32
33
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
4. Коммуникативтік актқа қатысушылар бір-бірімен мәлімет
алмасу үшін олар өздерінің ойын,
сезімін білдіруге қатысты
нақты кодты таңдайды.
5. Тілдердің арасындағы айырмашылық неғұрлым көп бол-
са, теориялық тұрғыдан интерференцияның ықтимал мүмкін-
діктері де соғұрлым көп.
6. Екі тілдің байланысы кезінде жеңген тілдің құрамында
сақталып қалған жеңілген тілдің іздері – субстраттың интер-
ференциялық әсері, ең алдымен, тілдің фонетика мен синтак-
систік қабатында басым байқалады.
Тарауды қорытындылайтын сұрақтар:
1. Францияда тұратын француздар мен француз тілінде сөй-
лейтін канадалықтар бір қауымдастық құрмайды, неліктен?
2. Ана тілі болып табылмайтын
тілдердің атқаратын
функциялары мен оларды білу дәрежесі индивидтың тілдерді
меңгеру ретіне байланысты болады ма?
3. Қостілді қоғамда тілдер тең дәрежеде қолданылады ма?
4. Америкада ағылшын тілінен басқа тілдердің бәрі де «отба-
сы тілі» болып қарастырылады, неге деп ойлайсыз?
5. Тілдік қарым-қатынастағы код дегеніміз не?
6. Егер билингвтің тілінде бірінші тілдің екінші тілге әсері
байқалса, бұл жағдайда біз нені түсінеміз? Ал, екінші тілдің
біріншіге кері әсерін қалай атаймыз?
7. Қазақтілді телеарналардан әдеби тілдік нормадан
ауытқу
көріністеріне мысалдар жинау, қатенің себептерін
топта талдау.
8. Күрделі жасалымды гибридтерге, әсіресе қала ландшаф-
тына тән мысалдар келтіріңіз,
бұл жасалымдардың пайда
болу уәжін түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: