18
19
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
отырған құбылыс. Бұл – қазақстандық тілдік саясатта тілдердің
қолданылуы, оқытылуы және тілдік қарым-қатынаста «отбасы
тілдерінің» де ертеден-ақ жергілікті титулды тіл – қазақ тілімен
қатар өмір сүріп келе жатқандығының дәлелі. Сонымен, «отбасы
тілі» мәселесін көтеріп жүрген ғалымдардың зерттеулеріне сүйен-
сек, бұл түсінік Қазақстанның тілдік кеңістігіне де тән, сонда, «от-
басы тілі» дегенімізде әрбір тілдік қауымдастық мүшесі үшін өз
ата-анасынан мұра болып қалған ана тілі еске түсері анық, біздің
қарастыруымыздағы «отбасы тілі» –
Қазақстанда тұрып жатқан
этникалық қауымдастық тілі және диаспоралар тілі ретінде әлеу-
меттік мәнге ие тілдер. «Отбасы» деген жапсырма анықтауыш
негізінен, тілдің лингвистикалық сипатына не қасиетіне қарай
емес, сол тіл сөйлермендерінің
қоғамдағы орнына, әлеуметтік
мәртебесіне қарай берілген. Мысалы, испан тілі, әдетте бүкіл
әлемде сөйлермендерінің саны бойынша екінші орынды иемден-
генімен де, және бірқатар елдерде ресми мәртебесі бар тіл болса
да, ол ағылшын тілі үстемдік ететін Құрама Штаттарында «отба-
сы» тілі болып саналады [17,413]. Сонымен,
көптілді жағдаят-
ты қазақстандық тәжірибеде тілдік плюрализм «отбасы» тілдері
арқылы қалыптасқан, тарихи миграциялық ауысулардың кезеңдік
сипатына қарай, мұра болып қалған «отбасы тілдерін» төмендегі-
дей топтаймыз:
1.
Отарлық «отбасы тілі», бұл тілге негізінен,
орыс тілін
жатқызамыз. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан патшалық
Ресей Қазақстан аймақтарын отарлау саясатынан бастап, еге-
мендік алғаннан кейінгі қазақ қоғамындағы орыс тілінің өз-
герген рөліне байланысты «отбасы тілі» болып саналады.
2.
Көрші жатқан, мәдениеті мен тарихы араласқан ұлт пен
ұлыстардың тілдері, мысалы, өзбек, ұйғыр, тәжік, татар,
сияқты этникалық тілдер қарастырылады.
3.
Екінші дүние жүзілік соғыс тұсында елге депортация-
ланған халықтар тілдері: украин, белорус, кәріс, неміс, кав-
каз халықтары тілдері «отбасы тілі» ретінде қарастырылады.
4.
Егемендік тұсындағы «отбасы тілдері» қатарына, Қа-
зақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрған және
Қазақстанға тұру мақсатымен келген ұлты қазақ шетелдіктер-
мен бірге келген тілдер, мысалы: қытай, монғол, иран, түр-
кі тілдері. Бұл топқа оралман қандастарымыздың шет жерде
жүріп, қатынаста қолданған тілін жатқызамыз.
Сонымен, мұра тіл - «отбасы тілінің» заманауи қызметі Қа-
зақстанда тұратын этностардың тілдері мен мәдениетін мем-
лекеттік қолдаудың тиімді жүйесі аясында, жүргізіліп отырған
оңтайлы тілдік саясат негізінде қазақстандық «Мәңгілік ел» идея-
сын қалыптастырушы да және оны жүзеге асырушы әлеуметтік
рөлімен, бүгінгі таңдағы көп этносты, көп нәсілді және көп кон-
фессиялы Қазақстан үшін мемлекеттік тілдің маңына этностарды
біріктіретін, этносаралық қауымдастық
қарым-қатынастарында
өзара сыйластық пен төзімділікті сақтайтын ұйымдастырушылық
маңызымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: