Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану


Тарауда қарастыратын ұғымдар мен терминдер



Pdf көрінісі
бет19/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   67
Байланысты:


Тарауда қарастыратын ұғымдар мен терминдер:
Мәдениет – қоғам мүшелерімен өндірілетін, әлеуметтік 
тұрғыдан қабылданып,қолданатын және ұрпақтан ұрпаққа өту 
қабілеті бар рухани және материалдық өнімдерден құралған 
белгілі бір күрделі жүйе. 
Мәдени әртүрлілік әртүрлі мәдениеттердің бір-бірінің айыр-
машылықтарын құрметтеуін, кейде белгілі бір аймақтағы 
немесе тұтастай әлемдегі адамзат қоғамдары мен мәдениет-
терінің әртүрлілігін түсіндіреді.
Гомогенизациялану – әлемді біртекті жасау және құрамды 
теңестіру үдерісі.
Мәдени әралуандылық (cultural diversity) – бұл жеке немесе 
жаһандық мономәдениеттен және біртектес (гомогенизация-
ланған) мәдениеттен айырмаланып, әртүрлі мәдениеттердің 
сапасын білдіреді. Мәдени әртүрлілік әртүрлі мәдениеттердің 
бір-бірінің айырмашылықтарын құрметтеуін, кейде белгілі бір 
аймақтағы немесе тұтастай әлемдегі адамзат қоғамдары мен 
мәдениеттерінің әртүрлілігін түсіндіреді.
Мәдени плюрализм – мәдениеттегі ерекшеліктерді жай ғана 
ұғынып қана қоймай, сондай-ақ бұл айырмашылықты нақты 
мәдени жағдайда толықтай түсініп, терең бейімделу; мәдени 
ерекшеліктерге оң, жағымды қатынасты көрсету.
Мәдени диффузия – бір мәдениеттің екінші мәдениеттің қан-
дай да бір жетістіктерін алып, қабылдауы; өзара әрекеттесудің 
нәтижесінде бір мәдениеттiң жеке құбылыстары немесе оның 
кешендерiнің басқа мәдениетке енуі.
Аккультурация – мәдениеттердің өзара ықпалдану үдерісі, 
мәдени құндылықтармен алмасу, бір халықтың басқа ха-
лықтың мәдениетін толық немесе жартылай қабылдауы.


36
37
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
Ғалымдардың мәдениетке берген анықтамасының саны екі 
жүзден асып, үш жүзге жетіп жығылады. Эдвард Сепир (1956) 
мәдениет деп қауымдық топтың, халықтың өзіндік болмысына тән 
қалыптасқан мінез-құлықтар жүйесі екенін айтады [28]. Антропо-
лог Рошер (1972, 2004) «мәдениет — бұл қоғамдағы адамдардың 
көпшілігі қабылдаған идеялар мен сезімдердің арақатынастық 
байланысы»,- деп санайды (142-бет). Сөз жоқ, адам мәдениетті 
өзін қоршаған әлеуметтік топта үйренеді, бойына сіңіреді, негізі-
нен генетикалық емес жолмен қабылдайды. Антрополог Тейлор 
(1974) өзінің «Қарапайым мәдениет» атты еңбегінде мәдениетке 
жеке адамның қоғамнан алатын сенім-нанымын, өнерін, дағды-
сын, адамгершілік ережелерін, тыйым, салт-дәстүрлерін жатқыза-
ды. Гуденоуг (1996) мәдениет белгілі бір өмір салтын ұстанатын 
адамдардың жүйеленген бірлестігі деп тұжырымдайды [31]. Со-
нымен, мәдениет – адам мен жануарлардың арасындағы жалғыз 
айырмашылық. Әрине, жануарлар да қауымдастықта өмір сүреді, 
бірақ бұл қауымдастықтың басқа түрі. Шынында да, адамдар мен 
жануарлар арасында ортақ сипаттар көп, мысалы: бірлесіп өмір 
сүру, ұрпағы алдындағы жауапкершілік және тағы басқа да тір-
шілік әрекеттері. Ал, мәдениет – тек адамзатқа ғана тән құбылыс. 
Әл-Фараби айтқандай, адам – «хайуани мадани», яғни, адам мә-
дениетті жан. Элиот Т.С. (1961) мәдениетті капитал ретінде, яғни 
адамзаттың ортақ проблемаларын шешу, экономикалық тұрақтан-
дыруға және саяси қауіпсіздікке көмектесу үшін барлық мәдени-
еттер мен білімді дамыту құралы ретінде қарастырады. Спенсер 
(1986) мәдениетті «супер органикалық» орта деп атайды және мә-
дениетті физикалық және табиғи факторлардан бөліп қарастыра-
ды. Оның пайымдауынша, супер органикалық фактор адамға ғана 
тән де, ал қалған екі фактор адам мен жануарға ортақ. 
Адам – жалғыз өмір сүре алмайтын әлеуметтік тіршілік иесі. 
Әрбір адам белгілі бір топқа жатады. Жеке индивид өзін ұстауы, 
киімі, сөз сараптауымен өзінің ойы мен мәдениетін көрсетеді. 
Осылайша оны белгілі бір топқа жатқызуға не оны басқалардан 
ажыратуға болады. Мысалы, баланың тілі ересектердің тілінен 
өзгеше немесе солтүстіктегі адамдар оңтүстіктегі адамдардан сөз 
қолданысы не білгілі бір тақырыптағы мәселелерге көзқарасымен 
айырмаланады, тіпті олардың киімдері, ұстанатын дәстүрлері, 
не тамақ талғамы да өзгеше болуы мүмкін. Отандық мәдениет-
танушы, философ-ғалым Садуахас Темірбеков: “Мәдениеттің 
қалыптасу кезеңі адамның адам болуынан, адамдар арасындағы 
қарым-қатынасқа қажет қарапайым норма, ереже, тыйым, бұй-
рықтардан басталады, тіл, әдебиет, өнер, дін, бұқаралық ақпарат 
құралдары, киім, құндылықтар сияқты элементтер адамдарды 
бір-бірімен байланыстыратын басты факторлар”, - деп жазады. 
Мәдениет басқа адамдарға қарым-қатынас арқылы беріледі. Де-
мек, мәдениет табиғи емес, туа бітпейді және еріксіз дамитын 
әлеуметтік өнім. Кейбір факторлар, мысалы ұрпақтан ұрпаққа, 
бір адам келесіне жеткізуде қоғамдағы ақпарат пен білім, әлеу- 
меттік өзгерістер мен әлеуметтік қатынастар және бұқаралық 
ақпарат құралдары сияқты факторлар маңызды болып табылады. 
Сонымен, мәдениет – қоғам мүшелерімен өндірілетін, әлеуметтік 
тұрғыдан қабылданып, қолданатын және ұрпақтан ұрпаққа өту 
қабілеті бар рухани және материалдық өнімдерден құралған бел-
гілі бір күрделі жүйе [36]. Осылайша, мәдениеттің құрамдас бөлік-
тері ұрпақтан-ұрпаққа ауысады, бір жерден екінші жерге өтеді, 
кейде ол кейбір субмәдениеттерге бөлініп және тіптен дағдарыс- 
тың құрбанына да айналып жоғалуы да мүмкін. 
Мәдениеттің құрамдас бөліктерінің ішінде тіл мәдени бел-
гілердің маңызды құралы болып табылады. Адамдардың бір-
бірімен қарым-қатынас жасауы үшін тілдің маңызы зор, олар бір-
ге өмір сүріп өздерінің ыңғайына сәйкес әртүрлі мәдениеттерді 
қалыптастырады. Сондықтан, тіл коммуникативті қасиетке ие 
ақпарат беруші таңбалар жүйесінен ғана тұрмайды, ол ұлттық мә-
дениеттің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады. Тіл арқылы 
байланыс мәдениеттердің өзара әрекеттесуі үшін қажет. Сөйтіп, 
тілмен жеткізілетін әр түрлі мазмұн мен мағыналар белгілі бір 
әлеуметтік топтың мәдениетін білдіреді. Тұтастай алғанда, мәде-
ниеттің құрамдас бөліктерінің қатарына белгілі бір топтың әлеу- 
меттік ауыспалы мінез-құлық заңдылықтары, тілі, өнері, сенім-
дері, салт-дәстүрі, институттары және де сол сияқты адам еңбегі 
мен ойының басқа да өнімдері жатады.
II ТАРАУ. ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ


38
39
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет