20
21
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
де әрі қарай іштей бөліктерге бөлуге болады, сол арқылы төменгі
деңгейдегі қосалқы кодтарды (ішжүйелерді) анықтауға болады.
Мысалы, қазақ тілінің әдеби тілі ұлттық тілдің қосалқы коды бо-
лып табылады да, ол іштей екі түрге бөлінеді: кодталған тіл және
ауызекі сөйлеу тілі, олардың әрқайсысы бір-біріне тәуелсіз, қатар
өмір сүреді және атқаратын қызметі тұрғысынан да бір-бірінен
айырмаланады: кодталған тіл жазбаша сөйлеу түрінде, ал ауызша
тіл – күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде қолданылады.
Өз кезегінде кодификацияланған әдеби тіл стильдерге сара-
ланады, стильдер сөйлесім жанрларының алуан түрлері арқылы
жүзеге асады; ауызша тілде де мұндай саралаулар бар.
Әлеуметтік лингвистикада субкодтар көбінесе тілдің өмір сүру
формалары деп аталады, ал Батыста оларды тілдің регистрлері деп
те атайды. Бір-бірімен функционалды толықтыру қатынастарында
болатын белгілі бір тілдік қауымдастықтағы кодтар мен қосалқы
кодтардың жиынтығы осы қауымдастықтың әлеуметтік-коммуни-
кативті жүйесі деп аталады. Бұл анықтамада «функционалды то-
лықтыру» тіркесін анықтауымыз қажет. Бұл әлеуметтік-коммуни-
кативті жүйені құрайтын кодтар мен субкодтардың әрқайсысының
басқа кодтар мен субкодтардың қызметтерімен сәйкес келмейтін
өз
функциялары бар дегенді білдіреді, дегенмен де, олардың бар-
лығы орындайтын қызметтері тарапынан бірін-бірі толықтырып
та отырады. Мысалы, әдеби тілдің ғылыми, ресми-іскери, публи-
цистикалық сияқты әр стилі басқа
стильдерге тән емес өзіндік
функциялары бар және олар сол қоғамның (әдеби тілде сөйлей-
тіндер қоғамы, олардан басқа, мысалы, диалектілерде,
ауызекі
тілде сөйлеушілер) барлық коммуникативті қажеттіліктеріне
«қызмет ете алатын» жүйе құрады, және олар барлық қарым-
қатынас салаларында бір-бірін функционалды түрде толықтыра-
ды. Көп тілді қоғамда әлеуметтік-коммуникативтік жүйені әрүрлі
тілдер құрайды, осы тілдердің арасында қатысымдық қызметтер
өзара бөлінеді (бұл жағдайда тілдердің әрқайсысы, әрине, диалек-
тілер, жаргондар, стильдер болып субкодтарға бөлінеді).
Әлеуметтік-коммуникативті жүйе ұғымын ғылыми айналымға
1970 жылдардың ортасында мәскеулік ғалым А.Д. Швайцер ен-
гізді. Ол осы тұжырымдаманың
функционалды жағын ерекше
атап өтті: «Функционалды толықтыру байланысы дегеніміз бел-
гілі бір лингвистикалық ұжым ішінде өмір сүретін жүйелер мен
ішжүйелерді қолдану салаларына қарай бөлу, мысалы, кітаби-
жазба
сөйлесім, күнделікті ауызекі тіл және әлеуметтік қыз-
меттеріне қарай (ғылым, мәдениет, білім, дін),
бір жағынан, ал
әлеуметтік жағдағдаяттарға сай екінші жағынан ажыратып қарас-
тыру», - деп түсіндірді. [18, б. 31].
Достарыңызбен бөлісу: