114
115
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
лық Америкалық испан тілінің кейбір диалектілері бірнеше ұр-
пақ бойына тұрақты көшіп келудің нәтижесінде толығып келеді.
Бүгінде барлық қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы
ретінде мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға басты назар ауда-
рылып отыр. Қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығай-
ту және оның әлеуметтік-коммуникативтік міндеттерін кеңейту ел
ұстанып отырған саясаттың басты стратегиялық басымдығы бо-
лып отыр, әсіресе, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салалар-
да қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр. 3-ке-
стеде көрсетілген әртүрлі факторларды болжап, барлау арқылы
кейбір көкейтесті мәселелерді анықтап, реттеуге болады. Са-
лыстырмалы түрде, басқаларға қарағанда қандай факторларға
көңіл бөлу керектігі белгілі бір қауымдастықтың тілдік жағ-
даятын терең қарастырған зерттеулер нәтижесіне негізделуі ке-
рек. Мысалы, мемлекеттік мәртебесі бар қазақ тілі қазір ғылым
мен білімнің, ақпараттың, мемлекеттік іс-қағаздарының, әлеу-
меттік-мәдени қарым-қатынастың тіліне айналған деңгейін ел-
дегі тіл жағдаяты мен қазақ тілінің қолданыс мәселелерін зерт-
теп барып, осы тілдің өміршеңдік моделіне сәйкес нені және
қалай дамыту керек тұстарын анықтауға болады. «Тілді тіл
ғылымы мен әдебиеттің нысаны етумен ғана шектелмей, бүкіл
Қазақ елінің ұлттық сұранысы мен мемлекеттік мәртебесіне
айналдыру – қашанда өзекті мәселе. Мемлекеттік тілге деген
құрмет пен ықылас ұлттық сананың биігіне көтеріліп, жалпы-
халықтық мүдде кеңістігіне шығуы ләзім»[79].
Достарыңызбен бөлісу: