Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану



Pdf көрінісі
бет10/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67
Байланысты:


1.3. МҰРА ТІЛ
Кез келген ұлттың өзара қауымдаса тіршілік етуі үшін қажетті 
тіл – ол ана тілі де, ал жалпы тілге қатысты, оны үйрену, мең-
геру, қолдануға қатысты, алдағы бөлімдерде қарастырылғандай
«екінші тіл», «этникалық тіл», «шет тілі», «ресми тіл», «халық- 
аралық тіл» деген түсініктер де бар. Қазіргі жаһанданып отырған 
әлеуметтік ғылымдар саласында жоғарыда аталған түсініктердің 
қоғамда атқарар рөліне байланысты пара-пар не анықтамалары 
біршама сәйкесетін, не басқа қырынан түсіндірілген әлеуметтік 
тіл білімі терминдерінің кейбір тұстарын қарастырмақпыз. Қарас- 
тырмақшы түсінігіміз – «heritage language» отбасы тілі, тікелей 
аударсақ, «мұра» тіл, бұл – қазақстандық тілдік орта үшін түсін-
діруді қажет ететін жаңа түсінік.
АҚШ 1990 жылдарға дейін өзін тек біртілді мемлекет деп 
танып келді. Дегенмен, америкалықтардың эмигранттық, тари-
хи-мәдени туыстық тамырларына байланысты олардың ағылшын 
тілінен басқа да тілдерді білетіндігінен, «отбасы тілі» концептісі 
негізінен АҚШ-та басталған мәселе болып табылады. Бұл тіл же-
келеген адамға не қауымға «шет тілі» емес, олар бұл тілде өза-
ра түсініседі, сөйлейді, жаза, оқи алады, ал кейбіреулері тек қана 
сөйлей алуы да мүмкін. Енді біреулері бұл тілді мүлдем түсінбеуі 
де мүмкін, бірақ ол осы тілде сөйлейтін отбасының не қауымның 
өкілі болғандықтан, оған тіл жат болмайды. Сонымен, Амери-
када қостілділік ресми түрде танылып, екітілді қолданушылар 
“bilingual English speaker” [Jenkins, 2000], “bilingual users of 
English” [McKay,2013] деп атала бастады. Алайда өз отбасы тіл-
дерін оқыту үдерісіне қатысты, ағылшын тілінен басқа тіл қоғамда 
«шет тілі» деп танылады. Америкалық зерттеуші О.Каган «отбасы 
тілі» АҚШ-тың қостілділігін қалыптастырып, жаһанды экономи-
када бәсекелестікке қабілетті жастарды даярлауда көмектесіп ке-
леді,- деп жазады [13]. Ол осы мәселені педагогикалық зерттеу 
деңгейіне көтеріп, оны оқытудың әдістемесін негіздеуші ғалым 
болып табылады. Белгілі ғалым Ф.Вальверду қостілділікті бірне-
ше түрлерге бөліп, соның бір түрі ретінде әулеттік және әлеумет-
тік қостілділікті (әулеттік қостілділік отбасы деңгейінде кездессе, 
әлеуметтік қостілділік бүкіл мемлекеттік деңгейде кездеседі) атай-
І ТАРАУ. ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ 


16
17
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
ды. Сонда біздің қарастырып отырған «отбасы тілі» қостілділікті 
әулеттік деңгейде дамытатын қатынас құралы, билингваль түрлі 
жағдайға байланысты екі тілді қатар рецептивті және продуктивті 
түрде де қолданады. Мәселен, жұмыста, оқуда ресми жағдайда бір 
тілде, ал үйде, тұрмыста келесі бір тілде сөйлеседі. Сөйтіп, «от-
басы тілі» деген термин үстем тілден басқа жеке адам, отбасы не 
белгілі бір қауым қолданатын тілді түсіндіріледі, яғни Америкада 
ағылшын тілінен басқа тілдердің бәрі де «отбасы тілі» болып қа-
растырылады. АҚШ-та ағылшын тілі de facto үстемдік ететін тіл, 
«ресми тіл» болмаса да, үкімет қолданатын негізгі тіл, білім беру, 
сондай-ақ қоғамдық қарым-қатынас құралы болып табылады. Со-
нымен, осы мемлекетте ағылшын тілінен басқа тілдің бәрі де, сол 
тілде сөйлеушілер үшін «отбасы тілі» деп қарастырылады және 
оған субординативтілік тән [14, 37-77]. 
Cонымен, «отбасы тілі» мұра тіл ретінде әлеуметтік-гума-
нитарлық ғылымдар қарастыратын «ана тілі», «шет тілі» сияқты 
түсініктерден қандай айырмашылығы бар? Қандай тіл «отбасы 
тілі» болып табылады? Билингваль үшін қай тіл «ана тілі» болып 
есептеледі? «Отбасы тілін» қолданатын тілдік топтар кімдер?
Жалпы «отбасы тілі» термині салыстырмалы түрде жаңа түсінік 
болып табылады, бірақ тіл білімі мен тілді оқытуда «аз сөйленетін 
тіл, шағын топ тілі» деген концепт бұрыннан-ақ айтылып келеді. 
Миграциялық көші-қонның нәтижесінде пайда болған тілдік кон-
тактілер жаңа болып табылмағанмен де, көп елде иммигранттар 
тілі отбасы тілі болып танылады. «Отбасы тілінде» сөйлеушілер 
иммигранттардың екінші ұрпақтары, олар жастайынан бастап, 
көптілді не билингвальды ортада өмір сүргендіктен алғашқы 
жер ауыстырып келген ата-анасының тілін «отбасы тілі» ретінде 
жалғастырушы болып табылады. Иммигранттың бірінші ұрпақта-
рының ана тілінде сөйлеулері басымырақ болады да, ал кейінгі 
ұрпақтың бұл тілді қолдану аясы тарыла түседі. Менің «Болашақ» 
бағдарламасымен Австралияда болған тағылымдама сапарымда 
Қазан төңкерісінен кейін Қытай асып, Австралияға кеткен орыс 
отбасыларымен кездесіп, олардың тыныс-тіршілігімен танысқа-
нымда, осы сипаттап отырған әлеуметтік жағдайға куә болып
тілдерді қолдану (ағылшын, орыс тілдері), орыс тілін бірінші тіл 
ретінде қолданудағы грамматикалық, лексикалық өзгерістердің
қазіргі орыс тілінен мүлдем өзгеше екендігін байқадым. Кез кел-
ген тілдің қолданыс аясы мен жиілігі азайған сайын, тіптен ана 
тілі болса да, тілдің азу құбылысы орын алатындығына [15] көз 
жеткіздім. Тілдің азу құбылысы салдарынан ана тілі бірте-бірте 
ана тілі болудан қалып, сөйлеуші ана тілдің орнын басым тілдің 
элементтерімен алмастырады. Басым таралған тілде сөйлеуші өзін 
сенімді сезінгендіктен, лексиканың орын толтыру үшін үстем тіл-
ден код алмастыру, ана тілдегі белгілі бір морфологиялық қателер-
ден, грамматикалық құрылымдық қиындықтан қашқақтап, басым 
тілге оңай сүйенеді. Міне осылай, «ана тілі» азғындап, шектеу- 
лі тіл «отбасы тілі» кейпіне түседі. АҚШ-тағы «отбасы тілінің» 
ағылшын тілімен тарихи және әлеуметтік жағдайда қатар өмір 
сүре отырып, жіктелген үш түрлі санатын анықтайды [16]: 
1. Жергілікті «отбасы тілдеріне» Американың тұрғылықты, 
байырғы тұрғындарының тілдері жатқызылады, бірақ бұл тіл-
дер – өлген тілдер қатарында не жоғалу алдында тұрған тіл-
дер. Бұл тілдерді сақтап қалу үшін аз мүшелі қауымды оқыту 
не зерттеп қайта жазып алып оқыту арқылы қоғамда сөйлеу- 
шісі аз қалған тілдер қатарында Chinuk Wawa, IchCinshKiin, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет