V. ТАРАУ. ТІЛ САЯСАТЫ. Тарауда қарастыратын терминдер мен ұғымдар: Мемлекеттік тіл – бұл мемлекеттік мекемелердің, құжат ай-
налымының, заң шығарушы және заңнамалық актілердің,
жоғары оқу орындарының және ғылыми жарияланымдардың
қолданатын заңмен бекітілген тілі. Бүкіл функционалды және
құрылымдық ұйымның ішінде мемлекеттік тіл – бұл ұлттық
әдеби тіл, халыққа ортақ тілдің ең жоғарғы өңделген түрі.
Ресми тіл – заңмен бекітілген мемлекеттік емес тіл, мемле-
кеттік басқару, заңнама және сот ісін жүргізу тілі. Көбінесе ол
мемлекеттік тілмен қатар қолданылады.
Титулдық тіл дегеніміз– ұлттық-мемлекеттік немесе ұлт-
тық-аумақтық бірліктің атауы берілген этностардың, халықтар-
дың атауымен сәйкес келетін тіл.
Аймақтық тіл – бұл мемлекеттегі халықтың көпшілігі сөйлей-
тін ресми емес тіл.
Аз ұлттар тілдері – бұл негізінен осы этникалық топ өкілдері күн-
делікті қарым-қатынаста қолданатын саны аз ұлттардың тілдері.
Сегрегация (лат. segregatio - бөлу, оқшаулау, алып тастау,
бөлектеу) – адамдардың күнделікті өмірдегі жүйелі түрде
нәсілдік, этникалық немесе басқа топтарға бөлінуі.
Тіл саясаты дегеніміз – мемлекеттің белгілі бір мемлекеттік
немесе әкімшілік аумақта орналасқан қоғамдағы тілдің жұмы-
сына саналы түрде әсер етуі, тілді жоспарлау саясаты.
Тілдік жағдаят– бір тілдің немесе осы/басқа да тілдердің,
оның формаларының (жергілікті, әлеуметтік диалектілер, кой-
не, жаргон, тілдің функционалды стильдік түрлері) белгілі гео-
графиялық аймақта, немесе әкімшілік-саяси құрылымдардың
шекараларында өзара әрекеттесіп өмір сүруі, не тілдердің өзара
аумақтық-әлеуметтік қатынастарда және функционалды өзара
әрекеттесуде айқындалатын басым лингвистикалық ахуалы.
V. ТАРАУ. ТІЛ САЯСАТЫ.