Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану


ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ МӘДЕНИ БІРЕГЕЙЛІК



Pdf көрінісі
бет20/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67
Байланысты:


2.2. ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ МӘДЕНИ БІРЕГЕЙЛІК
Қазіргі адамзаттың дамуында жаһандану – әлемнің тұтас- 
тығын, өзара байланыстылығын, өзара тәуелділігін және интег- 
ралдылығын қалыптастырушы әлемдік тенденция. Жаһандануға 
қарсылар жаһандануды гомогенизациялану деп санайды. Шын-
дығында, жаһандану жай гомогенизация емес, керісінше мәдени 
бірегейлікті тереңдетіп жақсартады, ерекшелейді. Себебі, бірін-
шіден, адамдар жай мәдени әсер етудің объектілері емес, мәде-
ниетті қабылдамайтын не өзгерте алатын субъектілерге айнала-
ды. Сонымен қатар, ғылым мен техниканың дамуымен адамдар 
бұрынғыдан да жақындаса түседі. Жаһанданудың жаңа дәуірінде 
адамдар өздерінің мәдениеттерінің бірегейлігі мен ерекшелігіне 
көбірек алаңдай бастады. Мәдени бірегейлік жергілікті білімнің 
жаһандық маңыздылығын айғақтап, жергілікті қоғам мен ұлт 
сезімін қорғайды. Ғылым, техника және экономикалық даму 
тұрғысынан алғанда, жаһандану конвергенция және гегемондық 
бақылау теориясын көрсетеді, бірақ терең мағынада мәдени біре-
гейлікті алға тартады. 
Дүние жүзіндегі адамзат атаулы бар ғасырлар бойы өзара 
тығыз байланыс орнатып келеді, бірақ соңғы уақытта бұл бай-
ланыстың қарқыны күрт өсті. Коммуникациялық төңкеріс өзінің 
жылдамдығы мен кеңеюінің арқасында әлемді жаһандық ауылға, 
көп ұлтты компаниялар әлемді ортақ жаһандық нарыққа айнал-
дырды. Реактивті ұшақтар, арзан телефон қызметі, электрондық 
пошталар, компьютерлер, айдынды мұхитқа арналған кемелер, 
жедел капиталдар ағыны – осының бәрі әлемді бұрынғыдан да 
өзара тәуелді етуде. Алайда әлемде ұлтаралық, мәдениаралық 
және дінаралық қақтығыстар да туындап отыр. Адамдар өздерінің 
мәдени тамырларын іздеуге кірісуде. Академиялық мінбелерде 
жаһандану және мәдени бірегейлік қызу талқылануда. Аз топтар 
мен жергілікті халықтар жаңа жаһандық дәуірде өздерінің мәдени 
және әлеуметтік ерекшеліктерін дәлелдеп, қорғауда. Бұл жаһанда-
ну және мәдени бірегейлік туралы жағдайды күрделендіре түседі. 
Бұл мәселеге енді аналитикалық тұрғыдан қарау тиімді болады. 
Бір жағынан, біз жаһандануды дәлірек түсінуіміз керек; екінші 
жағынан, біз мәдениетке қатысты нақты жауапқа ие болуымыз 
керек. Сонда ғана жаһанданудың мәдениеттерге әсерін түсінуге 
болады. 
Жаһандану – бұл әлемдік тенденция. Көпұлтты корпорация- 
лар көптеген елдерде өнімдер шығарып, сан алуан тауарларды 
әлемнің түпкір-түпкірінде тұтынушыларға сатады. Ақша, техно-
логия және шикізат ұлттық шекаралардан асып тез дамып келеді. 
Тауарлар мен қаржылармен қатар идеялар мен мәдениеттер еркін 
таралуда. Нәтижесінде халықаралық деңгейде заңдар, экономика-
лық қатынастар мен әлеуметтік қозғалыстар қалыптасуда. Алай-
да жаһанданудың қазіргі келбеті либералды капитализм мен ма-
териалистік құндылықтарға сұраныстың артуымен сипатталады 
[37]. Экономикалық жүйе басқа әлеуметтік жүйелерді басқаратын 
үстемдікке ие болғандықтан, материалистік және тұтынушылық 
мәдениет бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың са-
тып алуға қызығушылығын арттыру үшін жарнамаланып, та-
ратылады. Табиғи өмір салты механикалық және жекелік өмір 
сүру салтына ауысып барады. Әр елдегі байлар мен кедейлердің, 
сондай-ақ бай және кедей елдердің арасындағы алшақтық артып 
келеді (Су, 2001). Қазір әлем халқының 80 пайызы әлемдік табы-
стың 20 пайызы ғана түсетін кедей елдерден тұрады. Алайда әлем 
жаһандық ауылға айналып келе жатқанымен де, бірақ әлем тұтас 
бір қауымдастыққа айнала алмайды.
Жаһандану үрдісіне қарсы пікірдегілер әлем жаңа жаһан-
дық дәуірде біртектес (гомогенизацияланып) болып бара жатыр 
дейді. Бүкіл әлемде тұтыну тауарлары біртектес болып келеді. 
Адамдар ұшақтар мен көліктерден бастап, тіптен түйреуіштер-
ге дейін бірдей тауарларды қолданады: бұл материалдық әлемге 
және физикалық жайлылыққа бағытталған тұтынушылық өмір 
салты мен құндылықтар жүйесімен түсіндіріледі [38]. Гомогени-
зация – бұл негізінен нарықтық күштердің ықпалымен адамдарға 
жапсырылған нәрсе. Ол адамдарды объект ретінде қарастырды. 
Алайда адамдар белгілі бір тауарларды пайдаланған кезде, олар 
өздерінің өмір салтына сай өзін субъект ретінде әрекет етеді және 
өзгерте алады. Адамдар белсенділік танытып, тұтынушы ретінде 
өз таңдауларын жасауға мол еркіндіктері болады. Осы тұрғыдан 
алғанда, адамдар сыртқы факторларға қарамастан, өз таңдаула-
II ТАРАУ. ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ


40
41
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
рын жасап, өз талғамдарын жүзеге асыра алды. Әлемдік тенден-
ция мәдени әралуандылықты жоя алмайды, өйткені әркімнің өз 
мәдениетін сақтап, ұстануына құқығы бар. Шындығында, жаһан-
дық қатынастардың жаңа парадигмасы пайда болды, ол мәдениет-
тер диалогына негізделген. Толеранттылыққа, өзара сыйластыққа, 
ынтымақтастыққа дайын болуға негізделген мәдениеттердің ин-
теграциясы – бұл әлем құрылымының көпқырлы моделін құрудың 
маңызды шарты. Бұл мәдениеттер диалогы адамдардың рухани, 
интеллектуалдық, эмоционалды тұрғыдан баюына ықпал жасай-
ды, мемлекеттер арасындағы қатынастардың жылынуына қол 
жеткізуге көмектеседі, бұл әлемде қақтығыстардың азаюына мүм-
кіндік береді.
Тұтынушылық мәдениеттің жаһандануы жалпы әртүрлі мә-
дениет өкілдерін жақындастырады, ал бірақ барлығын бір мәде-
ниетке тоғыстырып, консьюмеризм гомогенизациясы орнамайды. 
Мәдениет – бұл табиғатты ізгілендіретін және әлеуметтендіретін 
әр халықтың өмір сүру тәсілі. Ол жеке дүниетанымды, айыр-
маланатын құндылықтар жүйесін және әлеуметтік қатынастар 
желісін білдіреді [38]. Мәдениет статикалық дүние емес, ол 
белгілі бір топтың таңдаған әдет-ғұрыптары мен өз дәстүрлері-
не деген құрметтен туады. Шынында да, мәдениет ұжымдық, 
танымдық құндылықтарды айқындайтын нанымдар мен көзқа-
растардың символдық жүйесі, қабылдау мен мінез-құлықты 
қалыптастыру – дерексіз «ақыл-ой» коды. Ол сондай-ақ, адам-
ның әлеуметтік ойлау қабілетіне байланысты білім мен нанымдар-
дың, мінез-құлықтың біртұтас үлгісін көрсетеді» деп анықтай-
ды (Сұлтанбаева). Мәдениетті үш өлшеммен талдауға болады 
[39]. Бірінші деңгейде адамдар табиғатқа тікелей қатысты әрекет 
етеді. Олар қарапайым өнімдер өндіреді және қолданады, сонан 
кейін оларды айырбастайды. Екінші деңгей адамдарға қоғамдық 
қатынастарды құруға, қауымдастық құруға және оны атап өту-
ге көмектесетін рәміздер мен рәсімдерге қатысты. Үшінші дең-
гей – мақсаттар мен уәждердің мәнін, болмысын ашатын түпкі 
мағынаны діндер мен идеологиялардан іздестіру керек. Бұл үш 
деңгей әлеуметтік топтың бірегейлігін қамтамасыз етеді және оны 
басқа топтардан ерекшелейді. Мәдениеттер уақыт өтуімен өзге-
руде. Адамдар мәдениетті жасайды, мәдениет адамды жасайды 
[40]. Мәдениет ауыспалы экономикалық және әлеуметтік-саяси 
жағдайлармен диалогта өзгереді. Мәдениеттің өзі олармен ком-
мерциялық немесе саяси қатынастар арқылы байланыс орнатқан 
басқа мәдениеттермен бірге өзгереді. Алайда мәдениеттерді 
адамдар жасайды. Мәдениеттің қайнар бастауында еркіндігі мен 
шығармашылығы басым адамдар тобынан құралған әлеуметтік 
агенттік тұрады. Шығармашылық тұлғалар мәдениеттің өзгеруі-
не және дамуына ықпал ете алады. Адамдар – жай мәдени әсер 
етудің нысандары ғана болып қоймай, әртүрлі әсерді егжейлеп, 
сүзіп қабылдай алатын не оларды қабылдамай немесе өзгертетін
субъектілер. Кейде жаһандануға қарсылар адамдардың субъек-
тивті күшін ескермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет