22
23
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
лық бірқатар факторларға байланысты анықталады. Бұл көбінесе
екітілді, көп ұлтты және иммигранттық тілдік ортаға тән құбылыс.
Тілдік қарым-қатынастағы код дегеніміз коммуникативтік актқа қа-
тысушы адамдардың
өзара сөйлесетін тілі, диалект, сленг, стиль
сияқты тілдің келесі бір нұсқасы, вербальды қарым-қатынаста қол-
данылатын жүйе. Коммуникативтік актқа қатысушылар бір-бірімен
мәлімет алмасу үшін олар өздерінің ойын, сезімін білдіруге қатысты
нақты кодты таңдайды. Стокуэллдің айтуынша (2002, 8-9), «код де-
геніміз – белгілі бір тілде, тілдің ішжүйесінде, диалектіде, акцентте,
стильде әр түрлі жағдайларда және әртүрлі мақсаттарда сөйлесу не
әңгімелесу үшін адамдар пайдаланатын ұлтшылдықтың белгісі».
Сол сияқты Рональд Вардау [19,101] кодты «кез келген жағдай-
да қолданылатын екі немесе одан да көп тараптардың арасындағы
байланыс үшін қолданылатын жүйе» ретінде анықтауға болады деп
тұжырымдайды. Холмс (1992) екі тілді немесе көп тілді қауымда-
стықта өмір сүретін адамдар бір-бірімен байланысқан кезде екі не-
месе одан да көп кодты қолдануға бейім келетінін айтады. Екі неме-
се одан да көп адам бір-бірімен сөйлескенде біз олардың қолданып
отырған байланыс жүйесін код деп атауымызға болады. Сондықтан
адамдар әдетте вербальды қатынаста белгілі бір кодты таңдайды,
сонымен бірге олар бір кодтан екіншісіне ауысады немесе кодтарды
алмастырып қолданады. Холмстің айтуынша, сөйлеушінің таңдаған
тілдік формалары оның сөйлеп тұрған әлеуметтік жағдайына байла-
нысты болады. Оның не (тақырып) туралы айтып, кімге, қайда, қан-
дай оймен вербальды қарым-қатынас жасап тұрғаны (өзара іс-қимыл
функциясы) маңызды. Нәтижесінде, бір ғана хабар әр түрлі адамдарға
әр түрлі болып жетуі мүмкін.
Билингвальды не мультилингваль
тараптардың коммуника-
циялық актіде бір тілден ауысып, екінші тілдің элементтерін (сөз,
фраза, бірліктерді) ауыстырып қолдануы арқылы өзара түсіністік
орын алады. Әдетте билингвальдық қатынаста екі тілдің біреуі үстем
болып табылады: сөз алынатын тіл (қосалқы тіл- embedded language)
болып табылады да, ал негізгі тіл матрицалық тіл (matrix language)
деп аталады. Төменде код ауыстыруға мысалдар берілді:
•
If you have an exam next week, дайындықтарың әлсіз.
(ағылшын + қазақ)
•
Әріптестер, round table talk 2-ші қабатта болады.
(қазақ + ағылшын)
•
Я еще не сделал homework, brother? (орыс + ағылшын)
•
Ребята, үй жұмысын когда закончите? (орыс + қазақ)
Сөйлеушіні код ауыстыруға бірнеше себеп мәжбүрлейді.
Мысалы, адресаттың (яғни, тыңдаушының) өзгеруі, адресаттың
немесе үшінші әңгімелесушінің бір ғана тілде сөйлей алуы код
ауыстыруға себеп болуы мүмкін. Сөйлеушінің
өзі рөліндегі өз-
геріс те код алмасуына себеп болатын фактор болады. Айталық,
студент отбасымен сөйлескенде немесе сыныптастарымен кездес-
кенде өзінің туған диалект тілін қолдана алады, ал ол универси-
тетте қалыптасқан сөйлеу формаларына ауысуға мәжбүр болады.
Егер мұндай алмасу орын алмаса, адресантты басқалар түсінбей
қалуы мүмкін, сондықтан ол өз мақсатына жете алмайды, басқаша
айтқанда, коммуникативтік сәтсіздікке ұшырайды.
Код ауыстыру себептерінің жағдайлары төменде берілді:
•
Нақты тақырыпты ашу мақсатында: Адамдар, әдетте, бел-
гілі бір тақырып бойынша сөйлесу кезінде кодты ауыстыра-
ды, өйткені осы тақырыпты нақты ашу үшін осы тақырыпқа
түсінікті тіл мен сөз бірліктерін таңдайды.
•
Біреуге сілтеме жасау, не қанатты сөздерді қолдану: Бәрі
маған Don’t be shy дейді. Yesterday is a history, сондықтан бү-
гінмен өмір сүр!
•
Түсіндіру, қайталау: Кейде тыңдаушылар белгілі бір кодты
түсіне алмайды. Сөйлеуші тыңдаушыға түсінікті болу үшін
кодты қайталап айтуға мәжбүр болады.
•
Өзін-өзі таныту мақсатында: Кейде адамдар топты немесе
оның мүшелерін басқа адамдарға таныстыру үшін тілін өзгер-
теді, онда сөйлеуші тыңдаушыға ерекше әсер ету үшін код
ауыстырады.
•
Лексикалық олқылықтарды толтыру функциясы. Осы сен-
біде English club-та, Halloween болады. Ертеңгі quiz-ге кім
дайын? [20]
І ТАРАУ. ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
24
25
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
Сөйлеуші басқа кодқа ауысқан кезде, сол кодтың фонетика-
лық, грамматикалық және басқа тілдік нормаларына сәйкес түр-
ленеді. Қосалқы тілден алынған сөз негізгі тілдің фонетикасы мен
грамматикасына сай ассимиляцияланады. Кодтарды ауыстыра алу
қабілеті адамның тілді (немесе тілдің ішкі жүйелерін) жеткілікті
деңгейде меңгергендігі, оның белгілі бір коммуникативтік қабілеті
және жалпы мәдениеті туралы хабар береді. Кодтық ауыстырудың
механизмдері адамдар арасындағы өзара түсіністікті және сөй-
лесім актісі үдерісіндегі салыстырмалы түрдегі қолайлылықты
қамтамасыз етеді. Керісінше, индивидтің өз сөзін қарым-қатынас
жағдайына байланысты түрлендіре алмауы, тек бір кодқа (немесе
субкодқа) бейімділік екі не көп тілді ортада ауытқушылық ретін-
де қабылданады және коммуникативтік
қақтығыстарға алып ке-
луі мүмкін. Кодтарды ауыстыру құбылысын тіл біліміндегі кірме
сөздер және тілдегі кіріктіру секілді құбылыстардан ажырата білу
керек.
Достарыңызбен бөлісу: