Advisory (Кеңес беру орталығы) зерттеуі көрсеткендей, бар-
лық жастағы адамдар өздерінің ана тілінде ақпарат алуды қа-
лайды екен. Егер пайдаланушы сайттың өз ана тілінде емес
екендігін көрген мезетте, ол сайтты тез-ақ жаба салады, сон-
дықтан сапалы қазақ тілді сайттардың санын арттыру жөн бо-
лар еді.
Жаһанданған әлемде тілдердің заманауи қатар өмір сүру
арақатынасында, қазақ тіліне де сай құбылыс ретінде «жаһан-
дық» тіл, ағылшын тілімен мәдени және лингвистикалық қа-
рым-қатысқа түсу сипаты тән. Қазір ағылшын тілінің жаһан-
дық тілге айналғандығын негіздейтін шет тілдік теориялық
тұжырымдар мен терминдер пайда болды, бірақ ол еңбектер
басқа жергілікті тілдерге әлі де толық тарай қойған жоқ. Сон-
дай терминдердің бірі «глоколизация». Глоколизация біздің ор-
тақ әлемде қатар өмір сүріп жатқанымызды дәлелдей түседі.
Тіл білімінде глоколизациялық тенденция жергілікті тілдердің
әсерінен ағылшын тілінің де сөздік қорының кеңейіп, және де
керісінше, жергілікті тілдік қор ағылшын тілінен тура не ағыл-
шын тілі арқылы басқа тілдерден кірме сөздермен толығуда.
«Глоколизация» термині ағылшын тілінің әсерінен бір-бірінен
алыстаған, не диалектикалық қарама-қарсылыққа ұшыраған
тілдік тенденцияларды, ағылшын тілінің басқа тілдермен кон-
вергенциялық және дивергенциялық байланыстарын, жаһан-
дық ағылшын тілі және оның креолизациялану құбылыстарын
қарастырады. Глоколданған ағылшын тілінің анықтамасына
сүйенсек, бұл тіл жаһандық сипатта болғанымен, жаңа қол-
даныста жергілікті контексте түрленіп, тамырлана түседі. Ха-
лықаралық мәртебеде танылғанымен де, ол жергілікті мәдени
«бірегейлікті» білдіреді. Аумақтық айырмашылық негізінен
мәдени, тілдік ерекшеліктерден көрініс табады, себебі, әр ел
өз мәдениетінің ерекшелігін әлемге көрсетіп, соны паш етуге
тырысады. Сонымен, ғаламдық ағылшын тілі үшін глокали-
зация дегеніміз ағылшын тілінің аймақтық түрлерінің пайда
болу үдерісі. Ағылшын тілінің түрлері жергілікті тілдермен
өзара әрекеттесу нәтижесінде қалыптасты. Глокализация ағыл-
шын тілі ана тілі болып табылатын этникалық топтардың ғана
иелігі болудан шығып, оның аясында жаңа түрлері мен жаңа
ІІІ. ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ
дискурстар пайда болатындығын білдіреді. Әртүрлі этникалық
және әлеуметтік контексте олардың жергілікті нормалары қа-
лыптасады, сондықтан ғаламдық ағылшын тілі енді әр түрлі
жергілікті мәнмәтінде өмір сүретін болады. Бұдан ағылшын
тілі «бөлшектеніп», нәтижесінде Н. Клосстың айтуынша оның
плюроөзектілік сипаты артады, себебі олар бірнеше ұлттық
қауымдастықтарға қызмет етеді [Kloss, 1977, 45-49, 97бб.]. «По-
лицентрицизм» және «плюроцентрицизм» ұғымдары іс жүзін-
де тілді жүзеге асырудың бірнеше «орталықтарының» болуын
білдіріп, бірнеше елдерде мемлекеттік мәртебеге ие болған
ағылшын тіліне қатысты қолданылады. Бұл ағылшын тілінің
халықаралық контексте қолданылатынын түсіндіретін атау-
лар мен аббревиатураларда көрініс табады: IE – Халықаралық
ағылшын тілі (International English); WE – Әлемдік ағылшын
тілдері (World Englishes); EIL – ағылшын тілі халықаралық тіл
ретінде (English as an International Language); ELF - ағылшын
тілі Lingua Franca (English as Lingua Franca); ESL - ағылшын
тілі екінші тіл ретінде (English as a Second Language); EFL -
ағылшын тілі шет тілі ретінде (English as a Foreign Language).
Халықаралық ағылшын тілі (IE) бүкіл әлемде шет тілі
ретінде оқытылатын стандартты ағылшын тілін білдіреді. Дәл
осы ағылшын тілі ағылшын тіліндегі оқулықтар мен ағыл-
шын тілін меңгеру дәрежесін тексеретін халықаралық емти-
хандарға (TOEFL, IELTS және т.б.) бағытталған шет елдік тіл
үйренушілер аудиториясына арналған. World Englishes – Ұлы-
британия немесе Америка Құрама Штаттарының ықпалымен
аймақтарда дамыған ағылшын тілінің жергілікті түрлерін біл-
діретін термин. «Әлемдік ағылшын тілдерін» зерттеу әлем-
дегі әртүрлі социолингвистикалық контекстте қолданылатын
ағылшын тілінің түрлерін анықтаудан және әлемнің әр түрлі
аймақтарында ағылшын тілін қолдануға әсер ететін социолинг-
вистикалық жағдайларды, көпмәдениеттілік пен функционал-
дық контекстерді талдаудан тұрады.
«Әлемдік ағылшын тілдері» мәселесі алғаш рет 1978 жылы
бүкіл әлемде аймақтық ағылшын тілдері тұжырымдамаларын
зерттеу мақсатында көтерілген. Прагматикалық факторлар, мы-
салы, ағылшын тілінің маңыздылығы, түсініктілігі және ауда-
70
71
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
не ерекше көңіл бөледі. Б. Качру және оның америкалық әріптесі,
лингвист Л.Смит 1- кестеде ағылшын тілінің әлемдік нұсқаларын
үш шеңберге сыйғызады.
1- кесте.