Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану


Өміршеңдік Тілдің мәртебесі



Pdf көрінісі
бет48/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   67
Байланысты:


Өміршеңдік
Тілдің мәртебесі
Демография
Институционалды 
қолдау
Экономикалық мәр-
тебе
Әлеуметтік мәртебе
Әлеуметтік-тарихи 
мәртебе
Лингвистикалық мәр-
тебе: ішкі, сыртқы
Таралуы: 
ұлттық территория, 
шоғырлану, 
бөлісу
Ресми: 
БАҚ, 
білім беру, 
үкімет, қызметтер
Сандық:
туу коэффициенті
аралас неке
иммиграция
эмиграция
Бейресми:
Өнеркәсіп,
дін,
мәдениет
Тіл өміршеңдігіне әсер ететін мәртебе факторлары. Бір 
тілдің иермендері өздері өмір сүретін қоғамдық ортада жоға-
ры әлеуметтік мәртебеге ие болса, онда олар сөйлейтін тіл де 
сол қоғамда жоғары әлеуметтік немесе экономикалық мәртебе-
ге ие болуы мүмкін. Осыған орай, олардың қолданатын тілінің 
этнолингвистикалық өміршеңдігі де жоғары болады. Тілдің 
қоғамдағы және одан тыс қолданыстағы мәртебесі де маңыз-
ды. Яғни, тілдің қоғамда қалыптасқан тарихи мәртебесі де 
ықпалды бола алады. Мысалы, латын тілі Еуропада күнделікті 
V. ТАРАУ. ТІЛ САЯСАТЫ. 
қарым- қатынас тілі ретінде қолданыстан шыққанмен де, бірне-
ше ғасырдан кейін де өміршеңдігін сақтады. Латын тілін жетік 
меңгерген адамдар үлкен экономикалық және әлеуметтік мәр-
тебеге ие болды, тіпті тілді білмейтін адамдар осы тілді мең-
гергендерге құрметпен қарады (яғни, ол латын тілді қауымдас- 
тықтан да тыс басқа орталарда жоғары құрметке ие болды). 
Тілдің өміршеңдігіне әсер ететін институционалды фак-
торлар. Тілдің өміршеңдігінің тұрақтылығы мен дамуына ин-
ституционалды қолдау шаралары тікелей ықпал етеді, тілдің 
сақталуы мен әлеуметтік қолданыстағы беделі осы әрекеттердің 
арқасында жанданып, тереңдей түседі. Тілді танымал бұқаралық 
ақпарат құралдарында, білім беру саласында және ресми мемле-
кеттік іс-шараларда, бизнесте кеңінен қолдану оның салыстыр-
малы түрде өміршеңдігін арттырады. Мысалы, Оңтүстік Африка 
және Вануату өз Конституцияларында ресми және ұлттық тілдер-
ге арнайы атап дәреже беру арқылы олардың мәртебелерін жетіл-
діруге, жергілікті тілдердің тыныс-тіршілігін арттыруға тырысуда. 
Кей елдің жағдаятында, тіл күнделікті қарым-қатынас үшін 
кең қолданыста болмаса да көптеген жергілікті және үй тұрмы-
сындағы іс-шараларда, мысалы, діни мақсаттарда және ұлттық 
мәдени шаралар үшін тілді қолдау – оның тіршілік ету дәрежесін 
сақтайды, сонымен қатар оның ұзақ мерзімді қолданыста болуына 
септігін тигізеді. Бұған Маврикийдегі күрделі әлеуметтік-лингви-
стикалық жағдай дәлел бола алады. Маврикий – Үнді мұхитын-
дағы этникалық және тілдік жағынан құрамы әр түрлі ұлт болып 
табылады. Бұнда халық көбінесе үйде және ауызекі тілде, күн-
делікті қарапайым іскерлік қарым-қатынаста мавритандық креол 
тілінде сөйлеседі, сонымен бірге ағылшын және француз тілдері 
де ресми әлеуметтік қолданыста қатар өмір сүруде. Оның үстіне, 
үнді-мавритандықтардың көпшілігі өздерінің «мұра» тілдері – 
үнді тілдерін де қолданады (мысалы, гужарати, панджаби, хинди 
және урду). Бұл тілдерді Үндістан мен Пәкістаннан Маврикийге 
келген еңбек мигранттарының ұрпақтары қазіргі уақытта негізі-
нен үйлерінде ғана қолданады. Сөйтіп, француз және ағылшын 
тілдері ресми институционалды шараларда жоғары өміршеңдік-
ке ие, ал мавритандық креол да басқа (негізінен демографиялық) 


112
113
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
шараларда жоғары өміршеңдік танытады. Сонымен қатар, ресми 
емес институционалдық қолдау да тілдің өміршеңдігін анықтауда 
маңызды рөл атқара алады. Маврикийде өткен соңғы екі халық 
санағында бірнеше адам «араб» тілін өздерінің «мұра» тілі ретін-
де көрсеткен. Соңғы жүргізілген бірнеше халық санағы бойынша 
орын алған үрдістерді мұқият талдауда кейбір мұсылман респон-
денттердің араб тілін өздерінің «мұра» тілдері ретінде есептей-
тіндігі анықталды. Маврикийдегі барлық мұсылмандар өздерінің 
шығу тегі бойынша Таяу Шығыстан келгендер емес, үнді-маври-
тандықтар, сондықтан олар урду немесе гуджарати тәрізді бір тіл-
ді өздерінің мұралық тілі ретінде көрсетулері керек еді. Алайда, 
араб тілін қолданатындардың саны көбейіп келе жатқандығының 
бір түсіндірмесі – араб тілі Құран мен хадистің тілі болғандықтан, 
бұл қолданыс араб тіліне мұсылман қоғамдастығында айтар-
лықтай ресми емес түрде институционалды өміршеңдік береді. 
Сондықтан, Құран мен хадис тілі мұсылман қауымдастығында 
жоғары әлеуметтік-тарихи мәртебеге ие, бұл кітаптар қоғам үшін 
мәдени сабақтастық сезімін қамтамасыз етудің маңызды факторы 
болып табылады. Осы орын алып отырған шаралардың әсерінен 
кейбір үнді-мавритандықтар қазір араб тілін өздерінің «мұра» тілі 
ретінде анықтауы мүмкін, бірақ араб тілі қолданыста өте сирек 
кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет