Тарауды қорытындылайтын тұжырымдар:
1.
Мәдениет басқа адамдарға қарым-қатынас арқылы
беріледі. Демек, мәдениет табиғи емес, туа бітпейді және
еріксіз дамитын әлеуметтік өнім.
2.
Әлем жаһандық ауылға айналып келе жатқанымен де,
әлем тұтас бір қауымдастыққа айнала алмайды.
3.
Әлемдік тенденция мәдени әралуандылықты жоя ал-
майды, өйткені әркімнің өз мәдениетін сақтап, ұстануына
құқығы бар.
II ТАРАУ. ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
50
51
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
4.
Кейбіреулер жаһандану және локализация соншалықты
интеграцияланғандықтан жаһандық және жергілікті мазмұн
астарласып кетті дейді. Сондықтан әлемге «жекелік» де, және
ортақ «біргелік» мәдени даму да тән.
5.
Жаһандану – бұл біртектілікке (гомогенизация) әкелетін
үдеріс емес, жергілікті дәстүрлер, құндылықтар мен әлеумет-
тік мәнмәтінге сәйкес жаһандық тілдің, мәдениеттің және
саяси ұйымдардың жаңа гибридті формаларын жасайтын
процесс.
Тарауды қорытындылайтын сұрақтар:
1. Мәдениетке берілген бір анықтаманы таңдап, мәнін ашып,
тұжырымдаңыз.
2. Мәдениет және құрамдас бөліктерінің біреуін атаңыз,
оның маңызын түсіндіріңіз.
3. Жаһандану жай гомогенизация емес, керісінше мәдени
бірегейлікті тереңдетіп жақсартады, келісесіз бе?
4. Жаһанданған заманда тұтынушылық мәдениеттің сипаты,
әлеуметтік әсері қандай?
5. Бізді қоршаған әлеуметтік-коммуникациялық кеңістікте
тілдік гибридизацияға мысалдар келтіре аласыз ба?
6. Жаһандану тұсында қазақстандық бірегейлік ұғымын қа-
лай ашар едіңіз?
Оқуға ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ғабитов Т.Х., және басқалары, Жаһандану және Қа-
зақстанның заманауи мәдениеті: ұжымдық монография /. -
Алматы: Қазақ университеті, 2019. 332 б.
2. Күркебаев К.Қ. Қазақ тілінің рухани және материалдық
лексикасы: оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2013.
-191 бет.
3. Сабитова З.К. Лингвокультурология: учебник/З.К. Саби-
това.-М., ФЛИНТА: Наука, 20133.-528. 270-297 беттер.
4. Омарбекова Г.Ә. Неміс және қазақ тілдері фитоним-
дерінің құрылымдық және ономасиологиялық сипаты.
Оқу құралы.-Алматы: 2009.-212 б.
5. David Brinkerhoff, Suzanne Ortega, Rose Weitz, Essentials
of Sociology, 9th edition. https://100kitap.kz/kz/book/9
II ТАРАУ. ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
52
53
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
Достарыңызбен бөлісу: |