26
27
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
4) Интеркалация – бұл екінші тілдегі сөйлесімге екі жақты,
маңызды бірліктерді (морфемаларды, фразаларды)
қосып
айту болса, ал интерференция кезінде барлық деңгейлерде
нормалардың бұзылуы байқалады.
Интерференция түрлері.
Интерференцияны екінші тілде сөй-
леу нормасынан ауытқу деп танимыз, оның түрлерінің
жіктелуі
А.Карлинскийдің теориясына негізделген [2, с. 9-16].
1) Сөз оралымының, тіркесінің құрылымын бұзу,
бұл сигнативті
интерференция деп аталады. Мысалы, шындыққа (-пен) мүл-
дем жанаспайды, аспазшы мамандығын (-на) оқу, зор жауапкер-
шілікпен (-те) қарау және т.б.
2) Мазмұнға қатысты интерференция семантикалық деп атала-
ды. Мысалы: бір тілдегі кейбір сөздердің мағынасының келесі
тілде болмауы не сәйкес келмеуі, мысалы, орыс тіліндегі «све-
жий» сөзі қазақ тілінде бірнеше нұсқамен беріледі: жас, жаңа,
балғын және т.б.
2) Екінші тілдің біріншісіне әсері өзара қатынастағы тілдердің
ішкі жүйелерін салыстыра отырып, анықталды:
а) дыбыстық жүйеде – фонемалардың комбинаторлық және пози-
циялық өзгерістері, прозодикалық сипаттамалары; бұл жағдайда
фонетикалық интерференция анықталады;
б) морфологиялық жүйеде –
сөз таптары санаттарында; бұл
жағдайда морфологиялық интерференция анықталады;
в) синтаксистік жүйеде – синтагмадағы тілдік бірліктердің қа-
рым-қатынасы; мұндай салыстырудың салдары синтаксистік
интерференцияны
анықтайды;
г) лексика, лексика-семантикалық жүйеде; бұл жағдайда лекси-
калық интерференция анықталады;
д) тілдің стилистикалық саралануы стилистикалық сәйкестік-
терді анықтайды, бұл салыстырудың
салдары стилистикалық
интерференцияны анықтайды;
Тілдердің арасындағы айырмашылық неғұрлым көп болса, тео-
риялық тұрғыдан интерференцияның ықтимал мүмкіндіктері де
соғұрлым көп, бірақ туыстас тілдер арасында ол аз байқалуы
мүмкін.
Интерференция – бұл жеке адамға тән құбылыс, алайда жап-
пай билингвизмге орай интерференциялық процестер көптеген
адамдардың сөйлесім актісіне тән
сипатта болады және моно-
лингтердің тілдік құзіреттілігіне әсер ете бастайды, бұл тілдің өз-
геруіне әкеледі. Интерференция тілде танылғаннан кейін (белгілі
бір тілдік код стандартының бір бөлігіне айналады), ол осы кодта
бөтен нәрсе сияқты сезілмей, қалыпты құбылысқа айналады.
Достарыңызбен бөлісу: