Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану



Pdf көрінісі
бет13/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67
Байланысты:


1.5. КОД АУЫСТЫРУ 
Жоғарыда айтылғандай, әлеуметтік-коммуникативтік жүйені 
құрайтын кодтар (тілдер) және субкодтар (диалектілер, стильдер) 
функционалды түрде бөлінеді. Белгілі бір тілдік қауымдастыққа 
кіретін сөйлеушілердің контингентіне ортақ қарым-қатынас 
құралдарының жиынтығын меңгеру тән де, қауымдастық мүше-
лері оларды керек кезінде қарым-қатынас жағдайларына қарай 
пайдаланады. Мәселен, егер біз әдеби тілдің ішжүйелері (субкод-
тары) туралы айтатын болсақ, онда ғылыми қолданыста әдеби тіл-
дің иермендері ғылыми сөйлесім стилін іс қағаздарын жүргізуде, 
сот ісінде, әкімшілік хат алмасуда ресми іскерлік стильдің мүм-
кіндіктерін қолданады, ал дін саласында діни уағыз сөздер мен 
діни мәндегі тілдік құрылымдарға жүгінеді. Басқаша айтқанда, 
қарым-қатынас арнасына байланысты сөйлеуші бір тілдік құрал-
дардан басқаларына ауысып отырады. Осыған ұқсас жағдай екі 
(немесе бірнеше) тіл қолданыста болатын қоғамдарда жиі байқа-
лады. Билингвальдар, яғни екі (немесе бірнеше) тілді меңгерген 
адамдар, әдетте қарым-қатынас жағдайларына байланысты тілді 
таңдауды «реттеп отырады»: ресми жағдайда, билік өкілдерімен 
байланыс кезінде негізінен бір тіл, ал күнделікті өмірде, отбасын-
да, көршілермен қарым-қатынас кезінде басқасы (басқалары) қол-
данылады. Бұл жағдайда бір кодтан басқасына ауысу туралы ай-
туға болады, тек кодтар ретінде бір тілдің стильдері емес, әр түрлі 
тілдер қарастырылады. 
Код ауыстыру не кодтық алмасу – бұл ауызекі сөйлесу про-
цесінде сөйлеушінің қарым-қатынас жағдайларына байланысты 
бір тілден (диалектіден, стильден) екіншісіне ауысуы. Код ауысты-
руды қалай жүзеге асыруды таңдау әлеуметтік және лингвистика-
І ТАРАУ. ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ 


22
23
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
лық бірқатар факторларға байланысты анықталады. Бұл көбінесе 
екітілді, көп ұлтты және иммигранттық тілдік ортаға тән құбылыс. 
Тілдік қарым-қатынастағы код дегеніміз коммуникативтік актқа қа-
тысушы адамдардың өзара сөйлесетін тілі, диалект, сленг, стиль 
сияқты тілдің келесі бір нұсқасы, вербальды қарым-қатынаста қол-
данылатын жүйе. Коммуникативтік актқа қатысушылар бір-бірімен 
мәлімет алмасу үшін олар өздерінің ойын, сезімін білдіруге қатысты 
нақты кодты таңдайды. Стокуэллдің айтуынша (2002, 8-9), «код де-
геніміз – белгілі бір тілде, тілдің ішжүйесінде, диалектіде, акцентте, 
стильде әр түрлі жағдайларда және әртүрлі мақсаттарда сөйлесу не 
әңгімелесу үшін адамдар пайдаланатын ұлтшылдықтың белгісі».
Сол сияқты Рональд Вардау [19,101] кодты «кез келген жағдай-
да қолданылатын екі немесе одан да көп тараптардың арасындағы 
байланыс үшін қолданылатын жүйе» ретінде анықтауға болады деп 
тұжырымдайды. Холмс (1992) екі тілді немесе көп тілді қауымда-
стықта өмір сүретін адамдар бір-бірімен байланысқан кезде екі не-
месе одан да көп кодты қолдануға бейім келетінін айтады. Екі неме-
се одан да көп адам бір-бірімен сөйлескенде біз олардың қолданып 
отырған байланыс жүйесін код деп атауымызға болады. Сондықтан 
адамдар әдетте вербальды қатынаста белгілі бір кодты таңдайды, 
сонымен бірге олар бір кодтан екіншісіне ауысады немесе кодтарды 
алмастырып қолданады. Холмстің айтуынша, сөйлеушінің таңдаған 
тілдік формалары оның сөйлеп тұрған әлеуметтік жағдайына байла-
нысты болады. Оның не (тақырып) туралы айтып, кімге, қайда, қан-
дай оймен вербальды қарым-қатынас жасап тұрғаны (өзара іс-қимыл 
функциясы) маңызды. Нәтижесінде, бір ғана хабар әр түрлі адамдарға 
әр түрлі болып жетуі мүмкін.
Билингвальды не мультилингваль тараптардың коммуника-
циялық актіде бір тілден ауысып, екінші тілдің элементтерін (сөз, 
фраза, бірліктерді) ауыстырып қолдануы арқылы өзара түсіністік 
орын алады. Әдетте билингвальдық қатынаста екі тілдің біреуі үстем 
болып табылады: сөз алынатын тіл (қосалқы тіл- embedded language) 
болып табылады да, ал негізгі тіл матрицалық тіл (matrix language) 
деп аталады. Төменде код ауыстыруға мысалдар берілді:

If you have an exam next week, дайындықтарың әлсіз.
(ағылшын + қазақ)

Әріптестер, round table talk 2-ші қабатта болады.
(қазақ + ағылшын)

Я еще не сделал homework, brother? (орыс + ағылшын)

Ребята, үй жұмысын когда закончите? (орыс + қазақ)
Сөйлеушіні код ауыстыруға бірнеше себеп мәжбүрлейді. 
Мысалы, адресаттың (яғни, тыңдаушының) өзгеруі, адресаттың 
немесе үшінші әңгімелесушінің бір ғана тілде сөйлей алуы код
ауыстыруға себеп болуы мүмкін. Сөйлеушінің өзі рөліндегі өз-
геріс те код алмасуына себеп болатын фактор болады. Айталық, 
студент отбасымен сөйлескенде немесе сыныптастарымен кездес- 
кенде өзінің туған диалект тілін қолдана алады, ал ол универси-
тетте қалыптасқан сөйлеу формаларына ауысуға мәжбүр болады. 
Егер мұндай алмасу орын алмаса, адресантты басқалар түсінбей 
қалуы мүмкін, сондықтан ол өз мақсатына жете алмайды, басқаша 
айтқанда, коммуникативтік сәтсіздікке ұшырайды.
Код ауыстыру себептерінің жағдайлары төменде берілді:

Нақты тақырыпты ашу мақсатында: Адамдар, әдетте, бел-
гілі бір тақырып бойынша сөйлесу кезінде кодты ауыстыра-
ды, өйткені осы тақырыпты нақты ашу үшін осы тақырыпқа 
түсінікті тіл мен сөз бірліктерін таңдайды.

Біреуге сілтеме жасау, не қанатты сөздерді қолдану: Бәрі 
маған Don’t be shy дейді. Yesterday is a history, сондықтан бү-
гінмен өмір сүр!

Түсіндіру, қайталау: Кейде тыңдаушылар белгілі бір кодты 
түсіне алмайды. Сөйлеуші тыңдаушыға түсінікті болу үшін 
кодты қайталап айтуға мәжбүр болады.

Өзін-өзі таныту мақсатында: Кейде адамдар топты немесе 
оның мүшелерін басқа адамдарға таныстыру үшін тілін өзгер-
теді, онда сөйлеуші тыңдаушыға ерекше әсер ету үшін код 
ауыстырады. 

Лексикалық олқылықтарды толтыру функциясы. Осы сен-
біде English club-та, Halloween болады. Ертеңгі quiz-ге кім 
дайын? [20]
І ТАРАУ. ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ 


24
25
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
Сөйлеуші басқа кодқа ауысқан кезде, сол кодтың фонетика-
лық, грамматикалық және басқа тілдік нормаларына сәйкес түр-
ленеді. Қосалқы тілден алынған сөз негізгі тілдің фонетикасы мен 
грамматикасына сай ассимиляцияланады. Кодтарды ауыстыра алу 
қабілеті адамның тілді (немесе тілдің ішкі жүйелерін) жеткілікті 
деңгейде меңгергендігі, оның белгілі бір коммуникативтік қабілеті 
және жалпы мәдениеті туралы хабар береді. Кодтық ауыстырудың 
механизмдері адамдар арасындағы өзара түсіністікті және сөй-
лесім актісі үдерісіндегі салыстырмалы түрдегі қолайлылықты 
қамтамасыз етеді. Керісінше, индивидтің өз сөзін қарым-қатынас 
жағдайына байланысты түрлендіре алмауы, тек бір кодқа (немесе 
субкодқа) бейімділік екі не көп тілді ортада ауытқушылық ретін-
де қабылданады және коммуникативтік қақтығыстарға алып ке-
луі мүмкін. Кодтарды ауыстыру құбылысын тіл біліміндегі кірме 
сөздер және тілдегі кіріктіру секілді құбылыстардан ажырата білу 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет