Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану


Гомогенизацияның мәдениетке әсері



Pdf көрінісі
бет21/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67
Байланысты:


Гомогенизацияның мәдениетке әсері. Жаһандық гомогени-
зация жоғарыда аталған барлық үш деңгейде тауарларды өндіру 
және оны тұтыну мәдениетіне әсер етеді. Жаһанданудың эконо-
микалық ықпалымен адамдар барлық жерде бірдей тауарлармен 
қамтамасыз етіледі. Дегенмен де, тауар пайдаланысы адамдардың 
тұтыну қабілеттерін анықтап, әртүрлі әлеуметтік мәнмәтіндік 
сипатта өтеді. Мысалы, Кока-Кола және МакДональдс АҚШ-та 
өте танымал, ал Үндістанда оларды санаулы байлар ғана ала ала-
ды, бұл тауарлар адамдардың сатып алу қабілетіне байланысты 
дәрежесін білдіретін нышанға айналады, ал Қытайда бұл тауар-
лар дәстүрлі қытай мейрамханаларында басымдық танытады. 
Әлеуметтік қатынастар деңгейінде бизнестің қалай жүргізілетіні 
және өндіріс пен маркетинг жағдайында адамдардың бір-бірімен 
қалай байланысатындығы туралы белгілі бір гомогенизация бар. 
Бірақ адамдардың қарым-қатынасы өндіріс пен маркетингпен 
шектелмейді. Басқа табиғи (отбасылық), дәстүрлі (мәдени) және 
ассоциативті топтар бар. Үшінші деңгейге келетін болсақ, әлеу-
меттанушылар діннің үстемдігі әлсіреп, қазіргі заманғы әлеумет-
тік институттар алдыңғы орынға сараланып шыққанымен, олар 
белгілі тарихи кезеңдерде қоғамның әлеуметтік және рухани да-
муының маңызды құралы болған діндердей бола алмады деп атап 
көрсетті (Бауман, 1998). Діндер қайта көптеген бағыттарда қайта 
жандануда. Осы факторларды ескере отырып, жаһандану нәтиже-
сінде туындаған гомогенизация үстірт сипатқа ие және адамдар 
пайдаланатын тұтыну тауарларының материалдық деңгейімен 
II ТАРАУ. ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ


42
43
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
және бұқаралық ақпарат құралдары жасанды түрде насихаттай-
тын белгілі бір тұтынушылық мәдениетпен шектелген деп айта 
аламыз.
Жаһандану мәдени бірегейлікті нығайтады. Жаһандану 
дәуірінде адамдар өздерінің туған мәдениеттеріне көңіл бөліп, 
оның бірегейлігі мен ерекшелігіне көбірек мән беріп, алаңдай 
бастады. Мәдени бірегейлік жергілікті білім және «мен:өзім» 
сезімін, қауымдастық пен ұлттың маңыздылығын ғаламдық дең-
гейде қамтамасыз етеді. Дэнг (2005) мәдени бірегейлік «Мен кім-
мін?», «Біз қайда бара жатырмыз?» және «Бізде не бар?» деген 
сұрақтарға жауап іздейтіндігін айтады. Белгілі бір адамдар тобы 
келесі бір топтан бірегейлігін өздерінің мәдениеттері арқылы 
дәлелдейді, сондықтан әр топ өз мәдениетін дәріптеп, қорғауда. 
Шындығында, бұрынғы уақыттарға қарағанда, жаһандану жер-
гілікті мәдениеттердің төлтумалығы туралы көбірек хабардар 
етуде. Ғылым мен технология немесе экономикалық даму тұрғы-
сынан жаһандану конвергенция теориясын негіздей түсуі де мүм-
кін. Бірақ тереңірек қарастырсақ, жаһандану жеке мәдениеттер 
туралы көбірек хабардар етіп, олардың табиғи болмысын жандан-
дыруда, сондықтан да әр ұлт өкілінің бойында өз мәдениеттерінің 
бірегейлігі мен ерекшелігіне көбірек алаңдаушылық сезімдері 
артты. Егер бұған теріс қарайтын болсақ, онда жаһандану жер-
гілікті мәдениетті гегемониялық үстемдіктің салдарына ұшыра-
туы мүмкін. Бірақ жаһандану «бірлесу» сезімін тудыруы мүмкін 
деп үміттенеміз. Жер – біздің ортақ үйіміз, сондықтан қайықтағы-
лардың бәрінің жаны бір. Жаһандану сонымен бірге «терең
тамырланған басқыншыл мәдениет» сезімімен қатар, жергілікті 
мәдениеттің жаһандық маңызын арттыруы мүмкін. Бұл екі өлшем 
өзара өте тиімді әрекеттесуді, байланысты қалыптастыра алады. 
Кейбіреулер жаһандану және локализация соншалықты интегра-
цияланғандықтан жаһандық және жергілікті мазмұн астарласып 
кетті дейді. Сондықтан әлемге «жекелік» де, және ортақ «бір-
гелік» те даму тән.
Сонымен, жаһандану жай гомогенизациялану емес. Біз 
жаһандануды ғылым мен технология тұрғысынан қарайтын бол-
сақ, адамдар жаһанданудың әсерін белсенді түрде қабылдайты-
нын байқаймыз. Олар үлкен субъективтілікке және мәдениетті 
өзгертіп не құрастыратын еркіндікке ие. Әлем ғылым мен техно-
логияның арқасында жаһанда конвергенциялық жақындасудың 
барын көлденең алдымызға тартқанмен де, бірақ терең мағына-
сында ол мәдени бірегейлікті алға тартады. Ғылым мен техни-
каның дамуымен адамдар арасында бұрынғымен салыстырғанда 
бір-біріне жақындасу пайда болды. Олар өздеріне тиесілі мәдени 
болмыстың ерекшеліктері туралы көбірек ойланатын болды, өз-
дерінің мәдени тамырларын іздеп, елжандылық танытып, және өз 
мәдениетіне қамқорлық таныта бастады. 
Егер біз осы жаңа дәуірде халықтар мен мәдениеттердің 
әртүрлілігін құрметтей алсақ, бұл бір-біріне толерантты бірлікпен 
ерекшеленетін жаһандық қоғамдастыққа әкелуі мүмкін. Мәде-
ниеттер енді дәстүрлі мағынада жергілікті болып қала алмайды, 
бірақ олар бәрібір әртүрлі және көптік сипатта болады. Бұл бір-
тектес болмайтын жаһанданудың жаңа түріне алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет