Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану



Pdf көрінісі
бет55/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67
Байланысты:



Аударма.
 
Е. С. Гриценко, А. В. Кирилина. Языковая политика и языковые 
конфликты в современном мире. - М., 2014. - С. 95-101. 
V. ТАРАУ. ТІЛ САЯСАТЫ. 
өзгеруі; олардың әртектестігінің өсуі; гибридизация құбылы-
сының артуы.
4. Тілдік рефлексияның өсуі, тілдің жаңа әлеуметтік-филосо-
фиялық түсінігі және «постұлттық әлемдегі» тілдің рөлі мен 
орны туралы пікірталас; тіл мәселесінің саясаттануы.
5. Азаматтардың саналы түсінік-ойларынан және ана тіл-
дерінің жағдайы туралы алаңдаушылықтан туындаған Еуро-
паның жетекші тілдерін қорғау бойынша стихиялық (инсти-
туционалды емес) шаралардың өсуі. Зерттеушілер «негізгі» 
еуропалық тілдердің іскерлік, халықаралық қатынастарда,
саудада, спортта, сән әлемінде, демалыста және ойын-сауықта 
өз функцияларын жоғалтып бара жатқандығын мәлімдеуде. 
Бүкіл әлемдегі коммерциялық келіссөздердің 80%-ы ағыл-
шын тілінде жүргізіліп, ағылшын тілін білу халықаралық сау- 
даға қатысудың маңызды шарты болып табылады [89,100].
Сонымен, тіл туралы заңнама мәселелері дамыған елдерде 
де едәуір қиындық тудыруда. Ірі Еуропа елдеріндегі тіл туралы 
заңдар Литва, Латвия, Польша, Грузия, Украина және т.б. жаңа 
мемлекеттермен салыстырғанда әлеуметтік беделге ие емес, 
бұл елдерде нарықты қанағаттандыру үшін, нарықтың пайдасы-
на қарай ыңғайластыру бағытында заңдар жиі бұзылады немесе 
өзгертіледі, мысалы 2002 жылы Франциядағы Тубон заңымен 
болған жағдай немесе Германияда тіл туралы бірыңғай заң тіптен 
жоқ. Себебі бұл мемлекетте жаһанданудың қауырт басталғанына 
дейін мектептерде, саясатта, құқықтық жүйеде, әкімшілік және 
жазба тіл қолданылатын әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікте 
неміс тілі басым болды, сондықтан ұзақ уақыт бойы бірыңғай тіл 
саясатының болмауы проблема ретінде қарастырылмады. 
90-жылдардың басынан бастап Еуропадағы әртүрлі инсти-
туттар мен қауымдастықтар көптілділікті қолдайды [Еуропалық 
хартия, 1992]. Қазіргі заманғы екі немесе одан да көп тілдерді білу 
тұжырымдамасы Тутцингер тезистерінде ұсынылды [Тутцингер 
тезистері, 1999], онда жоғары коммуникативті дәрежесі бар еуро-
палық тілдерді сақтау бағдарламасы жасалды. Алайда қолданы-
стағы әрекет етуші іс-шаралар жергілікті тілге қатысты жағдай-


130
131
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
ларда аз қолқабыс көрсетуде. Тіл саясатының ықпалы әлсіз, орын 
алып отырған оқиғалармен үйлесімсіз болғандықтан, бұл жағдай 
Еуропадағы ағылшын емес тілдер үшін қауіпті арттыруда: «ұлт-
тық немесе одан да жоғары тұрған деңгейдегі нарықтық күштер-
ге – тіл саясатын беріп қою ағылшын тіліне жолды кең ашып, 
ал ұлттық тілдердің мүмкіндіктерін шектейтін қадам», -деп 
жазды Филиппсон [86, 543]. 
Ағылшын тілі коммуникативтік қуаты мықты ұлттық тіл-
дерге қысым жасауда, сонымен қатар бұл тіл барлық тілдерді 
ысырып қойып, жалғыз өзі басқалардың рөлін атқарып, орнын 
да баса алады: тілдің мұндай философиясы ашық жарияланба-
са да, әлемдік тілдің басымшылығы ұлттық тіл саясатының әл-
сізденуіне ықпал етеді, жергілікті тіл саясатының өзгермелі си-
патқа көшуіне әсері болады. Мәселен, кез келген дүниежүзілік 
ұйымдарға мүше болатын елдер сол ұйымның ресми тілдерінде 
ғана жұмыс жасайды, мысалы Ресей 2012 жылы, ал Қазақстан 
2015 жылы дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүшелікке 
енді. Бұл елдер үшін маңызы бар құжат – ДСҰ-ға кіруі тура-
лы хаттамаға ұйымның ресми тілдерінде: ағылшын, француз 
және испан тілдерінде қол қойылды. Осы аталған ресми тілдер 
иермендерінен басқа елдердің азаматы саналы түрде түсініп, 
таңдау жасау үшін осы ұйымның шарттары мен міндеттеме-
лерінің ережелерімен өз ана тілдерінде танысу мүмкіндігіне ие
бола алмайды. Әрине, келісімшартқа қол қойылғаннан кейін 
аударма ісіне жүгінуге тура келетіні анық.
Жаһандану тұсында тіл саясатында ескеретін мәселе, ға-
ламдық ағылшын тілі басқа тілдік коммуникативтік кеңістікке 
ене отырып, қабылдаушы тілдің лексикалық құрамы мен ком-
муникативтік нормаларын өзгертіп қана қоймай [90], ұлттық 
тілдердің мәртебесінің әлсіреп, бұл тілге сұраныстың азаюы-
на, мәдениаралық қарым-қатынастың құралы ретінде ағылшын 
тілінің үстемдігі орнауда. Қазіргі кезде кітап, газет пен жур-
налдардың танымалдылығын арттыратын тіл – ағылшын тілі, 
ғылымның тілі – ағылшын тілі, ғаламтордағы ақпараттардың 
80%-ынан астамы ағылшын тілді мәліметтерден тұрады. Ком-
муникативті қуатты европалық тілдердің, БҰҰ-ның ресми тіл-
дерінің біртіндеп өз маңыздылығын жоғалту тенденциясы бай-
V. ТАРАУ. ТІЛ САЯСАТЫ. 
қалады. Бұл тілдердің таралу аймағы біртіндеп тарылуда, бұл 
тілде сөйлейтіндер саны азаюда, белсенді қолданылатын сөздік 
қоры күннен-күнге қорынан айрылуда, ауыз екі тіл мен жаз-
баша мәтіндер шет тілден енген, көп жағдайда, өз тіліміздің 
сөз мәдениеті тұрғысынан мағынасыз, кірме гибрид сөздермен 
толығуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет