Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану


Жаһанданудың мәдени әралуандыққа оң әсері



Pdf көрінісі
бет42/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   67
Байланысты:


Жаһанданудың мәдени әралуандыққа оң әсері. Жаһандану-
дың негізгі қозғаушы күшіне айналған технологиялық револю-
ция жаңа деңгейде ақпарат алмасуға, және кей мәдениеттердің 
әлемде қарыштап таралуына қуатты серпіліс берді. Бұл мәдени-
еттер иесінің әлемдік нарықта қуаты артып, әлемдік аренада ба-
сымдық танытуына мол мүмкіндіктер ашылды. Технологияның 
қарқынды дамуы әр елдің бет бейнесін шынайы бейнелеп, жеке 
мәдениеттердің құралдары трюизммен елдің мәдени портреттерін 
жариялауға мүмкіндік берді. «Мәдениеттер мен құндылықтардың 
саналуандылығына серпін берген жаңа массмедиа қарыштап да-
мыды»[75]. Жаһандық медиа орталықтары этностың өз дауысы-
на ие болуына мүмкіндік берді, олардың хабардарлығын артты-
руға, көпшілікке төл тарихын жарнамалап, өзіндік ерекшеліктерін 
мәлімдеуге септігін тигізді. Бұл сонымен қатар мәдениетті сақта-
уда маңызды болып табылатын мәселелер туралы және олардың 
әралуандығын сақтауға мүмкіндік беретін маңызды зерттеулер 
мен есептер туралы хабарлады. Жеке этностың өзінің медиа- 
өндіріс компанияларына басшылық ете алуы, олардың мәдени 
құндылығы ретінде саналатын артефактілерді, рухани, мәдени 
құндылықтары мен қасиетті орын, мекендерін транслацияла-
уға мүмкіндік берді. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстандық 
даму осының мысалы бола алады. «Мәдениет туралы» ҚР Заңы
(2006 ж.) еліміздегі мәдениетті жасау, қайта түлету, сақтау, дамы-
ту, тарату және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастар-
ды реттеді және мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың 
құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық 
негіздерін айқындайды. Осы заңда көрсетілген мәдени мұраны 
сақтау мен тиімді пайдалануды мақсат еткен «Мәдени мұра» және 
«Халық тарих толқынында» атты мемлекеттік бағдарламалар та-
бысты нәтиже көрсетті [http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z060000207].
Жаһанданудың тағы бір артықшылығы білім саласында 
әлемдік білім алуды қол жетімді жасады. Жаһандану объективті 
шындық ретінде жоғары білім берудің ұлттық жүйесінен жалпы 
адамзаттық этикалық құндылықтарға бағытталған, халықаралық 
ынтымақтастық қажеттілігін ескеретін жаңаша мақсатты бағдар-
лануды талап етті. 2010 жылы Қазақстан жоғарғы білім берудің 
еуропалық аймағына қатысатын елдердің Білім беру Министр-
лерінің ІІ Болондық Форумында – Қазақстан Болондық үдеріске 
енді. Болон процесінің қағидаларына сәйкес, ЖОО-на білім беру, 
ғылыми, қаржылық, халықаралық және өзгеде қызметтерін жү-
зеге асыруда еркіндік берілді. Бұл студенттердің академиялық 
кеңістікте әлемдік ұтқырлығын арттырды, сонымен қатар түлек-
терге жаһандық сұраныстағы жұмыстарға орналасуларына есік 
ашылды.
Дүниежүзілік азаматтар (notion of global citizens) мен да-
мыған жаһандық жүйенің білімді жұмыс күші (the well-educated 
workforce) деген түсініктің пайда болуы білім берудің басым-
дықтарын өзгертті және білім берудің дәстүрлі қалыптасқан стан-
дарттары мен бағдарламаларына өзгерістер енгізді. Сонымен қа-
тар елдер жаһанданудың шапшаңдығын мойындай отырып, кейбір 
елдер жаһанданудың жаңа тенденцияларының талаптарына жауап 
беретін білім беру шеңберіндегі өздерінің мәдени әралуандығын 
нақтылау бойынша өздеріне тиімді ізденістер жасады.
ІV ТАРАУ. МИГРАЦИЯ. ОРАЛМАН. КӨПҰЛТТЫЛЫҚ. 
КӨПМӘДЕНИЕТТІЛІК. МӘДЕНИ ӘРАЛУАНДЫҚ


98
99
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
Жаһандану бүкіл әлемде ағылшын тілді білімге деген қы-
зығушылықтың артуына ықпал етті. Ағылшын тілінің дүние- 
жүзілік байланыстырушы, ғаламдық тіл ретінде пайда болуын 
қолдай отырып, көптеген мектептер, тіпті бакалавриат, PhD 
деңгейінде де, ағылшын тіліне қойылатын талаптарды көтерді. 
«Жаһандану үдерісінде ағылшын тілі – негізгі қозғаушы күш. 
Қазіргі заманда білім мен ғылымның тіліне айналған ағылшын 
тілін өмір қажеттілігіне байланысты қолдану барысында басқа 
ұлттың өкілдері біртіндеп ана тілінде сөйлеуден қалып, ұлт-
тық құндылықтарынан бас тартып жатыр»[76]. Жаһанданудың 
білімге тигізген жағымсыз әсерінің мысалы ретінде Нигериядағы 
жағдайды атауға болады, онда азаматтардың өздерінің ұлттық 
ана тілдерінде білім алу мүмкіндігі қолжетімсіз болып отыр. Бұл 
мәдени әралуандылықты сақтау үшін көптеген жергілікті тілдер-
ге қамқорлық жасалуы керек дегенді білдіреді. Германиядағы,
Қытайдағы, Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер – на-
рықтық сұранысқа сай ағылшын тілінде курстардың, ЖОО бағдар-
ламаларына ағылшын тілі сағаттарының көбеюімен, халықаралық 
стандарттарға сай ағылшын тілінде басқарылатын ЖОО-лардың 
ашылуымен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет