Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану


ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ӨМІРШЕҢДІК



Pdf көрінісі
бет47/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   67
Байланысты:


5.2. ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ӨМІРШЕҢДІК
Көптілді ұлттар мен қауымдастықтардың күнделікті қолда-
нысындағы тілдердің ресми мәртебесін әлеуметтік, саяси және 
осы тілдерге деген көзқарасты құрайтын мінез-құлық фактор-
лары анықтайды. Бұл факторлардың барлығы әртүрлі тілдердің 
«этнолингвистикалық өміршеңдігін» сипаттайды. Әлеуметтік 
психология пәнінің тілдік зерттеулерінен этнолингвистикалық 
өміршеңдік ұғымы туындады. Әдетте зерттеушілер сөйлеу- 
шілер тобы мен қоғамдағы қоданыстағы тілдердің өзара қа-
рым-қатынасына қызығушылық танытады. Олар «неге кейбір 
тілдер қоғамда орын алып жатқан әлеуметтік өзгерістерге қа-
тысты беріктік танытады, ал кейбіреулері бірнеше ұрпақтардан 
кейін ұмытылып қалады?», «тіл топтың немесе этностың біре-
гейлігін анықтауда қандай рөл атқарады?» деген сұрақтарды 
қою арқылы тілдің қоғамдағы жай-күйін сараптайды. «Этно-
лингвистикалық өміршеңдік» термині өзінің атауын ертеректе-
гі зерттеулер үшін фундаменталды негіз болған екі мәселеден 
алады. Тілдің кез келген түрі, егер ол кеңінен қолданыста бол-
са, салыстырмалы түрде бұл тіл жоғары «өміршеңдікке» ие деп 
қарастырылады. Мұндай өміршеңдік белгілі бір тілдің кейінгі 
ұрпақтары осы тілде сөйлеуін жалғастыра ма, жоқ па, немесе 
олардың басқа бөтен тілге ауысуы мүмкін екендігінің дәлел-
ді көрсеткіші болып табылады. «Этнолингвистикалық» деген 
анықтауыш сөзі зерттеушілердің нақты бір тілді пайдалануда 
мәдени немесе этникалық бірегейлікті анықтауда өте маңызды 
фактор болып табылады деген пікірін білдіреді. Кез келген тіл-
де сөйлейтін (этникалық) топтың демографиясы, тілге берілген 
мәртебе және тілді институционалды қолдау – бұл тілдердің са-
лыстырмалы қуаттылығы мен өміршеңдігін бағалаудың маңыз- 
ды факторлары.
Төменде этнолингвистикалық өміршеңдік моделі берілді
бұл модель тілдердің салыстырмалы өміршеңдігін немесе қу-


110
111
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
аттылығын сипаттау мен салыстырудың сенімді құралы ғана 
емес, сонымен бірге әлеуметтік маңызы жойылып бара жатқан 
кей тілдердің ұзақ мерзімді қызмет етуіне ықпал етуге болатын 
әрекеттер немесе қызмет түрлерін тауып ұсыну үшін де пай-
даланылады. Бұл 3-кестеде өміршеңдік үш кластерден тұрады: 
тіл мәртебесі, тілі арқылы анықталатын топтың демографиясы 
және тілге бейімделген, оны қолдайтын институционалды ша-
ралар. 
3-кесте. Этнолингвистикалық өміршеңдікке ықпал ететін 
факторлар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет