Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану


б) Австралиялық көпмәдениеттілік моделі



Pdf көрінісі
бет39/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   67
Байланысты:


б) Австралиялық көпмәдениеттілік моделі.
Австралияда көп мәдениетті қоғам құрылғанға дейін мем-
лекетте оқшаулану саясаты жүргізілді. Австралияда 1901 жылы 
қабылданған «Иммиграция туралы заң» билеуші элиталарға оқ-
шаулануды басқарудың әкімшілік негізі ретінде қызмет етті. «Аза-
маттық туралы» заң (1948 ж.) өзгерістерімен, «Көші-қон туралы 
заң» (1958 ж.) өзгерістерімен, «Шетелдіктер туралы акт» (1984) 
өзгерістерімен, және «Виза режимі туралы акт» (1997) қабылдан-
ды, осы аталған заңды құжаттардан кейін Австралия көп мәдени-
еттілікке бет түзеді.
Айта кету керек, «көпмәдениеттілік» терминінің саяси лек-
сикада көрінісі Австралияның миграция министрі Аль Кресбидің 
есімімен байланысты (1970). Ол шынымен де англосаксондықтар 
мен жаңа австралиялықтар арасындағы антагонизмді жеңу үшін 
көп қызмет атқарды. 1979 жылы үкімет Австралияда мәдени 
әртүрлілік институтын негіздеді, ал 1987 жылы үкімет Көпмә-
дениеттілік комитетін құрды. Австралия мемлекеті иммиграция- 
лық саясатты ойдағыдай дамытып, нәсілшілдіктен көпмәдениетті 
мемлекетке айналды.
в) Канадалық көпмәдениеттілік моделі.
Канадада көп мәдениетті қоғамның қалыптасуы ХХ ғасы-
рдың 60-жылдарында басталды. Канадада нәсілдік, этникалық 
және конфессиялық әртүрлілік кең етек жайды, бұл Канада қоға-
мының басты ұлттық ерекшелігіне айналды. Бұл дегеніміз, көпмә-
дениеттілік – канадалықтардың маңызды ұлттық сипаттамалары-
ның бірі. Көпмәдениеттілік Канадалық бостандық пен құқық 
хартиясының 27-тармағында қорғалған. Канада саясатының 
АҚШ пен Австралиядан айырмашылығы, бұл мемлекет жер-
гілікті этникалық топтарды үстемдік ететін халықтың ассими-
ляциясына ұшыратқан емес. Канада – көптілді ел. Этникалық
қауымдастықтардың барлық мүшелерінің ана тілінде сөйле-
уіне, оқуға құқығы бар. Осы тілдік жағдаяттың нәтижесінде 
Канаданың этникалық аз топтары өздерінің мәдени ерекшелік-
терін сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет