124
125
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
Қазақстан
Республикасының
тіл саясатының
тұжырымдамасы.
04 қараша 1996 жылы
(№ 3186) қабылданды.
Болашақта қазақ тілін ұлтаралық қатынас
тілі, орыс тілі ғылым мен техниканың түрлі
салаларындағы негізгі ақпарат көзі, жақын
және алыс шетелдермен байланыс құралы
ретінде анықталады.
«Қазақстан
Республикасының
тілдер туралы» Заңы.
11 шілде 1997 ж.
Қазақстан Республикасындағы тілдерді
қолданудың құқықтық негіздерін, олардың
зерттелуі мен
дамуына жағдай жасаудағы
мемлекеттің міндеттерін белгілейді, елде
қолданылатын барлық тілдерге бірдей
құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан
Республикасында
тілдерді дамыту
мен қолданудың
мемлекеттік
бағдарламасы.
05 қазан 1998 жылы
қабылданды. (№ 4106)
Құжат жедел шараларды жүзеге асыруға
және ұйымдастырушылық жұмыстың
тиімділігін, материалдық-техникалық,
ғылыми, әдістемелік және кадрлық базаны
қалыптастыруды
қамтамасыз ететін тілдерді
дамытудың қысқа мерзімді жоспарларын
жүзеге асыруға бағытталған.
Қазақстан
Республикасының
тiлдердi қолдану мен
дамытудың 2001-2010
жылдарға арналған
мемлекеттiк бағдарла-
масы.
07 ақпан 2001 ж. №550
Қазақстанда оңтайлы
функционалды-
лингвистикалық кеңістікті құру үшін
биліктің барлық тармақтарының және жалпы
қоғамның мақсатты дәйекті қызметін жүзеге
асырудың бірыңғай стратегиясын жасау
қажеттілігіне байланысты қабылданған
құжат
Қазақстан
Республикасында
бiлiм
берудi
дамытудың 2005-
2010 жылдарға
арналған мемлекеттiк
бағдарламасы.
11.10.2004 ж. № 1459
Құжатта мемлекеттік тілдің басымдықта
дамуы, білім берудің әртүрлі деңгейлерінде
оқушылардың тілдік дайындығын күшейту,
шет тілін ерте оқыту арқылы бастауыш білім
мазмұнын толықтыру қарастырылған.
V. ТАРАУ. ТІЛ САЯСАТЫ.
ҚР «Білім туралы
Заңы»
27.07.2007 ж.
№ 319-III
Меншік түріне қарамастан барлық білім
беру ұйымдарын мемлекеттік тілді білуді
және
дамытуды, орыс тілін және шет
тілдерінің бірін білім берудің әр деңгейіне
арналған мемлекеттік стандартқа сәйкес,
сонымен қатар этно-ұлттық топтардың
жинақы тұратын жерлерінде өз ана тілдерін
(ұйғыр, түрік және т.б.) оқытатын білім беру
ұйымдарының болуын міндеттейді.
Мемлекеттік тілдің
қолданылу аясын
кеңейтудің, оның
бәсекеге
қабілеттілігін
арттырудың 2007-2010
жылдарға арналған
тұжырымдамасы.
21.11.2007 ж. № 1122
Бұл құжат мемлекеттік тілді оқытудың
сапасын арттыруға, қоғамдық өмірдің
барлық саласында мемлекеттік тілдің
қолданылуын қамтамасыз етуге, ұлтаралық
келісім мен қазақстандық елжандылықты
нығайту факторы
ретіндегі рөлін арттыруға
бағытталған.
Қазақстан
Республикасында
білім беруді
дамытудың 2011
- 2020 жылдарға
арналған мемлекеттік
бағдарламасы.
07.12.2010 ж. № 1118
Құжат тілдерді меңгерудің халықаралық
стандартының «балабақша - мектеп -
колледж - жоғары оқу орны» негізінде
мемлекеттік тілді өмір бойы оқыту жүйесін
құруға, үш тілде оқытатын дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
мектептер желісін кеңейтуге бағытталған.
Қазақстан
Республикасында
тілдерді
дамыту мен
қолданудың 2011
- 2020 жылдарға
арналған мемлекеттік
бағдарламасы.
29.06.2011 ж. № 110
Бұл құжат тілдердің қызмет етуі мен дамуы
саласындағы өзекті мәселелерді шешудің
және мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің
барлық салаларында толық көлемде
қолдануына жағдай жасау үшін нормативтік
және ұйымдастырушылық негіз болып
табылады.
126
127
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
бірнеше тілді білген ұлт өкілдері
өздерінің коммуникациялық
және интеграциялық қабілетін кеңейте отырып, мәдениетаралық
қарым-қатынаста бұл азаматтар тілді ұлттар мен мәдениеттерді
түсінулерінің басты қаруына айналдыра алады. Бірнеше тілде ер-
кін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар заман талабына
сай елде де, шет елдерде де өздерінің ұлттық бірегейлігін таныта
алатын бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.
10-диаграмма (Зерттеудің өз нөмерлеуі)
Достарыңызбен бөлісу: