Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану


АҒЫЛШЫН ТІЛІ ӘСЕРІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ



Pdf көрінісі
бет16/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67
Байланысты:


1.7. АҒЫЛШЫН ТІЛІ ӘСЕРІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 
КОНВЕРГЕНЦИЯ КӨРІНІСТЕРІ
Егер экономикалық салада жаһандану экономикалық бай-
ланыстарды нығайту, әлемдік нарықтың қалыптасуы мен дамуы 
ретінде қарастырылса, ал мәдени салада көптеген ғалымдардың 
назары бір жағынан, тілдік байланыстардың күшеюіне, қазір-
гі тілдерге қатысты барлық интеграциялық үдерістерге, екінші 
жағынан, лингва франка тілдердің басқа әлемдегі тілдерге әсері-
нен пайда болатын конвергентті және дивергентті үдерістерге на-
зар аударылуда. Тілдер мен жаһандану процестерін зерттеуде үш 
басым бағыт анықталып отыр, оларға мыналар жатады: 1) әлемдік 
тілдер жүйесіндегі өзгерістерді зерттеу; 2) жаһандық дискурсивті 
және коммуникативті тәжірибелердің қалыптасуы мен дамуын 
талдау; 3) тілді әмбебап семиотикалық код ретінде қарастыру, 
оның ауысуы кейбір жағдайларда бірегейліктің маңызды шартта-
рының бірі болып табылады [ 23,41].
Тілдік өзгерістерді зерттеу әлем тілдері жүйесіндегі тілдік өз-
герістердің жалпы табиғатын зерттеумен ғана шектелмеуі керек. 
Ғалымдардың назарын жаһандық тілдердің ықпалының кеңеюіне, 
олардың экспанциясы нәтижесінде байқалатын өзгерістерге ауда-
ру керек. Тілдік экспанция дегеніміз – ата-бабалардың жеріндегі 
автохонды тілдердің өзінің төл аумағынан ығыстырылуы және 
бөтен «импортталған» тілдің үстемдік құрып, таралуы. Жергілікті 
І ТАРАУ. ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ 


28
29
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
тіл жаңа келімсек тілде қалдық түрінде сақталып, субстрат қаба-
тына айналады. [ 24,16].
Жаһандану дәуірінде тіл экспанциясы лингва-франкалық қыз-
мет атқаратын белгілі бір тілдерге ғана тән белгі. Олардың ішін-
дегі ең үстемдік рөлге ие – ағылшын тілі, бұл тілдің басымдылығы
ең қуатты ағылшын тілді елдердің – Америка Құрама Штаттары мен 
Ұлыбританияның әлеуметтік-экономикалық және ұстанған саяси 
қағидаттарына байланысты ұлттық мүдделерін ілгерілетуіне бай-
ланысты артты. Ағылшын тілінің қазақ тілінің дамуына әсер етуі 
екі тілдің интеграциялануының нәтижесінде жақындасуына ықпал 
етеді. Оның негізгі векторы – конвергенция. Екі немесе одан да көп 
тілдердің өзара байланысуының нәтижесінде – олардың біреуі неме-
се екеуі де өзгеріске ұшырауы мүмкін, бұл тілдердің бір-біріне әсер 
етуінен пайда болады, оны тілдік контакт (байланыс) деп атайды, бұл 
– екі немесе одан да көп тілдердің өзара әрекеттесулері нәтижесінде 
көп не қостілді қоғамда жүзеге асатын әлеуметтік үдеріс.
Ана тілін басым қолданатын тіл иермені үшін өзге тілдердің 
әсерінен болатын интерференция құбылысы алдымен лексикалық 
деңгейде әрекет етеді, содан кейін ғана әдетте, өзге тілдің үстемді-
гі басым бола бастағанда, фонетикалық және грамматикалық дең-
гейде донорлық тілдің ықпалы тереңдейді. Екі тілдің байланысы 
кезінде жеңген тілдің құрамында сақталып қалған жеңілген тілдің 
іздері - субстраттың интерференциялық әсері, ең алдымен, тілдің 
фонетика мен синтаксистік қабатында басым байқалады. Интер-
ференциялық ықпалдың нәтижесінде өзара тығыз байланыстағы 
тілдік жүйелердің арасында бір-біріне көбірек ұқсастық пайда бо-
лады, бір-біріне жақындай түседі – бұны конвергенция деп атай-
ды. Жаһандану дәуірінде ағылшын тілі басқа тілдерге әсерін кү-
шейтуде және бұл сәйкестендіру|ұқсастыру (уподобление) және
сіңісу ( опрощение) сияқты конвергенциялық ықпалдар түрінде 
көрінеді. Қазақ тілінің лексикасы ағылшын тілімен сәйкестен-
діріледі: қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларына қатысты ағылшын 
тілінен кірген сөздер арқылы ана тілінің сөздік қоры кеңейеді:
а) саясатта: бумер, рейтинг, лоббизм, омбудсмен, спикер, 
имидж, брифинг, спичрайтер, лидер, харизма, импичмент 
және т.б.; 
ә) БАҚ-та: медиа – холдинг, паблик – рилейшнз, джаммик, 
пресс – релиз, хайп, директ – мейл; 
б) іскерлік тілде: бизнес, бутик, шоп, шопер(джоббер), бил – 
брокер және т.б.; 
в) білім беруде: модуль, кейс, тютор, компьютер, ноутбук, 
сайт, модем,фидбэк;
г) спортта: керлинг, драйвинг, сквош, боулинг, серфинг, кри-
кет, скейтборд, бейсбол, бодибилдинг,серфинг және т.б.;
ғ) тағамның, ыдыс-аяқтың, ас үй жабдықтарының атауларын-
да: блендер, сэндвичмейкер, ростбиф, тостер, барбекю, хот 
– дог, пудинг, миксер, сэндвич, веб-сайт және т.б..;
д) өнерде: поп – арт, рок, сингл, перфоманс, брейк – данс, 
блюз, регги, шоу, ремейк және т.б. 
ж) туризм, қызмет көрсету саласында: диал – меал, кейтеринг, 
мотель, бреакфаст, кап кейк, гель, скин – про, триммер, соул, 
спонж, скраб, лифтинг, спрей, тракинг және т.б.
з) жарнамада: баннер, сэндвич, билборд, спам, бренд, имидж, 
инклюзив – тур;
и) ақпараттық қызметте: чат, сайт, файл, интерфейс, бан-
нер, битч, скрипт, байт, апдейт, апгрейд, гейм, клик, смайл, 
тайм, раутер, хард –драйв, пир, юзер және т.б.
л) құқық қорғау саласында: бейли, атторней, солиситор, вау-
кер (қылмыскер), халфбакер (қорғаушы) және т.б.
м) экономикада: маркетмейкер, провайдер, лизинг, инвести-
ция, депозит, пинкод, банк, грин-кард, доллар, цент, аукцион, 
профит, және т.б. Қазіргі тіл білімі ғалымдарының айтуын-
ша қазақ тіліне енген сөздердің басым көпшілігі ағылшын 
тілінен енетінін айтады.
Кейде шеттілдік сөздер мен сөз тіркестері тілден тілге ауда-
рылғанда, олардың құрылысы сақталып аударылады да, солардың 
І ТАРАУ. ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ 


30
31
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
үлгісі бойынша сөздер мен сөз тіркестері жасалады. Шеттілдік 
сөздер мен сөз тіркестерінің үлгісі бойынша жасалған, олардың 
құрылысының көшірмесі болып табылатын сөздер мен сөз тір-
кестері калька деп аталады. Калькалау — шетелдік сөздердің ре-
цепиент тілдің бірліктерімен берілетін тура аудармасы. Кейбір 
тұрақты сөз тіркестері де, баламасы болмаған жағдайда, калька 
жолымен аударылады. 
Фразеологиялық калькалау үдерісінде ана тілінің заңдылықта-
рына сәйкес келмейтін сөздердің синтаксистік байланыстары мен 
мағыналық байланыстары конвергент тілге көшеді. Бұл жағдайда ше-
телдік құрылымдық үлгі қабылдаушы тілге сәйкестендіріліп қабыл-
данады, соның негізінде бастапқы сөздің негізінде жаңа жасалымдар 
пайда болады. Бұл жаңа жасалымның уәжі (мағынасы), құрылымы 
және фраза құрайтын элементтерді түпнұсқа тілден алады.
1) Жартылай фразеологиялық калькада фразеологиялық тір-
кес компонентінің біреуі аударылмайды. Dinosaur wing (ди-
нозаврдың қанаты), olimpian calm (олимпиадалық салқын-
дық, байыптылық, олимпиадалық тыныштық), straight barter
(тікелей бартер), defensive strategy (қорғаныс стратегиясы),
green parties (жасылдар партиясы), bell of rights (құқықтар 
туралы заң) және т.б.
2) Толық фразеологиялық калькалар: big lie (үлкен өтірік),
log – roller (саяси итермелеуші), green power (ақшаның күші), 
hot money (ыстық ақша), clear head (есті, ақылды адам), 
stalking horse (жалған кандидат), old fogies (ескі көзқара-
сы бар адам), street people (көше кезбесі), puppet government 
(қуыршақ үкімет), at a snail’s pace (тасбақа аяңмен) және т.б. 
Толық фразеологиялық калькалардың екі компоненті де каль-
каланады.
3) Нақты фразеологиялық калькалар, яғни мазмұны дәл беріл-
ген жасалымдар (лексемалардың құрамындағы компонент-
тері, сонымен қатар қазақ және ағылшын тілдеріндегі жалпы 
мағынасы сәйкеседі: live cat and dog (мысық пен иттей ырыл-
дасып өмір сүру), kill birds with one stone (бір оқпен екі қоян-
ды атып алу), to pick up one’s ear (құлақ тігу), be as stubborn as 
a mull (есектей қыңыр болу), be hungry as a hunter (қасқырдай 
жалаңдау) және т.б.
Сөзжасамдық калькаларға шет тілі сөзінің түбірі сақталып, 
оған қазақ тілінің қосымшасы жалғануы арқылы жаңа құрылым-
ды сөздер жасалады: -лық/лік; -ші/шы,ушы; -кер/гер; ды/ді. Мы-
салы, legal – заңды, planning – жоспарлау, manager – басқарушы,
promoter – тауарды жылжытушы, hijacker – қылмыскер, user – 
қолданушы, half backer – қорғаушы, sponsor – демеуші, және т.б.
Күрделі құрылымды сөздер жасалған кезде, бір сөзі ағылшын 
тілінен, ал екінші компоненті қазақ тілі сөзімен бірігіп, не тір-
кесіп күрделі сөз жасалады, мысалы, Тойbeststar, Бешбармақshow,
Отрар – Травел, жаңалықмейкер, SMS-мәтін, хангдогсаясат 
(hangdog + саясат)  және т.б. Мұндай күрделі жасалымдар гиб- 
ридтер деп аталады. Бұл жаңа күрделі сөздер сөзжасаудың құн-
ды тәсілдерінің бірі деп саналады. Жұмыстың II тарауында бұл 
құбылыс жаһандану нәтижесінде пайда болатын «мәдени және 
тілдік араласу» деп қарастырылады. Бұндай жаңа жасалымдар 
қоғамдағы болып жатқан өзгерістердің шапшаңдығын бейнелеу 
үшін тілдердің өзара әсеріне байланысты, әсіресе, соңғы онжыл-
дықтарда қарқынды өсіп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет