44
45
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
Гомогенизация ұғымы теріс коннотациялы да қабылдануы
мүмкін, дегенмен, алдыңғы тақырыпта қарастырғанымыздай, ба-
тыс парадигмасында оны зерттеушілер бейтарап позитивті тұрғы-
дан қарастырады. Дж. Бекфорд гомогенизацияны «жаһандық мә-
дениеттің және әлеуметтік байланыстардың жаңа дүниежүзілік
тәртібі туралы ақпараты және ақиқаты деп түсіндіреді. Дж. Ритцер
гомогенизацияны
макдонализациялану дейді, макдонализация-
ланған қоғам оның ойынша үш негізгі «рационалды» компонент-
терден: жылдамдық, ыңғайлылық және стандарттардан құралады.
Тез тамақтану мәдениетінің бастамасы болған макдонизациялану
лингвомәдени салаға «стандарттау» метафорасы ретінде тарап,
бүкіл әлемде «ағылшын тілді» мәдени өнімдер,
брендтер мен
логотиптер, сонымен қатар ағылшын тіліндегі клишелер, таңба-
лар басқа ұлттық тілдерге тарады. Мәдени гомогенизация тұжы-
рымдамасы эволюционизм теориясы болып табылатын глобализм
моделіне жатады. Олардың жақтаушылары әлемнің бір бағытқа
дамуы туралы тезисті алға тартты, ғылыми техникалық прогрес-
тің дамуына байланысты оқшауланған топтар мен әлемдік мә-
дениеттердің біртұтас адамзат қоғамдастығына баратын жолды
білдіреді. Бұл позицияда бір полярлылыққа бағытталған еуроцен-
тризмді орнату айқын көрінеді. Мұның болуы бүкіл адамзат үшін
біртұтас тіл мен
мәдениеттің болуын болжайды, мәдениетара-
лық қатынас үдерісінде танымдық-коммуникативті функцияның
бұзылуымен сипатталады, бұл мәдениеттердің өзара байланысы
мен түсінісуін қиындатады. Глобализм моделі,
зерттеушілердің
пікірінше, үстем мемлекеттердің амбициясын білдіретін идео-
логия, саясат және сауда қағидаттарына негізделген. Осыған
сүйене отырып, глобализм дегенді тілдік домен мен этномәдени
ерекшеліктердің қайшылықты қатынастарын тудыратын керіғар
модель деп айтуға болады.
Мұны мыңжылдықтар тоғысында
«американизацияны» жаһанданумен пара-пар деп сәйкестендір-
ген академиялық қауымдастықтағы даулы дискурс, пікірлердің
бұрын-соңды болмаған толқынымен және оған қарсылықтардың
күшеюімен түсіндіруге болады.
«Американизация» ұғымы «макдонализация» және «гомоге-
низация» ұғымдарымен синонимге айналды. Жаһандану пробле-
масы әлі күн
тәртібіне қауырт енбеген кезде, биполярлық әлем
кеңістігінде американизация (1960-1980 жж.) АҚШ үкіметі жүр-
гізген мәдени экспансияның күшеюі деп түсіндірілді. Бұл түсінік
1907 жылы пайда болды, америкалық өмір моделі, яғни жеке ма-
териалдық әл-ауқат қоғамдағы идеал болып табылады. Бұл үдеріс
америкалық мәдениет символдары мен артефактілерін, идеялары
мен әлеуметтік-мәдени тәжірибелерін басқа елдерге енгізу, ағыл-
шын тілі мен америкалық білім беру жүйесін танымал ету және
т.б. әрекеттерді қамтыды.
Неліктен америкалық нарық жаһандану үдерісінде сонша-
лықты басымдық танытады? Америка Құрама Штаттарының мә-
дени жаһандануда маңызды рөлін бірқатар маңызды себептермен
негіздеуге болады [41]:
1. АҚШ нарығының көлемі басым. 300 миллионға жуық тұты-
нушысы бар Америка Құрама Штаттары әлемдегі ең үлкен
нарықтардың бірі болып табылады. 300 миллион тұтынушы-
сы бар АҚШ нарығына қол жеткізген кез келген компания
ауқымды экономиканың мүмкіндіктерін пайдалана алады.
2. АҚШ-тың экономикасы қуатты.
Құрама Штаттарда әлем
халқының тек төрт пайызы тұрады, бірақ ол әлемдік эконо-
микалық өнімнің 25 пайызын құрайды. Әлемдегі ең бай және
халық саны жағынан ең үлкен елдердің бірі болу - Америка
Құрама Штаттарын нарықта үстемдік жағдайға шығарды.
Қазір тек қана Еуропалық Одақ нарықта көлемі мен байлығы
бойынша АҚШ-тан алда келеді. Америка Құрама Штаттарын-
да жан басына шаққандағы ІЖӨ әлемдегі орташа көрсеткіштің
432 пайызына тең. Бұл мемлекетте жан басына шаққандағы
ЖІӨ 1960 жылдан 2018 жылға дейін 35552,91 АҚШ долла-
рын құрады, бұл барлық уақыттағы ең жоғары деңгейге жетіп,
2018 жылы 54541.70 АҚШ долларын құрады.
3. АҚШ-та салыстырмалы түрде гемогенді мәдениет қалып-
тасқан. Қазіргі кездегі тілдер мен этникалық топтар саны
бойынша АҚШ әлемдегі ең әралуан этносты елдердің бірі
Достарыңызбен бөлісу: