62
63
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
лингвис- тикалық әртүрліліктің жоғалуына әкеледі. Тіл саясаты,
жоғарыдағы ғалымдардың пайымдауынша,
билік құрылымда-
рының иерархиясын сақтаумен, материалдық және рухани ре-
сурстарды бөлумен және, сайып келгенде, бір этникалық топтың
екіншісінен үстемдігін қамтамасыз етумен тығыз байланысты.
Олар ағылшын тілін (сонымен қатар басқа да еуропалық тіл-
дердің) таратуға мүдделі тіл саясатының неолиберализммен
байланыс- ын ерекше атап өтеді. Бұрын лингоцид (лингвистика-
лық геноцид) ашық түрде жүргізілді, бұл нақты бір тілді пайда-
лануға тыйым салынды және ең радикалды түрде оның иермен-
дерінің көзін жойды. Қазір лингвоцидтің жасырын формалары
пайда болды: бұл өліп бара жатқан азшылықтардың тілін қол-
даудан бас тарту, бұл тілдердің қызметтерін шектеу, тар ком-
муникативті салаларда азшылық тілін қолдануға енжар қолдау
көрсету және қасақана шет тілін ресми тіл ретінде енгізу [51].
Т.Скутнабб-Кангастың пікірінше,
білім беру саласында лин-
гоцид мәселесі әсіресе өткір болып табылады. Ол балаларды,
әсіресе бастауыш білімді бастапқы кезеңінде басқа тілде оқы-
ту тәжірибесі, халықаралық конвенцияларда айтылғандай, ұлт
тіліне, мәдениетіне жасалған геноцид деп мәлімдейді. Ағыл-
шын тілінің экспанциясына қарсылардың пікірінше, ағыл-
шын тілі ресми тіл ретінде қолданылатын постколониалды
лагерьлерде тілдер беделділік тұрғысынан иерархияда орнала-
сады, онда жергілікті тілдер төменгі позицияларды иеленеді.
Тағы бір дәлел ретінде, ағылшын тілінің жаһандық аренада
таралуына қарсы шыққан ғалымдар, тілдің мәдениет пен ой-
лаумен байланысын ерекше атап өтеді, ұлттық тілдердің ағыл-
шын тілінің ығыстыруымен шеттеуінің әсерінен атап айтқанда,
әлемнің бейнесі біркелкі болып, ұқсастанып, әлемнің әдемілі-
гі жойылады және ойлаудың жұпындалуына әкеліп соғады.
Т.Скутнабб-Кангас атап өткендей, лингоцидтің әдеттегі серігі
«тарихи геноцид», яғни тілдің мәдени тарихын ұмыттыру бо-
лып табылады. Алайда Азия мен Африкада ағылшын тілін (со-
нымен қатар басқа еуропалық тілдерді) қолдану бірнеше прак-
тикалық артықшылықтарға ие.
Бірінші «оң тұсы» – бұл көп ұлтты елде еуропалық тіл көбі-
несе халықтың үлкен (және кейде одан да көп) бөлігіне таны-
ІІІ. ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ
мал жалғыз макро-делдал болып табылады. Сонымен қатар,
еуропалық тіл – бұл этникалық бейтарап макро-делдал, ешбір
жергілікті этникалық топқа үстем болуға мүмкіндік бермейді.
Шиеленіскен этносаралық қақтығыстар жағдайында жергілікті
тілдердің бірінің мемлекеттік тіл ретінде тағайындалуы ұлт-
аралық толқуларға әкелуі мүмкін (мысалы, Үндістанда болған
жағдай). Осылайша, ағылшын тілі (басқа еуропалық тілдер
сияқты) Азия мен Африкада мемлекеттердің қалыптасуында
және этникалық бірегейлікке қатысты біртұтас ұлттық мем-
лекеттің дамуында маңызды рөл атқара алады. Дж.Фишман
бұл процесті еуропалық мемлекеттерге тән ұлттың (ұлттың
ұлғаю процесіне) негізделген мемлекет құру процесінен айыр-
машылығы, мемлекет негізінде ұлт қалыптастыру деп атады.
Постколониалдық елдерге қатысты ол «ұлтшылдық» түсінігін,
яғни көп ұлтты мемлекеттің ұлттық-саяси
интеграциясының
нәтижесінде ұлттың қалыптасуын тұжырымдады. Еуропалық
тілдер бұл процесте негізгі рөл атқарды [54].
Еуропалық тілдердің экспортымен байланысты тағы бір
жағымды жағдай – халықаралық және мәдениаралық байла-
ныстардың жеңілдеуі артты. Ағылшын тілін білу әлемдік мә-
дениеттің қазыналарына жол ашады, ғылыми жетістіктермен,
қоғамдық-саяси ойлармен және басқа елдердің мәдени өмірімен
танысуға мүмкіндік береді, халықаралық байланыстарды орна-
туға көмектеседі.
Айта
кету керек, қазіргі әлемде ағылшын тілі постколо-
ниалдық кеңістіктегі тілдерге ғана емес, Еуропа тілдерін қоса
алғанда, коммуникативті қуатты тілдердің өміріне, ғылым,
білім, бизнес, интернет байланысы, халықаралық байланыс
және т.б. салаларда ағылшын тілінің белсенді болуы осы тіл-
дерге қауіп ретінде қарастырылады. Ағылшын тілінің қысы-
мымен кезіндегі еуропалық қуатты тілдер біртіндеп ығысып,
шеттеп келе жатқандығы байқалады.
Халықаралық ғылыми
конференциялардың тілі көбінесе ағылшын тілі болып табы-
лады, ғылыми мақалалар мен монографиялардың көп бөлігі
ағылшын тілінде жарық көреді. Сонымен, В. Амонның айтуы
бойынша, 2005 жылға дейін жаратылыстану саласындағы ағыл-
шын тіліндегі жарияланымдардың үлесі 90% -дан, ал гумани-
64
65
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
тарлық ғылымдардағы басылымдар үлесі 80% -дан асты [55].
Көптеген беделді ғылыми баспалар жариялауға тек ағылшын
тіліндегі мәтіндерді қабылдайды. Қазіргі уақытта ғалымдар
екі түрлі мәселеге тап болады: бір жағынан, ағылшын тіліндегі
басылымдар авторға миллиондаған көптілді аудиторияға таны-
мал болуға мүмкіндік береді (бұл, атап айтқанда, цитаталар ин-
дексін арттыруға мүмкіндік береді), екінші жағынан, олар ана
тілінің функцияларын шектейді.
Мұндай жағдайда, кең таралған коммуникативті қуатты тіл-
дері бар кейбір мемлекеттердің үкіметтері ағылшын тілін, оған
заңнамалық деңгейде шектеулерді қолдана отырып, белгілі бір
нақты шаралар қабылдауға тырысты. Бұл орайда Францияның
тәжірибесі қызығушылық тудырады, 1994 жылы француз тілін
қолдану туралы заң қабылданды, ол Тубон заңы (Францияның
мәдениет министрі Жак Тубонның атымен аталған) деп аталды.
Осы заңға сәйкес, француз тілін мемлекеттік құжаттарда, білім
беруде, жұмыс орнында, маңдайшалар мен тауарлық белгілер-
де, коммерциялық келісімшарттарда, қаржылық есептерде, ең-
бек келісімдерінде, есепшоттар мен түбіртектерде, Францияда
өткен ғылыми симпозиум және конференцияларда пайдалану
керек. Заң БАҚ тарататын әндердің кем дегенде 40%-ы фран-
цуз тілінде орындалуы керек деп қарастырды. Сондай-ақ, заң
француз баламасы болған кезде кез-келген шетелдік терминді
немесе сөз тіркесін басқа тілде қолдануға тыйым салды. Ағыл-
шын тілі Тубон заңында нақты айтылмағанмен, бұл заң ең ал-
дымен Францияда ағылшын тілінің қолданылуын шектеуге ар-
налған еді. Франция өзінің ұлттық тілінің халықаралық брендін
нығайтуға белсенді араласуда, бұл
осы елдің тіл саясатында
көрсетілген. 1970 жылдан бастап Халықаралық Франкофония
ұйымы халықаралық қызметпен белсенді айналысады, оның
мақсаты француз тілді мемлекеттер мен сонымен қатар фран-
цуз тілін оқитын елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту
болып табылады.
1996 жылы «лузофонияны» біріктіру үшін португал тілін-
де сөйлейтін елдерінің достастығы құрылды (Португалияның
латынша атауынан – Лузитания), оған португал тілі ресми мем-
ІІІ. ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ
лекеттік тіл болып табылатын елдер кірді (Португалия, Анго-
ла, Бразилия, Гвинея-Бисау, Кабо-Верде, Мозамбик, Сан-Томе
және Принсипи және Шығыс Тимор). Достастыққа бақылаушы
ретінде Экваторлық Гвинея, Маврикий және Макао кіреді.
Ұйымның мақсаты – халықаралық аренада португал тілін на-
сихаттау. Әлемдік саясатта испан тілі маңызды орын алады.
Қазіргі уақытта испан тілі иермендерінің португал тілінде
сөйлеушілер сияқты арнайы достастық ұйымы құрылмаса да,
испандық мәдениеттің дирижері ретінде ортақ тіл және саяси
ықпалды күшейту құралы ретінде испан мемлекеттері сыртқы
және ішкі саясатты жоспарлау кезінде тіл мәселесі ескеріледі.
Еуропадан тыс жерлерде түркітілдес
және араб тілді ха-
лықтардың шоғырлануына бағытталған пантүркизм және па-
нарабизм сияқты мәдени және саяси қозғалыстар орын алу-
да, олардың қалыптасуында лингвистикалық фактор маңызды
рөл атқарады. Мемлекеттердің ұлттық тілдердің халықаралық
ұстанымын нығайту жөніндегі әрекеттері ағылшын тілінің ха-
лықаралық аренада таралуын шектейді және тілдік әртүрлілікті
сақтауға ықпал етеді. Осылайша, ағылшын тілін халықаралық
қарым-қатынаста, ғылым мен білімде және басқа да әлеуметтік
маңызды салаларда макро делдал тілі ретінде қолданудың оң
және кері жақтары туралы пікірталас ашық болып қала береді.
Достарыңызбен бөлісу: