34
35
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
II ТАРАУ. ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
2.1. МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ
Тіл мен мәдениет өзара байланысты. Тіл – мәдениет жар-
шысы, ал мәдениет – тілдің мазмұны. Тілдің табиғаты «мәдени-
ет–табиғат–адам» үштігінде жатыр. Мәдениет табиғатқа қарсы
тұрып,
оны игеріп, адамның ыңғайына келтірді. Яғни мәдениет
– адамдардың әлеуметтік, зияткерлік белсенділігінің өнімі. Тіл
мәдениеттің маңызды құбылысы ретінде әрекет етеді, қоғаммен
бірге дамиды.
Ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек, мәдениетті алуан түрлі
мағынада анықтауға болады, ең алдымен мәдениет адамның егін-
шіліктен бастаған әрекетін білдіреді. Әрекеттену — жалпы адам-
заттың қоғамда өз орнын тауып, қалыптасу үшін өмір сүру тәсілі,
тіршілік етуінің мәні. Адамзаттың дами келе атқарған әлеуметтік
іс-қимылдарды, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге,
таратуға,
тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес мәдени әрекетке ұласты.
Бұдан келіп, адамның өмір сүруінің мәні, мақсаты, одан туын-
дайтын құндылықтар жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қа-
рым-қатынасынан ерекше құбылыс – мәдениет қалыптасты.
Бүгінгі таңда, гуманитарлық ғылымдардың кез келген бағы-
тындағы зерттеулер, мысалы,
археологияда, тіл білімінде, та-
рихта, психологияда, әлеуметтануда және т.б. мәдениетке ортақ
көзқарасты талап етеді. Жалпы, мәдениет — бұл әлеуметтік әре-
кеттің ортақ негізін құрайтын немесе мұраға қалған және үйрене
келе
қалыптасатын көзқарастардың, сенімдердің, құндылықтар
мен білімнің жиынтығы. «Мәдениет — терең философиялық ой-
дың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған тұжы-
рымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі» [25].
Сол сияқты,
антропологиялық және этнологиялық тұрғыдан қарастырғанда,
мәдениет — белгілі бір топ мүшелері игерген, кейінгі ұрпаққа
тарататын, дәріптейтін, ортақ дәстүрлері бар адамдардың белгілі
бір тобының әрекеттері мен идеяларының жиынтығы. (Коллинз
ағылшын тілі сөздігі 1991, 1994, 1998, 2000, 2003) [26].
Неміс философы Иоганн Готфрид Гердер: «Салт-дәстүр, тіл
мен мәдениет бастауларының анасы, кез келген ұлт бір-бірінен өз
салт-дәстүрлер жүйесімен ерекшеленеді»,- деген [27].
II ТАРАУ. ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
Достарыңызбен бөлісу: