96
97
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
өнімдер мен қызметтер, мысалы, кино, музыка және бейнежария-
ланымдардың халықаралық саудасын арттырады. Мәдени өнім
саудасының кеңеюі барлық қоғамдарда
шетелдік мәдениеттерге
деген қызығушылығын арттыруда. Шетелдік мәдени тауарларға
деген сұраныстың артуы жергілікті мәдениеттердің, құндылықтар
мен дәстүрлердің өзгеруіне әкеледі. Коммерциялық бұқаралық
ақпарат құралдары мен шет елдік өнімдердің қол жетімділігінің
артуы жергілікті мәдениетті «жоққа шығаруы» мүмкін. Жаһанда-
нудың ұлттық мәдениеттерге тигізетін зардаптары туралы нақты
тиянақты анықталған ғылыми шешімдер болмаса да, көптеген
адамдар сырттан енген шетелдік мәдениет ұлттық мәдени бол-
мысқа нұқсан келтірері анық деп санайды. «Мұндағы бар мәселе
сыртқы құндылықтар мен ішкі құндылықтардың арақатынасына,
яғни сырттан келіп жатқан құндылықтардың ішкі құндылықтарға
сәйкес келіп, оның ұлттық дәстүрлердің өзіндік табиғи жолымен
дамуына
кедергі келтірмейтіндей, керісінше, байыта түсетіндей
болуына байланысты болмақ. Өкінішке орай,
ұлттық мәдениет-
тердің, тілдердің сырттан өзіне қажетті құндылықтарды алып,
байи түсуімен қатар, сәйкеспей, ұлттық болмысты деформацияға
ұшырату үдерісі де қатар жүруде» [74].
Достарыңызбен бөлісу: