82
83
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
4.1. МИГРАЦИЯ. ОРАЛМАН
ХХІ ғасырда адамдардың бір елден екінші елге жаппай қоныс
аударуы негізгі этноәлеуметтік үрдіске айналуда. Қазіргі мемле-
кеттердің басым көпшілігі, белгілі бір дәрежеде, әртүрлі этника-
лық элементтерден, шоғырлардан, қауымдастықтардан,
топтар-
дан тұрады, ал олардың қолданатын тілдеріне интерференция,
тілдердің
өзара әсері және қос тілділік, кей елдерге көптілділік
құбылыстары тән болып отыр.
Миграцияның тарихына үңілетін болсақ, әлемдік миграция-
ның басталған уақыты деп негізінен XVI ғасырды айта аламыз.
Батыс капитализмнің техникалық және экономикалық жаңалық-
тарынан кейін жедел түрде өскен шикізат пен тауарлар айналы-
мы оларды әлемге сату қажеттілігін тудырған болатын. Алдымен
мұхитты кесіп өту арқылы жүретін сауда жолдары пайда болып,
кейіннен әуе жолдары да алғаш қолданысқа енген еді. Ал қазіргі
жаһандану кезеңінде әлемдік шекаралар бұрынғыдай «өте берік»
деуге келмейді, адамдардың қозғалыс еркіндігі, тек кейбір ерекше
жағдайларға байланысты болмаса, негізінен, шектелмейді. Әрбір
адамның заңмен қорғалған белгілі бір елден екіншісіне қоныс ау-
даруға құқығы бар. Алайда қазіргі таңдағы әлемде қалыптасқан
халықаралық саяси, экономикалық
жағдайларға байланысты
әлемдік миграция асимметриялы түрде жүруде: мигранттардың
басым бөлігі тұрақты түрде әлемнің бір бөлігінен екінші бір бөлі-
гіне ғана ағылуда. Бұл, өз кезегінде, мигранттар кризисін тудыра-
ды [61]. Әсіресе, соңғы онжылдықта көші-қон ағыны күрт өсті.
Қазіргі көші-қон сипаты бойынша бұрынғыдан өзгеше. Бірінші-
ден, тілі ортақ халықтың бір елдің ішіндегі ірі қалаларға қоныс
аударуы. Мұндай көші-қон әлемнің
барлық елдерінде кеңінен
таралған, олар диалектаралық шатасуға және біртұтас ұлттық
тіл негізінде ауызша сөйлесімнің әртүрлі
формаларының пайда
болуына алып келеді. Екіншіден,
жеке адамдардың, отбасылар-
дың жаңа жұмыс орнына шақыртылуына, жақсырақ жұмыс орын-
Достарыңызбен бөлісу: