Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану



Pdf көрінісі
бет12/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67
Байланысты:


1.4. КОД ЖӘНЕ СУБКОД ТҮСІНІГІ
Әрбір лингвистикалық қауымдастық, алдағы тарауда қарас- 
тырғанымыздай, ортақ тілдер, олардың диалектілері, жаргондар, 
тілдің стилистикалық түрлері сияқты белгілі бір байланыс мүм-
кіндіктерін пайдаланады. Мұндай кез келген құралды код деп
атауға болады. Жалпы мағынада код байланыс құралы болып та-
былады: табиғи тіл (қазақ, ағылшын, сомали және т.б.), жасанды 
тіл (эсперанто, қазіргі заманғы машина тілдері, Морзе коды, теңіз-
де жалаумын белгі беру және т.б.). 
Тіл білімінде код деп тілді, аумақтық немесе әлеуметтік диа-
лектілерді, қалалық койне, пиджин, лингвафранка сияқты тілдік 
жасалымдарды атайды. Код терминімен қатар субкод термині де 
қолданылады. Ол белгілі бір жалпы кодтың ішкі жүйесін, кодқа қа-
рағанда кішірек көлемдегі коммуникативті құралды, қызмет аясы 
мен қолдану шеңбері тарлау кодтың кіші түрін білдіреді. Мысалы, 
қазіргі қазақ ұлттық тілінің әдеби тілі, аумақтық диалект, әлеумет-
тік жаргон, ауызекі тіл сияқты түрлері – қазақ ұлттық тілінің, яғни 
біріңғай кодтың субкоды, немесе ішжүйесі.
Бұдан былай қосалқы код пен ішжүйе терминдерін біз сино-
нимдер ретінде қарастырамыз. Қосалқы кодты немесе ішжүйені 
І ТАРАУ. ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ 


20
21
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
де әрі қарай іштей бөліктерге бөлуге болады, сол арқылы төменгі 
деңгейдегі қосалқы кодтарды (ішжүйелерді) анықтауға болады. 
Мысалы, қазақ тілінің әдеби тілі ұлттық тілдің қосалқы коды бо-
лып табылады да, ол іштей екі түрге бөлінеді: кодталған тіл және 
ауызекі сөйлеу тілі, олардың әрқайсысы бір-біріне тәуелсіз, қатар 
өмір сүреді және атқаратын қызметі тұрғысынан да бір-бірінен
айырмаланады: кодталған тіл жазбаша сөйлеу түрінде, ал ауызша 
тіл – күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде қолданылады.
Өз кезегінде кодификацияланған әдеби тіл стильдерге сара-
ланады, стильдер сөйлесім жанрларының алуан түрлері арқылы 
жүзеге асады; ауызша тілде де мұндай саралаулар бар. 
Әлеуметтік лингвистикада субкодтар көбінесе тілдің өмір сүру 
формалары деп аталады, ал Батыста оларды тілдің регистрлері деп 
те атайды. Бір-бірімен функционалды толықтыру қатынастарында 
болатын белгілі бір тілдік қауымдастықтағы кодтар мен қосалқы 
кодтардың жиынтығы осы қауымдастықтың әлеуметтік-коммуни-
кативті жүйесі деп аталады. Бұл анықтамада «функционалды то-
лықтыру» тіркесін анықтауымыз қажет. Бұл әлеуметтік-коммуни-
кативті жүйені құрайтын кодтар мен субкодтардың әрқайсысының 
басқа кодтар мен субкодтардың қызметтерімен сәйкес келмейтін 
өз функциялары бар дегенді білдіреді, дегенмен де, олардың бар-
лығы орындайтын қызметтері тарапынан бірін-бірі толықтырып 
та отырады. Мысалы, әдеби тілдің ғылыми, ресми-іскери, публи-
цистикалық сияқты әр стилі басқа стильдерге тән емес өзіндік 
функциялары бар және олар сол қоғамның (әдеби тілде сөйлей-
тіндер қоғамы, олардан басқа, мысалы, диалектілерде, ауызекі 
тілде сөйлеушілер) барлық коммуникативті қажеттіліктеріне
«қызмет ете алатын» жүйе құрады, және олар барлық қарым-
қатынас салаларында бір-бірін функционалды түрде толықтыра-
ды. Көп тілді қоғамда әлеуметтік-коммуникативтік жүйені әрүрлі 
тілдер құрайды, осы тілдердің арасында қатысымдық қызметтер 
өзара бөлінеді (бұл жағдайда тілдердің әрқайсысы, әрине, диалек-
тілер, жаргондар, стильдер болып субкодтарға бөлінеді).
Әлеуметтік-коммуникативті жүйе ұғымын ғылыми айналымға 
1970 жылдардың ортасында мәскеулік ғалым А.Д. Швайцер ен-
гізді. Ол осы тұжырымдаманың функционалды жағын ерекше 
атап өтті: «Функционалды толықтыру байланысы дегеніміз бел-
гілі бір лингвистикалық ұжым ішінде өмір сүретін жүйелер мен 
ішжүйелерді қолдану салаларына қарай бөлу, мысалы, кітаби-
жазба сөйлесім, күнделікті ауызекі тіл және әлеуметтік қыз-
меттеріне қарай (ғылым, мәдениет, білім, дін), бір жағынан, ал 
әлеуметтік жағдағдаяттарға сай екінші жағынан ажыратып қарас- 
тыру», - деп түсіндірді. [18, б. 31].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет