Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану


Концентрлік шеңберлер теориясының негізгі тұжы-



Pdf көрінісі
бет31/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   67
Байланысты:


Концентрлік шеңберлер теориясының негізгі тұжы-
рымдары: 
- Ағылшын тілі мәдениетаралық қарым-қатынас тілі болған-
дықтан, енді бұл тіл тек ана тілі иермендеріне ғана тиесілі болу-
дан қалды. Бұл тіл өз қолданушыларының бәріне бірдей тиесілі. 
ІІІ. ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ
- Барлық аймақтық нұсқаларға британдық және америкалық 
ағылшын нормаларынан ауытқу тән, олардың тілдік және 
функционалдық ерекшеліктері бар. Ауытқулар фонетикалық 
екпін немесе морфологиялық және синтаксистік нормалар-
дың бұзылуы түрінде орын алады. 
- Б. Качрудың ағылшын тіліндегі әр аймақтық нұсқасында 
үш типтегі нормалар сәйкес келеді: норма әзірлейтін нұсқа-
лар (norm-producing) (британдық, американдық, канадалық,
австралиялық, жаңа зеландиялық ағылшын тілі), норма да-
мытатын (norm-developing) нұсқалар екінші ресми тіл ретін-
де қызмет атқарады және нормаға тәуелді (norm-dependent) 
нұсқалар, олар негізінен британдық немесе америкалық нор-
маны басшылыққа алады, мысалы, қазақ және орыс тілді 
аудиториялар негізінен британдық немесе америкалық стан-
дартты норма ретінде қабылдайды.
3.5. АҒЫЛШЫН ТІЛІ LINGUA FRANCA (ELF)
Ағылшын тілі lingua franca (ELF), сонымен қатар көпір тіл, 
жалпы тіл, сауда тілі, көмекші тіл, сілтеме тілі ретінде бел-
гілі – бұл тіл немесе диалект жүйелі түрде білгілі бір ана тілін 
немесе диалектіні білмейтін сөйлеушілер тобының арасында бай-
ланыс орнатуға пайдаланылды, ана тілдері әр түрлі тілдер бола-
тын сөйлермендер ағылшын тілін ортақ қарым-қатынас құралы 
ретінде қолданады. Lingua franca бүкіл адамзат тарихында, кейде 
коммерциялық себептермен («сауда тілдері» деп те аталды), со-
нымен бірге мәдени, діни, дипломатиялық және әкімшілік ыңғай-
лылық үшін және әртүрлі ұлт ғалымдары арасында ақпарат ал-
масудың құралы ретінде дамыды. Lingua franca термині Жерорта 
теңізі маңында тараған пиджин тілінен шыққан, бұл қатынас тілін 
Левантия және Шығыс Жерорта теңізі маңындағы адамдар сауда 
мен дипломатияның негізгі тілі ретінде ортағасырлық дәуірлер-
ден бастап, әсіресе, қайта өрлеу дәуірінде, 18-ғасырға дейін қол-
данылған. Сол кезде Осман империясының портты қалаларында 
теңізде сауда-саттықта итальян тілінің жеңілдетілген нұсқасы ай-
мақтың қатынас тілі «Lingua franca» ретінде қолданылады, ол тіл-


74
75
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
Сонымен, ELF әртүрлі тілдерде сөйлейтін және ағылшын тілін қа-
тынас құралы ретінде таңдайтын адамдар арасындағы «байланыс 
тілі» болып саналады. Айта кету керек, ELF-ті ана тілі басқа бо-
латын әр түрлі тілдер өкілдері қолданады, ал бұған фонетикалық 
жағынан да, лексикалық-грамматикалық деңгейде де сөйлеушіге 
өз ана тілі мен мәдениеті әсер етері анық, ELF-ті байланыс құралы 
ретінде қолданатындардың барлығы өз ана тілінің құрылымы мен 
мәдениетін ескере отырып, өз қажеттіліктеріне қарай бейімдейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет