Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану


-жаттығу. Көркем әдебиеттен «Отан, туған жер»



Pdf көрінісі
бет58/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   67
Байланысты:


3-жаттығу. Көркем әдебиеттен «Отан, туған жер» 
тақырыбы бойынша 3 мақал-мәтел тауып, оның контекстегі 
берген мағынасын түсіндіріңіз. 


134
135
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
4-жаттығу. Оқыған әңгімеңіздегі кейіпкерге мақал-мәтел-
мен мінездеме беріңіз.
5-жаттығу. «Сырымның тапқырлығы» атты әңгімені 
оқыңыз, Сырымның мақалдап берген жауабын тауып жа-
зыңыз.
Мөңке бидің үйіне арық құнанына мініп, Сырым бала келеді. 
Баланы көзге ілмеген би бәйбішесіне «»Балаға айран бер» дейді. 
Таңертең семіз қызыл тұсақтың үйелеп өліп қалғанын көріп, на-
лыған Мөңке би:
– “Құтты қонақ келсе, қойы егіз табады, құтсыз қонақ келсе, 
малын қырсық шалады” деген, қызыл тұсақ үйелеп өліп қалыпты. 
Құтсыз қонақ болдың. Үйімнен кет, бала, – дейді.
– Олай болмас, биеке, – депті Сырым. – “...”. Менің қандай 
қонақ екенімді қайдан білесіз? Мүмкін құтты қонақ шығармын, 
– деп жауап берген екен. Мөңке би баланың бұл сөзіне аң-таң бо-
лыпты да:
– Рас айтасың, балам, сен шынында құтты қонақ екенсің, – 
деп, сый-құрмет көрсетіпті. 
6-жаттығу. 
MOODLE-дегі 
эссе 
жазу 
талаптарын 
ескеріп, берілген тақырыптардың біреуін таңдап, эссе жа-
зыңыз. «Туған жерге туың тік», «Ел іші алтын бесік», 
«Туған жердің жуасы да тәтті, «Бейбіт елде береке бар».
2-ТАПСЫРМА
Мақал – ұмытылмайтын ұрпақтан ұрпаққа жаттала 
таралған өнегелі, өсиет сөздердің киелі түзілімі.
«Білім» тақырыбы бойынша мақал-мәтелдермен лингво-
дидактикалық тапсырмалар.
1-жаттығу. Төменде жағдаят берілген, сол жағдайға 
қатысты мағынасы сәйкес мақалмен ақыл-кеңес берсеңіз. 
Мысалы:
а) Универсиетте оқып жүрген ініңіз сабақтың өте қиындығын 
айтады, мақалды қолдана отырып оған қандай ақыл айтар 
едіңіз?
ә) Анаңыздың ақылына құлақ аспай, бір шаруаны екі рет 
орындауға тура келді. Сонда сізге анаңыз ренжіп, қандай 
мақал айтуы мүмкін?
б) Досыңыз берілген тапсырманы күнде ертеңге қалдырады, 
жұмыстың уақтылы орындалуын қадағалап, сіз оған мақал-
мен қалай кеңес берген болар едіңіз?
в) Достары Сәулені ән айт деп қолқалады, қаперімде оның ой-
ына ән түспей қысылып, мақалдап жауап берді? Сәуле қандай 
мақалды айтты?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет