Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану


Креолизация – екі немесе одан да көп тілдердің өзара әрекет- тесуі нәтижесінде аралас жаңа тілдің жасалуы. Тарауда аталған ғалымдар



Pdf көрінісі
бет26/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67
Байланысты:


Креолизация – екі немесе одан да көп тілдердің өзара әрекет-
тесуі нәтижесінде аралас жаңа тілдің жасалуы.
Тарауда аталған ғалымдар:
- Ульрих Аммон (1943-2019), неміс лингвисті, немістану мама-
ны, социолингвист.
- Дэвид Грэддол (1953-2019), қолданбалы лингвистикада, дис-
курстық талдауда, социолингвистикада және лингвистика та-
рихында қызмет еткен британдық лингвист.
- Тов Скутнабб-Кангас (1940-), лингвистика терминін тілге қа-
тысты кемсітушілікпен байланыстырумен танымал болған фин 
лингвисті және ағартушысы. 
- Джошуа Фишман (1926-2015), социолингвистика және тілді 
жоспарлау саласында маманданған америкалық әлеуметта-
нушы және лингвист, оқытушы.
- Бенджамин Ли Уорф (1897-1941), америкалық лингвист, аме-
рикалық үнді тілдерінің маманы және «тілдік салыстырма-
лылық» гипотезасының авторы. 
- Брадж Качру (1932-2016), Үндістандық лингвист, ағылшын 
тілінің үш шеңберлік териясының авторы.


54
55
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
3.1. ЖАҺАНДАНУДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Жаһандану экономикалық, саяси және мәдени интеграция-
лану мен бірігудегі (унификациялану) әлемдік жойқын процесс 
ретінде тіл саласына да өз ықпалын тигізуде. Тілдік жаһандану-
дың айқын салдары дегенде халықаралық байланыстағы, цифр-
лық технологиялар, саясат, ғылым, мәдениет саласында плане-
тарлық макроделдалдық тіл болып табылатын ағылшын тілінің 
таралуын түсінеміз. Ағылшын тілі – Ұлыбритания, Ирландия, 
АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, сонымен қатар Ка-
риб аймағындағы бірқатар елдердің тұрғындары үшін ана тілі, 
Азия мен Африканың ондаған елдерінің тұрғындары үшін екін-
ші тіл және әлемнің көптеген елдерінде ең көп оқылатын шет 
тілі. Әлемдегі 7,5 миллиард тұрғынның 1,5 миллиарды ағылшын 
тілінде сөйлейді, бұл жер халқының 20%-ын құрайды. Алайда бұл 
адамдардың көпшілігі ағылшын тілінің төл тіл иермендері емес.
Ағылшын тілі 360 миллионға жуық адамның ана тілі, ең көп оқы-
латын шет тілі болғандықтан, әлемдегі ең кең тараған танымал 
тіл, содан кейін екінші орынды француз тілі иемденеді. 
Ағылшын тілі ғылым, бизнес, сауда, халықаралық қатынас- 
тар, интернет байланысы, туризм, спорт, сән, бос уақыт сияқты 
қарым-қатынас саласындағы басқа тілдерді біртіндеп алмастыра 
бастады. Ағылшын тілі көптеген халықаралық ұйымдардың, со-
ның ішінде БҰҰ, НАТО, ЮНЕСКО, ЕО, Дүниежүзілік банк, ХВҚ, 
ДСҰ-ның ресми және жұмыс тілі болып табылады. Әлемдегі ком-
мерциялық келіссөздердің 80%-ы ағылшын тілінде жүргізіледі. 
Көптеген елдердегі халықаралық корпорацияларда ағылшын тілі 
жұмыс тілі болып табылады, сондықтан ағылшын тілін білетін 
мамандар еңбек нарығында сұранысқа ие. Ағылшын тілі – білім 
беру саласында ғылым мен нарықтың қажеттілігіне сәйкес кеңі-
нен сұраныстағы тіл, шет тілі ретінде оқылатын, ең кең таралған 
тіл болып табылады. Бұл тіл ұлттық авиакомпаниялардың, әуе-
жайлардың және ұшуды басқару орталықтарының көпшілігінде, 
сондай-ақ теңіз навигациясы кезінде қолданылады. Ағылшын тілі 
бос уақытты өткізу сферасына да еніп кетті. Әлемдегі ең ірі теле-
дидарлық компаниялар ағылшын тілінде шамамен 500 миллионға 
жуық аудиторияға арналған бағдарламалар жүргізеді, танымал 
ІІІ. ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ
журналдар мен газеттер ағылшын тілінде шығады, осылай-
ша ғаламшардағы көптеген адамдар саяси және мәдени жаңа-
лықтарды ағылшын тілінде оқиды. Ағылшын тілі әлем жаста-
рының музыкалық мәдениетінің тіліне айналды. Сонымен бірге 
ағылшын тілінің таралуы мен жаһандану арасында екі жақты 
бір-біріне ықпалды ара қатынас дамуда: ағылшын тілінің тара-
луы экономикалық жаһанданудың нәтижесі бола тұра, эконо-
микалық интеграцияға ықпал ететін және оның әсерін тезде-
тетін де фактор болып табылады.
Ағылшын тілінің жер бетін салтанатты түрде шарлауының 
тарихи, саяси-экономикалық, ақпараттық және лингвистикалық 
сипаттағы себептері бар [43]. Тарихи тұрғыдан алғанда, ағылшын 
тілінің кең географиялық таралуы Ұлыбританияның отаршыл-
дық өткенімен түсіндіріледі. Саяси және экономикалық тұрғыдан 
алғанда, ағылшын тілді елдердің саяси және экономикалық қуат-
тылығы оның таралуына ықпал етті. Ақпараттық факторға келетін 
болсақ, ағылшын тілі – ғылым, интернет, теңіз навигациясы, ха-
лықаралық авиация және туризмдегі ақпарат ағымының тарала-
тын тілі. Ағылшын тілін үйрену басқа тілдермен салыстырмалы 
түрде оңай, сонымен қатар ағылшын тілінде кірме сөздердің көп 
болуы және бұл тілден басқа тілдерге лексиканың көп енуі оны 
аса қиындықсыз игеруге ықпал етеді. Бұл – лингвистикалық фак-
тордың негіздемесі.
Әлемнің әртүрлі аймақтарында ағылшын тілі әртүрлі мәрте-
беге ие. Ол ана тілі, екінші және шет тілі ретінде қолданылады. 
Бір қарағанда, тілдердің осы категорияларының айырмашылығы 
айқын. Бірақ оның кең таралуына қарамастан, «ана тілі», «бірін-
ші тіл», «екінші тіл» және «шет тілі» терминдері өзара мағыналас 
емес, бір-бірінен ерекшеленеді.
Сонымен, ана тіліне келесідей анықтамалар беруге болады:
• бала кезінен табиғи жолмен ата-анасынан (ата-анасы осы 
тілдің иермендері) үйренген тіл (ана тілі);
• адамның ақыл-ой әрекетін жүзеге асыратын тіл (функцио-
налды түрде бірінші тіл);


56
57
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
• адам қарым-қатынаста, ең жиі қолданатын тіл; 
• іштей ең жақын деп қабылданатын тіл, яғни аффективті бай-
ланыс сезімін оятатын тіл;
• ата-бабалар тілі, яғни сөйлеушінің белгілі бір этносқа қа- 
тыстылығын айқындайтын тіл (этникалық бірегейлікті таны-
татын тіл).
Ана тілге берілген анықтамалар кейде сәйкес келмеуі де мүм-
кін. Егер адам бөтен тілдік ортада өмір сүруге мәжбүр болған бол-
са, бұндай жағдайда ол бала кезінен үйренген тілді сирек қолда-
нуы мүмкін немесе тіпті оны толығымен немесе ішінара ұмытуы 
да ықтимал; тіл иермені белгілі бір этникалық топқа өзін жатқы-
зуы мүмкін, бірақ сол этникалық топтың тілін мүлдем білмеуі 
немесе аздап түсінуі мүмкін; ата-бабалар тіліне деген адалдықты 
сезінбеуі немесе тіпті бұл тілді білетіндігінен ұялуы мүмкін (егер 
бұл тілдің дамуы төмен және мәдени артта қалған болса) және т.б.
Екінші тіл (second language) дегенді бірқатар авторлар жеке 
тұлға екі тілді ортада әлеуметтену процесінде алған (бірінші ана 
тілімен қатар бір мезгілде немесе кейінірек) функционалды екін-
ші тіл деп түсінеді, шындығында ол бұл тілді аз қолданады. Әлеу- 
меттік лингвистикада тілдік жағдайды сипаттаған кезде екінші тіл 
әкімшілік-саяси білім беруде ресми қызметтерді орындайтын тіл 
болып саналады. Мұндай тіл елдегі жалғыз ресми тіл болуы да 
мүмкін (Нигериядағы ағылшын тілі) не бұл функцияны басқа тіл-
мен де бөлісуі мүмкін, мысалы, Қазақстанда мемлекеттік тіл – қа-
зақ тілімен қатар, орыс тілінің екінші тіл ретінде ресми дәрежесі 
бар, «мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару 
органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданы-
лады» [ҚР «Тіл туралы Заңы», 5-бап], (Үндістанда ағылшын тілі, 
екінші тіл – хинди тілі) немесе жартылай ресми тіл мәртебесіне ие 
және тек шектеулі ғана әлеуметтік маңызды қарам-қатынас сала-
ларында қолданылады. Лингвистердің пікірінше, ағылшын тілін 
ресми тіл ретінде белсенді түрде қолданатын елдер болашақта 
ағылшын тілін жаһандық тіл ретінде дамытуда шешуші рөл атқа-
рады [44,45].
ІІІ. ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ
Керісінше, шет тілі ретінде оқылатын тілдер кез келген мем-
лекетте ресми мәртебеге ие бола алмайды; бұлар – оқу орында-
рында оқытылатын тілдер (мысалы, Қазақстандағы ағылшын 
тілі). Қазіргі уақытта ағылшын тілі әлемдегі ең көп оқылатын шет 
тілі болып табылады. Ағылшын тіліндегі тілді деңгейлеп оқы-
тудың білім мазмұны мен тіл иермендерінің тілді меңгеру дәре-
желері әр елде әрқалай болуы мүмкін, мысалы, Нидерланды мен 
Скандинавия елдерінде көптеген ағылшын тілін меңгергендердің 
тілдік даярлығы мемлекеттік тілі ағылшын тілі болатын Нигерия 
тұрғындарына қарағанда жақсырақ. Басқа елдерде де ағылшын 
тілін меңгеру төмен деңгейде қалып отыр.
Барлық осы терминдер ағылшын немесе басқа әлем тілдерінің 
бірі қандай да бір шамада тілдік жағдайларды сипаттауға қатысы 
бар. Тіл білімінде, жаһандану үдерісіне, атап айтқанда, ағылшын 
тілінің экспанциясына ғалымдар назарларын кеш аударды. Бұл 
тек ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарында, жаһанданудың сая- 
си және экономикалық аспектілері жақсы сипатталғаннан кейін 
ғана орын ала бастады. Бірақ, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан 
бастап тіл білімі тілдік байланыстар (контакт) мен билингвизм 
мәселелерімен айналысты, бірақ жаһандану жағдайында екітіл-
ділік мәселе ретінде салыстырмалы түрде соңғы онжылдықтардан 
бастап қана зерттеле бастады.
Қазіргі уақытта жаһандануды тілдік тұрғыдан зерттеудің 
бірқатар ғылыми тәсілдерін бөліп көрсетуге болады:

жаһандану үдерістерін дәстүрлі лингвистиканың тілдік 
байланыстар (контакт) және билингвизм мәселелері тұрғы-
сында қарастыру: екі тілділіктің түрлерін зерттеу, жаңа бай-
ланыстағы (контакт) тілдерді, соның ішінде New Englishes 
деп аталатын және Franglais, Denglish, Spanglish сияқты тілдік 
нысандарды зерттеу;

жаһандану нәтижесінде пайда болатын дискурс түрлері, 
жаһандану туралы дискурстық тәсіл;

жаһандану әсерінен тілдік жағдаяттың динамикасын және 
нақты тілдердің қолданылу аясы мен қызмет ету салалары-
ның қайта бөлінуін зерттеу;


58
59
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ

аксиологиялық тәсіл, яғни «тіл және билік» мәселесі мән-
мәтіндегі тілдердің «нарықтық» құндылығы тұрғысынан 
жаһандануды зерттеу;

жаһандану жағдайында тіл саясатының әр түрлі түрлерін 
зерттеу, оның ішінде жаһандану процестерінің әсерінен пайда 
болатын бірегейліктің жаңа түрлерін анықтау;

жаһанданудың әлем тілдеріне, оның ішінде семантика мен 
әлемнің тілдік бейнесіне әсерін зерттеу.
У. Аммон «жаһандық тіл» ұғымы мен халықаралық қатынас 
тілдерінің алуан түрлілігіне назар аудара отырып, тілдің «жаһан-
дық мәртебесі» мен «жаһандық функциясы» арасындағы айыр-
машылықты ажыратады. Мысалы, испан тілі үш құрлықта қол-
данылғандықтан, У. Аммонның пікірінше, жаһандық мәртебеге 
ие, бірақ ол жаһандық қызмет атқаруда ағылшын тілінен төмен 
тұрады [46]. Халықаралық қатынаста қолданатын тілдер қата-
рына араб, қытай, француз, испан, орыс, неміс, хинди, малай, 
португал, жапон тілдері енеді [47]. Африкада суахили тілі кеңі-
нен қолданылады. Қазіргі уақытта суахили тілі ағылшын тілімен 
қатар Танзания, Кения, Уганда, Заир мен Мозамбикте ресми тіл 
болып табылады. Жалпы алғанда, бұл тілде 150 миллионға жуық 
адам сөйлейді. Камбоджа, Лаос, Тайландта вьетнам тілі кеңінен 
таралған. Бұл тілдердің барлығы макро-делдалдық тілдердің қыз-
меттерін атқарады, өйткені бұл тілдерде сөйлеушілердің арасында 
екінші немесе шет тілі ретінде сөйлейтіндердің саны көп.
А.Де Сван әлем тілдерін бүкіл әлем кеңістігін қамтитын және 
халықаралық қатынас тілдеріне негізделген тілдердің «шоқжұл-
дыздарынан» тұратын тілдер жүйесі ретінде қарастыруды ұсы-
нады. Әрине, ағылшын тілі жаһандық тілдер жүйесінің төрінен 
орын алады, бірақ басқа тілдік шоқжұлдыздар да планета тұрғын-
дарының өмірінде маңызды рөл атқаруларын жалғастыра береді.
Сондай-ақ, лингвистер ірі тілдердің шағын тілдерге жасаған 
қыспағы тек қана ХХ ғасырда басталмағанын, одан да әріде ер-
теректе басталғанын және халықаралық тілдердің құрамы тарихи 
ІІІ. ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ
тұрғыдан өзгеріп отырғандығын айтады. Ертеде және Орта ғасыр- 
ларда халықаралық тілдер аймақтық сипат алып, олардың қолда-
нуына әлеуметтік және функционалды шектеулер тән болды; олар 
көбінесе жазбаша түрде қолданылды (Қиыр Шығыс халықтары 
арасында вэнь янь тілі, араб-еврей әлемінде арамей тілі, Месо-
потамия мен Ассирияда шумер және аккад тілдері, эллинистік 
әлемде ежелгі грек тілі, Рим империясында, кейінірек Еуропаның 
көптеген елдерінде латын тілі, Таяу Шығыста араб және парсы 
тілдері, бірқатар славян елдерінде ескі славян тілі қолданылды). 
XVI - XVII ғасырларда португал тілі, XVIII ғасырда француз 
тілі, XIX ғасырда ағылшын және неміс тілдері, ХХ ғасырда со-
циалистік лагерь елдерінде орыс тілі халықаралық қатынас тілі 
рөлін атқарды. Осылайша, тіл саласындағы жаһандану мәселесі 
тек ағылшын тілінің экспанциясын қарастыруды мақсат етпейді.
Алайда халықаралық қатынас тілдері ХХ ғасырдың ойлап 
тапқан шығармашылығы емес және олардың саны өте көп, әйтсе 
де қазіргі уақытта олардың ешқайсысын ағылшын тілімен сөйлеу- 
шілер саны жағынан да, қолдану салалары бойынша, әлеуметтік 
ықпалы, білім беру жүйесіндегі рөлі және т.б. бағыттарда салыс- 
тыруға келмейді.
Ағылшын тілінің халықаралық аренада кеңінен қолданыла-
тындығына байланысты бұл тіл көбінесе «осы заманның латыны» 
деп аталады. Бұл метафора аса орынды да емес сияқты, себебі 
орта ғасырда латын ұлтаралық этникалық тіл болды, ал ағыл-
шын тілінің миллиондаған адамға ана тілі болуы -оларға ағыл-
шын тілін шет тілі немесе ресми тіл ретінде үйренуге мәжбүр 
болған адамдарға қарағанда айтарлықтай артықшылықтар береді. 
Жаһандану лингвистердің, саясаткерлердің, әлеуметтанушылар-
дың және мәдениет қайраткерлерінің алдына күрделі мәселе-
лерді қойып отыр: әртүрлі тілдер мен мәдениеттердің байлығын
жойып жібермей, әлемнің бейнесін стандарттауға жол бермеу үшін 
қазіргі қоғамның интеграциялану үрдісі мен этникалық, мәдени 
және тілдік әртүрліліктің арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтауға 
болады, оның үстінде, тіл саласындағы жаһандану мәселелеріне 
арналған дискурс идеялогиялық және саяси коннотациялық сипат 
алып бара жатқандығы да таңқаларлық жайт емес.


60
61
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
Кейбір лингвистердің пайымдауынша, ағылшын тілі үстем 
жағдайға ие болып алды, енді оны болашақта тайдыру мүм-
кін емес [44, 6]. Бірақ жағдай бұл айтқаннан күрделірек сияқты,
Д.Грэддол ХХІ ғасырдың басында ағылшын тілін ана тілі ретінде 
сөйлейтіндердің саны XX ғасырдың аяғындағыдай, қытай тілінде 
сөйлейтіндердің санынан төмен, сонымен қатар испан және хинди 
тілдерінде сөйлейтіндердің санынан да төмен екенін айтады, енді 
мүмкін жақында ол араб тілін де алдына салуы мүмкін.
Сонымен бірге, ағылшын тілі ана тілі болып табылмай-
тын бірақ осы тілде сөйлейтіндердің саны өсуде. Д.Грэддолдың 
айтуынша, қазіргі уақытта ағылшын тілінің таралуына ықпал 
ететін факторлар ғана емес, бұл процесті тежейтін факторлар да 
бар. Мысалы, 2000- 2005 жж. аралығында интернеттегі ағыл-
шын тілінің үлесі 51,35-тен 32% -ға дейін төмендеді. Интернет 
бейресми байланыста, жергілікті базарларда сауда жасау және 
жергілікті жаңалықтарды алу үшін әр түрлі тілдерде сөйлейтін-
дер арасында кеңінен қолданылады. Бұл қызметтерді жергілікті 
тілдер де атқара алады. Сонымен қатар, аз ұлттардың өкілдері
Интернетті өздерінің тілдерінің беделін көтеру және сөйле-
ушілеріне қолдау көрсету үшін пайдаланады [44]. 
Әлемдегі ағылшын тілінің нұсқаларының көбеюі – ағыл-
шын тілінің болашағы үшін теріс фактор болып саналады, се-
бебі жаһандық ағылшын тілі – бұл біз білетін және бұрын шет 
тілі ретінде оқыған ағылшын тілі емес. Бұл – тілдік өзгерістерге 
түскен жаңа құбылыс, ағылшын тілі иермендері бұл құбылыстар-
ды онша құптамайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет