Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану



Pdf көрінісі
бет51/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67
Байланысты:


понентті және көп компонентті болады. Бір компонентті ТЖ 
Исландияға тән. 13 ғасырдың басында жазба тілі пайда болған 
исланд тілі диалектілерге бөлінбейді. Бір қызықты факт, бұл 
тіл іштей тілдің басқа өмір сүру формаларына бөлінбейді, оның 
жазбаша және ауызша қолдану нормаларының арасындағы
айырмашылықтар басқа ұлттық тілдердегідей көп емес. Осы-
дан келіп, Исландиядағы ТЖ бір компонентті деп анықтала-
ды. Көп компонентті ТЖ-ның мысалына Венгрияның жағдайы 
ұсынылады. Венгрияның ресми тілі (шамамен 10 миллион 
адам) – бұл мажар тілі, бұл халықтың шамамен 98%-ына ана 
тілі болып табылады. Мажар тілі диалектілерінің арасындағы 
диалектикалық айырмашылықтар онша ерекшеленбейді, және 
бұл тілде сөйлейтіндер бір-бірін ешқандай қиындықсыз түсі-
неді. Тіл иермендері сегіз топқа бөлінеді, олардың ішінде Тран-
сильвания және жартылай Молдовада тұратын секлер диалек-
тісі тобы біршама бөлек ұстанымға ие. Екі компонентті және 
көпкомпонентті ТЖ-ның басым көпшілігі теңестірілмеген, 
мысалы, Ресей Федерациясының Қалмақия Республикасында 
– орыс, қалмақ, Испанияда – испан, каталан, галисий, баск тіл-
дері жағдайын атауға болады. 
Тілдердің салыстырмалы демографиялық күшіне байла-
нысты ТЖ демографиялық тепе-теңдік және тепе-тең емес 
болып бөлінеді. Демографиялық теңдестірілген тілдік жағдай-
дың ең жарқын мысалы Швейцариядағы ТЖ болып табылады, 
мұнда неміс, француз және итальян тілдерінің қатысымдық 
қолданыстағы функциялары тепе-тең көлемде, ал осы елдегі 
ретроман тілінің заңды түрде басқа тілдермен тең жағдайына 
қарамастан, аталған үш тілмен қатар түсе алмайды. Бұл тіл тек 
бірнеше ондаған мың адамға қызмет етеді, ол кең таралмаған 
және беделді емес.
Жоғарыда берілген анықтамаларға сүйене отырып,
Қазақстанның тілдік жағдаятына тоқталсақ. 1995 жылдың
30 тамызындағы республикалық референдумда қабылданған 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында: «Қа-
зақстан Республикасында мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп 
V. ТАРАУ. ТІЛ САЯСАТЫ. 
аталды, Конституция негізінде «Қазақстан Республикасының 
Тіл туралы» Заңы қабылданды. «Тіл туралы» Заңның 4 бабын-
да: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» 
деп айтылған. Мемлекеттік тіл – мемлекеттік басқару, заңнама, 
сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі, мемлекет ішін-
де қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын 
тіл. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті басқару органда-
рында қазақ тілімен қатар орыс тілі ресми түрде қолданылады 
[82]. Құжатқа сәйкес орыс тілінің мәртебесі оның Қазақстан-
дағы өзектілігін көрсетеді, өйткені ғылыми және мәдени ақпа-
раттардың үлкен көлемі осы тілде ұсынылған. «Орыс тілі 
еліміздің тұрмысының төрінен орын алған, сондықтан да орыс 
тілді орта нық орныққан. Бұған себеп болған – елімізде орыс 
тілі қолданылуының заң жүзінде мемлекеттік тілмен құқықтық 
тұрғыдан теңгерілгені» [83]. Соның нәтижесінде орыс тілі Қа-
зақстандағы өзге ұлт тілдеріне ерекше игі әсер етті, әсер етіп 
те отыр. Сонымен қатар, тәуелсіздік жылдары Қазақстандағы 
демографиялық ахуалда бірқатар өзгерістер болды: ҚР Статис- 
тика агенттiгiнiң мәліметіне қарағанда, 2019 жылғы мәлімет 
бойынша, қазақ ұлты республика тұрғындарының (67,98%)-ын 
құрайды. Келесі, орыстар (19,32%), өзбектер (3,21%), украин-
дар (1.47%), ұйғырлар (1.47%), татарлар (1.10%) және басқа-
лар [67]. Бүгінде Қазақстан 130-дан астам этнос өкілінен тұра-
тын 18 миллионнан аса халқы бар мемлекетке айналды. Көп 
ұлтты мемлекетте этностардың қатар өмір сүруіне, ұлтаралық 
түсінушілік пен келісімнің сақталуына тіл саясаты маңызды 
роль атқарады. Қазақстан ұстанып отырған тіл саясаты қа-
тар өмір сүріп жатқан барлық этникалық топтардың тілдеріне 
ешқандай шеттету танытпай, ұлттық ауызбіршілікті нығайту-
дың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің толыққанды 
қызметін қамтамасыз етуді мақсат етеді. Қазақстанның көптіл-
ді ТЖ-ын жасайтын көптеген ұлттар мен ұлыстардың тілдері 
бола тұра, екі коммуникативті қуатты тілдер – қазақ және орыс 
тілдері қатысымдық кеңістікте басымдық танытады. Қазақстан-
дықтар үшін экономика, мәдени, бизнес т.б. салаларда қатынас 
құралы ретінде орыс тілінің күнделікті қолданыста рөлі жоға-
ры. Қостілділік бұл еліміздің ТЖ-ын сипаттайтын ең маңызды 
әлеуметтік көрсеткіш болып табылады. 


120
121
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет