қалыптастырған 

кӛшпелі  қазақ  мифтік  қиял-елес  пен  әлеуметтік-экономикалық  ақиқаттың  ара  жігін 

ажырата  білген.  Ӛмір  талабы  соқыр  сенімнен  гӛрі  нақтылы  ӛмірмен  санасын  айыруды 

қажет  етеді»  [3,  194],  –  тәрізді  пайымдаулары  ұлттық  құндылықтардың  ғылыми  таным-

түсінігін зерделеп береді. 

Немесе,  «Отты  шашпа»,  «Отты  баспа»,  «Ошақтағы  отты  су  құйып  өшірме» 

деген тыйым түрлерінде мифтік-діни сенімнен де бұрын, таза практикалық мән бар: яғни 

отты  шашса  ӛрт  кететіні,  ӛртке  күйетіні,  отты  қайтып  тұтату  қиын  болатыны  –  кӛшпелі 

қазақтың нақтылы ӛмір тәжірибесі ғана емес, одан кісілігі де айқын аңғарылады: Алдыңғы 

кӛштің  адамдары  әрбір  қоналқадан  ілгері  аттанарда  ӛзінен  кейін  келе  жатқандарға 

ошақтағы отты күлмен кӛміп, сӛндірмей кетеді. Кейінгілер шаршап-шалдығып  жеткенде 

қиналмай  от  жағып,  тамағын  демдеп,  ертерек  тынықсын  деген  қамқорлықты  танытады. 

Немесе,  «Малды  ноқтамен  ұрма»  деген  қарапайым  тыйымның  түпкі  мәні  –  адамның 

мейірім  –қамқорлығына  саяды:  тіршілігіне  тірек  болған  тӛрт  түлікке  кісілік  қарым-

қатынас орнату мәні басым. 



Бесікті ашық қалдырма, Жерошақтан аттама, Босағаға сүйенбе, Көгенді аттама, 

Сүтті  үрлеп  ішпе,  Түнде  суға  барма,  Мойынға  белбеу  салма  тәрізді  адамға,  табиғатқа, 

қоғамға қатысты тыйым, ырым-наным-сенімдердің барлығы да әлеуметтік ортаны реттеп 

отыруға, табиғат пен әлеуметтік ӛмір арасындағы үйлесімге қызмет ететініне дәлел бола 

алады. 


Этнограф-ғалым  ӛз  зерттеулерінде  тілдің  кумулятивтік  функциясын  жете 

пайдаланады:  Ұлт  тарихы  мен  ділін,  ӛзіндік  болмысын,  рухани  құндылықтарын  ӛз 

бойында сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізер тілдің қызметін танытар этнолингвистикалық 

факторларға    ғалым  еңбегінде  ӛте  мол  орын  бергенін  айттық.  Сондай  лингвомәдени 

деректердің  бір  қатарына  назар  аударып  кӛрейік:  Мысалы,  Көншарық,  талқы  сияқты 

этномәдени лексиканың мәнін жете түсінеміз бе? Этномәдени лексика, яғни этнос мекен 

еткен аймаққа тән табиғат құбылыстары мен заттық мәдениет атаулары, «астарына талай 

сыр бүккен»... Ал, тілдің сӛздік құрамы сол тілді  тудырған қоғамның материалдық және 

рухани мәдениетін айқындап беретіні белгілі. 

Ғалымның  этнографиялық  зерттеулерінен  қазақтың  қолӛнеріне  байланысты  заттық 

мәдениет лексикасынан кӛптеген танымдық этнолингвистикалық деректерді таба аламыз. 

Мысалы,  «Шарық-теріден  тігілген  қарадүрсін  аяқкиім.  Шарықты  үш  түрлі  теріден 

жасайды:  1)  иленген  қайыстан  тігеді;  2)  терінің  түгі  сыртына  қаратыла  тігіледі;  3) 

иленбеген  шикі  теріден  жасалады.  Оны  көн  шарық  деп  атайды  [3,  233].  Осыған  орай, 

«Білімдінің беті – жарық, білімсіздің беті кӛн шарық» деген мәтелдегі көн шарық талдап-

түсіндіруді қажет етпейді деп есептейміз. 


 

 

 



http://www.enu.kz

 

Ал тіліміздегі талқыға түсті, талқыға салды деген фразеологиялық тіркестің мәнін 



мына  мәнмәтін  толық  ашып  береді:  «Талқы  дегеніміз  –  теріні  керіп,  созып,  иін қандыра 

жұмсартатын ағаш аспап. Талқымен тері илеуді «талқыға салу» дейді» [3, 231]. 

Сӛз  мағынасының  астарында  жасырын  жатқан  ӛзге  де  этнолингвистикалық 

мәліметтерді «Халықнама» тарауынан зердемізге тоқып, (ат құйрығын кесісу; тарамысша 

тырысу;  жүні  жығылу;  үйірімен  үш  тоғыз;  ит  –  жеті  қазынаның  бірі  т.б.)  фразалардың 

пайда  болу  уәжіне  кӛз  жеткіземіз.  Оның  дәлелі    этностың  тілдегі  бейнесін  ашатын 

этнолингвистикалық факторлармен тікелей байланысты.  

«Кӛшпелі  қоғамның  жоқтаушысындай  әсер  қалдыратын  Ақаң  кӛзбен  кӛрген 

деректерін  перзенттік  махаббатпен  қат-қатымен  баяндаған»,  –  деген  пікір-пайымдардың  

шынайылығы  дау  туғызбайды,  ӛйткені  кӛрнекті  ғалым,  абзал  азамат,  «халықтың  рухани 

дәулетін  сабақты  жібіне  дейін  түгендеуді  мұрат  тұтқан»,  әрі  сол  кемел  білімін  асқан 

тереңдікпен, биік парасатпен ұрпағына табыстаған. 

Мысалы,  бір  ғана  қолӛнер  түрінің  ӛзін  бүге-шігесіне  дейін  түгендейді.  Атап 

айтқанда,  ою-ӛрнекке  қатысты  атаулар,  дәстүрлі  қазақ  ою-ӛрнегінің  түрлері;  ою  түзетін 

материалдар; тоқу, күйдіру, тасқа қашау,  металға бедерлеу, шеку арқылы салынатын ою 

түрлері, оюдың бітімі, ою тәсілдері; зергерлік саймандар, білезік, жүзік, сақина, сәукеле, 

сырға,  белбеу  т.б.  Сондай-ақ,  құсбегілік  ӛнердің  қыр-сыры,  ұлттық  тағам;  уақыт  пен 

кеңістік;  ауа  райы  туралы  халық  болжамдары:  далалық  ӛнер;  жердің  тілі;  Алаша  хан 

мазары, Жошы хан мазары, уақыт межесі сияқты этностың таным зердесі пайымдалатын 

деректерді  ұсынып,  халық  болмысының  ӛткенін,  бүгінін  және  болашағын  біртұтас 

құбылыс ретінде қарауға, халықты – біртұтас феномен деп қабылдауға шақырады. Сӛйтіп, 

халық мұрасының еленбей жатқан қырларына дейін биіктен кӛз тастайды.  

Кӛрнекті  этнограф-ғалым,  білгір  мәдениеттанушы  А.Сейдімбек  –  қазақ 

ғылымындағы  этнология  саласының  кӛшбасшысы.  Сонымен  қатар,  қазақ  тіл  біліміндегі 

этнолингвистика бағытының бірден-бір ӛкілі болып табылады деп бағалаймыз.  

Ұлттық  ғылымның  дамуына  ӛлшеусіз  үлес  қосқан  ғалымның  қазақ  тарихы  мен 

этномәдениетіне  қатысты  ой-пікірлер  жинақталған  «Қазақ  әлемі»  (1997)  атты  ғылыми 

еңбегі  ӛзінің  бастау  кӛзін  әріден  алады:  Қазақтың  ӛмір  салты  мен  әдет-ғұрпы,  табиғат 

тіршілігінен  таным  беретін  «Кеніш»  (1979  ж.),  «Серпер»  (1982),  «Күңгір-күңгір 

күмбездер»  (1983),  Қара  ӛлең  жанрын  саралайтын  «Мың  бір  маржан»  (1989),  қазақ 

мәдениетіндегі  күй  ӛнерін  жырлайтын  «Күй  шежіре»  (1992),  түркі  тектес  халықтардың 

тарихынан,  археологиясы  мен  этнографиясынан  сыр  шертетін  «Кӛшпелілер  тарихы» 

(1995),  ұлт  руханияты  мен  халықтың  аңсар-арманын  әспеттеген  «Ой  толғақ»,  Гомердің 

«Иллиада», «Одиссея» эпосы (1974) мен «Әлемнің 7 кереметі»,  этнологиялық деректану 

бағытындағы  «Қазақтың  ауызша  тарихы»  (2010),  жекелеген  тарихи  тұлғалар  арқылы  ел 

тарихын  екшеген  (авторлық  бірлестіктегі)  «Елтұтқа»  сынды  еңбектері  – қазақ халқының 

этногенезі мен этномәдени ӛзегіне қатысты, қазақ этнологиясына қатысты пайымға толы 

зерттеулері  –  ұлтымыздың  рухани  қазынасының  құндылығына  дәлел  болуда.  Ал  қазақ 

халқының  этногенезі  мен  этномәдени  байланыстарын  сарапқа  салған  «Қазақтың  ауызша 

тарихы» атты зертеуі – тарихи-этнологиялық ғылым биігіне айналып отыр. 

Кӛрнекті  ғалым  А.Сейдімбек  зерттеулері  арқылы  тұтас  бір  ғылыми  зерттеу 

институты  атқаратын  ауқымды  істер  жүзеге  асты  деуге  болады.  Ерекше  атап  ӛтуге 

тұрарлық  тағы  бір  жағдай  –  А.Сейдімбек  зерттеу  еңбектеріне  арқау  болған  мәселелер  – 

мемлекеттік  деңгейде  кӛтерілген  іс-шаралармен  үндес  келуі.  Мәселен,  2004  жылы 

«Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы  қоғамда  кең  қолдау  тауып,  ӛзінің  басты 

бағыттарын белгілегені мәлім. Ал сол бағыт-бағдардың бірқатары қазақ этнологиясының 

кӛрнекті  ӛкілі,  филолог-ғалым,  белгілі  этнограф  А.Сейдімбек  зерттеулерінің  нысанына 

айналған. Нақты айтқанда: 

-  қазіргі  ұлттық  мәдениетті  фольклор,  әдет-ғұрыпты  зерделеудің  біртұтас  жүйесін 

құру; 


 

 

 



http://www.enu.kz

 

-  ұлттық  мәдениет  үшін  айрықша  маңызы  бар  тарихи-мәдени  және  сәулет 



ескерткіштерін қалпына келтіру; 

-  қазақ  халқының  мәдени  мұрасын  зерделеу  бағытында  жаңа  ғылыми  зерттеу 

жұмыстарын жүргізу; 

-  мемлекеттік  тілде  әлемдік  ғылыми  ой-сананың,  мәдениет  пен  әдебиеттің 

жетістіктері негізіндегі гуманитарлық білім қорын жасау т.б. 

Осы  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы  аясындағы  ізденістердің  мақсаты  –  ұлттың 

тарихи-мәдени  мұрасын  қалпына  келтіру,  ұлттық  танымды  зерделеу  болса,  ғалым 

А.Сейдімбектің  де  алға  қойған  басты  кредосы:  «Ӛзіндік  қасиетінен  айрылған  ұлт  ӛледі. 

Ұлтты  ӛлтірмейтін  оның  тӛлтума  мәдениеті  ғана,  сондықтан  азапты  ӛмірді  тәңірдің 

сыбағасына  балай  жүріп,  ӛткеннің  асылдары  болашақ  ұрпақтың  жан-жүрегін  жылытуы 

үшін қол жалғап жіберуіміз қажет-ақ» («Күй шежіре»). 

Қабырғалы қазақ руханиятының ірі ӛкілі Ақселеу Сейдімбек еңбектері ұлттың ӛзін-

ӛзі тануға сүбелі үлес қосатын құндылықтар қатарынан табылып отыр. 

Ұлтымыздың  ӛмірі  мен  ӛнеріндегі  болмыс-бітімі  қандай?  Ел  мен  ӛнер  тағдыры, 

уақыт  пен  ұрпақ  сабақтастығы  жӛніндегі  зерде-зейініміздің  деңгейі  ше?  Ұлттық 

рухымыздың  биік  деңгейін  танытқан  мұраларымызды  ӛз  дәрежесінде  қастерлей  алып 

жүрміз бе? – сұрақтарға жауап беруімізді талап еткендей А.Сейдімбек еңбектері. 

 

ӘДЕБИЕТ 



 

1. «Егемен Қазақстан» газеті, № 25, 2009 ж. 

2. «Мәдени мұра» бағдарламасы: 2004-2008 ж. нәтижелері. Астана, 2008. 

3. Сейдімбек А. Шығармалар. Алты томдық. Астана, 2010. Т.2. 816 б. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет