122
123
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
бөлігі болып табылады, ал тіл туралы кез келген заңның жаңа ере-
желеріне адамның психологиялық, лингвистикалық тұрғыдан бейім-
делуіне біраз уақыт кететіндігі алдын-ала қарастырылуы керек.
Тіліне мемлекеттік мәртебе берілген үстем этникалық топ, әдет-
те, өз тілінің ықпалын кеңейтуге мүдделі. Мысалы, Индонезияда
үкімет
индонезия тілінің баспасөзде, ғылымда және білім беруде
таралуын барынша қолдаған болатын. Кения Президенті Д. Кениата
Кенияда суахили тілінің ұлттық тіл ретінде қабылдануына еңбек
етіп, көп күш жұмсады.
ХХ ғасырдың 20-30-жылдары Корея мен Қытайда олардың ұлт-
тық тілдерін насихаттау үшін ресми науқандар өткізілді. Мемле-
кеттік тілді мектептерде, курстарда оқуға жағдай жасау маңызды
рөл атқарды. Осылайша, Нигерияның Жергілікті Тілдер Қоғамы
бір кездері елдің ең кең таралған үш тілінде (хауса, йоруба, игбо)
газеттердің басып шығарылуын белсенді түрде алға тартты, осы
тілдерде мектептерде сабақ жүрді және Шығыс Нигерияның жер-
гілікті парламенттерінде игбо, солтүстігінде – хауса, ал батысын-
да – йоруба тілінде пікірталастар өткізді, осы тілдерді үйренуге
арналған курстар ұйымдастырды. Гвинеяда ұлттық тілдерді мек-
тепте білім беруге енгізу бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде.
Қазақстандық қоғамда болып жатқан экономикалық және
әлеуметтік жаңғырудың маңызды аспектілерінің бірі –
тіл саяса-
ты. Қазақстанның жаһандану кезеңіндегі қарқынды даму жолын-
дағы елді демократияландыру, әлеуметтік өркендеу саласындағы
талпыныстары, білім беру жүйесін жаңаша дамыту, шет мемле-
кеттермен байланысты тереңдетудегі атқарған істері бекітілген
заңнама көлеміндегі ауқымды іс-шараларды қамтиды. Қазіргі
еліміздің тіл саясаты көптілділікті, үштілділікті қатар қолданыс
құралы ретінде дамытуды қолдайды.
Елімізде әрбір азаматтың
үш тілді меңгеруіне басымдық береді. Әлемдік білім кеңістігінде
бәсекеге қабілетті, еліміздегі басқа ұлт өкілдерімен толерантты
мәдениаралық коммуникация орната алатын, өзін тәрбиелеген мә-
дениетін құрметтейтін құзіретті тұлғаны қалыптастыру – басты
мақсаттардың бірі болып отыр. Соңғы уақытта адамдардың өмір
сүру жағдайлары едәуір өзгерді, өмірде және кәсіпте адамның ең-
бек мобильділігіне ерекше мән беріледі. Міндеттердің алуан түрін
V. ТАРАУ. ТІЛ САЯСАТЫ.
шапшаң және нәтижелі орындау бір немесе бірнеше шет тілдерін
меңгерген мультилингвалды азаматқа қолжетімді болатындығы-
на байланысты қазіргі таңдағы осындай кәсіби мамандар еңбек
нарығында мол сұранысқа ие болып отыр. Бірнеше шет тілдерін
білетін адам – мультилингв – екінші, үшінші шет тілдерін меңге-
ру процесінде қалыптасатын жеке қабілеттерімен және бірқатар
негізгі құзіреттіліктерімен айырмаланатын «ерекше тілдік тұлға».
Көптілді адамға, сонымен қатар көпмәдениеттілік қасиет тән –
көпмәдениеттілік бұл өз мәдениетіне жаны ашитын, толерантты,
талдап бағалай алатын мінез-құлық сапасы» [84].
Үш тілді оқыту – жаһандану талабы. Қазақ тілі – ұлттық біре-
гейліктің, орыс тілі – ел ішіндегі жергілікті тұрғындар арасындағы
қатынас тілі және ағылшын тілі – қазіргі заманда жер бетіндегі
әрбір халықтың әлемдік кеңістікте өз бірегейлігін танытуға қол-
данатын ортақ түсінікті тілі. Үштілділікті дамытудың құқықтық
негізін Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты саласындағы
заңнамалық құжаттар құрайды (4-кесте).
Алдыға дамып кеткен
мемлекеттермен терезе теңестіру осындай заңдастырылған мем-
лекеттік заңнамалармен бекітіліп, сатылы дамығанда өз жемісін
берері сөзсіз.
4-кесте. Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен
қолдану саласындағы заңнамалық актілері
Достарыңызбен бөлісу: