Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану



Pdf көрінісі
бет30/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   67
Байланысты:


Ішкі шеңбер
Ішкі шеңберге (The Inner Circle) ағылшын тілі ана тілі болып 
саналатын елдер тобы жатады. Сонымен, ішкі шеңберге ағылшын 
тілі бірінші және ресми тіл болып табылатын елдер: Австралия, 
Жаңа Зеландия, Англия, Ирландия, Канада мен Солтүстік Аф-
риканың ағылшын тілді бөлігі және Кариб аралдарының кейбір 
аумақтары кіреді. Ішкі шеңбердегі елдердің жалпы саны 380 мил-
лион адамды құрайды. Дәл осы ішкі шеңбер елдерінде ағылшын 
тілінің нормалары жасалады.
руға жинақылығы бұл тілдің халықаралық және ел ішілік қа-
рым-қатынас тілі ретінде қолданылуына негізгі себеп болды. 
Халықаралық ағылшын тілінің қазіргі заманғы тұжырымдама-
лары оның түр-түрлігін баса айтады. Педагогикада қолданыс 
тапқан EIL – ағылшын тілі халықаралық тіл тұжырымы жер-
гілікті ағылшын тілінің аймақтың ерекшелігін ескеріп, әртүр-
лілік сипатын оқыту мен үйрету болып табылады.
3.4. Б. КАЧРУДЫҢ ҮШ ШЕҢБЕР ТЕОРИЯСЫ 
Ағылшын тілін жергілікті контекст мүдделеріне сай оқыту 
қажеттілігін баса көрсететін педагогикалық тәжірибе Әлемдік 
АТ (World Englishes) тұжырымдамасына және Б. Качрудың үш 
шеңберлі теориясына негізделген. Әлемдік АТ тұжырымдамасы 
және үш шеңберлі ағылшын тілі теориясы бүкіл әлемге тиесілі 
деп түсіндіреді. Концентрлік шеңберлер теориясы жаһандық ға-
лым Брадж Качру ұсынған модель болып табылады, ол әлемнің 
әртүрлі тіл жүйелеріне ағылшын тілінің ену дәрежесін және 
әсерін бағалауға мүмкіндік береді. Теорияның авторы ағылшын 
тілін қолданатын елдерді ішкі, сыртқы және кеңейтілетін шеңбер-
лерге орналастыруды ұсынады [56]. Ағылшын тілінің нұсқасын 
шеңберге орналастыруға негіздеме ретінде тілдің қалыптасуының 
тарихи алғышарттарына, тілдік нормаға және орындайтын комму-
никативті функцияларына жүгінген.
Жаһандану әсерімен және ағылшын тілінің халықаралық қа-
тынас тілі ретінде дамуына байланысты ағылшын тілін қолдану-
дың түрлері мен нұсқалары туралы мәселе туындайды. Барған 
сайын лингвист ғалымдар әр мәдениетке байланысты ағылшын 
тілін қолданудың әртүрлі нұсқаларын, сонымен бірге онымен қа-
рым-қатынасқа түскен автохтонды тілді сипаттайды. Ағылшын 
тілінің өзгермелілігін әлеуметтік лингвистиканың бір бағыты 
контактілі вариантология қарастырады. Осы бағытта жұмыс істей 
бастаған алғашқы лингвистердің бірі – Брадж Качру. Оның «Үш 
концентрлік шеңбер» тұжырымдамасы ағылшын нұсқалары те-
ориясының негізін қалады. Ол ағылшын тілі және онымен қа-
рым-қатынасқа түсетін ғаламшардың басқа тілдерінің өзара әсері-
ІІІ. ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ


72
73
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
Сыртқы шеңберде (The Outer Circle) ағылшын тілі ерек-
ше мәртебеге ие елдер кіреді. Бұл елдерде ағылшын тілі екінші тіл 
ретінде оқылады және lingua franca ретінде қолданылады: Сингапур, 
Индия, Малайзия, Филиппин және одан да басқа 50-ден астам ел-
дер жатады. Бұл шеңбер бұрын ағылшын тілді халықтарға тәуелді 
болған елдерден тұрады. Бұл аймақтарда ағылшын тілі жергілікті 
және байырғы тіл емес, осы елдер үшін сырттан әкелінген тіл. Мұн-
дай елдердегі тілдік жағдай екі модель бойынша дамыды. Мысалы, 
Нигерия мен Үндістанда халықтың аз ғана жоғары білімді пайызы 
оны қарым-қатынас жасау үшін қолданатын болғандықтан, ағылшын 
тілі – қоғамда тек элитаның тілі. Барбадос, Ямайка елдері сияқты құл 
саудасы болған аймақтарда ағылшын тілінің жаңа формалары мен 
нұсқалары, пиджин және креол тілдері осылай пайда болды. Сыртқы 
шеңбердегі елдер тұрғындарының жалпы саны 150 миллионнан 300 
миллионға дейін жетеді. Сыртқы шеңберге қатысты елдерде ағыл-
шын тілінің нормалары өзгеріп, жергілікті тілге бейімделу үдерісі 
жүруде.
Кеңейтілетін шеңберге (The Expanding Circle) ағылшын тілі шет 
тілі ретінде оқытылатын елдер кіреді: орталық және шығыс Еуропа 
елдері, Қытай, Жапония, Израиль, Грекия, Ресей, Қазақстан және 
басқа елдер. Бұл шеңберге тарихи не білгілі бір саяси және т.б. се-
бептермен ағылшын тілінің таралуына қатысы жоқ елдер жатады. 
Бұл аймақтарда ағылшын тілі тек мәдениетаралық қарым-қаты-
нас құралы ретінде жаппай меңгерудің нәтижесі болып табылады, 
жоғарыда аталған елдерде ағылшын тілінің ресми мәртебесі жоқ. 
Шеңбер тұрғындарының саны алдыңғы екі шеңбер санынан жоға-
ры және есептеу қиынға соғады. Себебі бұл мемлекеттердің барлық 
азаматтары ағылшын тілінде сөйлей алмайды, көбінесе тіл бизнесте 
тек қарым-қатынас құралы қызметін атқарады. Мәліметтерге сүйен-
сек, бұл шеңбердегі елдердің халықтарының саны 100 миллион мен
1 миллиардтан астам адамды құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет