Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану



Pdf көрінісі
бет37/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   67
Байланысты:


Көрсеткіш
1970
1979
1989
1999
Халық 
саны, 
мың
Үлес, 
салм,
%
Халық 
саны, 
мың
Үлес, 
салм,
%
Халық 
саны, 
мың
Үле, 
сал,
%
Халық 
саны, 
мың
Үлес, 
салм,
%
Жалпы халық 13013,0 100 14688,3
100
16199,2 100 14953,1 100
1. Қазақтар
4238,4
32,6
5293,4
36,0
6496,9
40,1
7985,0
53,4
2. Орыстар
5521,9
42,4
5991,2
40,8
6062,0
37,4
4479,6
30,0
3. Украиндер
933,5
7,2
898,0
6,1
875,7
5,4
547,1
3,7
4. Өзбектер
216,3
1,7
263,3
1,8
331,0
2,0
370,7
2,5
5. Немістер
858,1
6,6
900,2
6,1
946,9
5,8
353,4
2,4
6. Татарлар
285,7
2,2
312,6
2,1
320,7
2,0
249,0
1,7
7. Ұйғырлар
120,9
0,9
147,9
1,0
181,5
1,1
210,4
1,4
8. Белорустар
198,3
1,5
181,5
1,2
177,9
1,1
111,9
0,7
9. Кәрістер
81,6
0,6
92,0
0,6
100,7
0,6
99,7
0,7
10. Әзірбай-
жандар
57,7
0,4
73,3
0,5
89,0
0,5
78,3
0,5
11. Түріктер
18,5
0,1
25,8
0,2
49,5
0,3
75,9
0,5
12. Поляктар
61,4
0,5
61,1
0,4
59,4
0,4
47,3
0,3
13. Дүнгендер
17,3
0,1
22,5
0,2
30,0
0,2
36,9
0,2
14. Күрдтер
12,3
0,1
17,7
0,1
25,4
0,2
32,8
0,2
15. 
Шешендер
34,5
0,3
38,3
0,3
49,1
0,3
31,8
0,2
16. Тәжіктер
16,0
0,1
19,3
0,1
25,3
0,2
25,7
0,2
17.Башкирлер
21,4
0,2
32,5
0,2
40,9
0,3
23,2
0,2
18.Молдован-
дар
26,0
0,2
30,3
0,2
32,4
0,2
19,5
0,1
19.Ингуштар
18,4
0,1
18,3
0,1
19,5
0,1
16,9
0,1
20.Мордова-
лықтар
34,4
0,3
31,4
0,2
29,2
0,2
16,1
0,1
21.Басқа 
ұлттар
240,0
1,8
273,7
1,9
256,3
1,6
142,0
0,9
2019 жылғы мәлімет бойынша, қазақ ұлты республика 
тұрғындарының (67,98%)-ын құрайды. Келесі, орыстар (19,32%), 
өзбектер (3,21%), украиндар (1.47%), ұйғырлар (1.47%), татарлар 
(1.10%) және басқалар [67]. Осы берілген деректер Қазақстандағы 
соңғы 50 жыл бойы қатар өмір сүріп келе жатқан этникалық топ-
тар туралы мәлімет береді, кейбір топтардың үлес салмағының 
азайғанын байқаймыз. Осылайша, көп этносты халқы бар барлық 
елдерге, соның ішінде Қазақстанға да, екі тілділік және көптіл-
ділік (екітілділікке қарағанда бұл сирегірек кездеседі), көпмәде-
ниеттілік жағдайы тән.
4.3. КӨПМӘДЕНИЕТТІЛІК
Көпмәдениеттілік – бұл мәдени плюрализмнің синонимі ретін-
де және оның дамуына ықпал ететін саясат болып табылады. Бұл 
адамдардың этникалық, нәсілдік және діни айырмашылықтарына 
қарамастан кез-келген елдің барлық тұрғындарының құқықтарын 
өзара құрметтеу болып саналады. Көпмәдениетті қоғамда елдің 
барлық азаматтары өздерінің мәдениетін, тілін, дәстүрін, этни-
калық және діни құндылықтарын дамытуға тең құқылы. Мұндай 
қоғамда ұлттық мектептер ашылады, ұлттық тілдерде газет-жур-
налдар шығады. Сонымен қатар, көпмәдениеттілік қағидаттарын 
ІV ТАРАУ. МИГРАЦИЯ. ОРАЛМАН. КӨПҰЛТТЫЛЫҚ. 
КӨПМӘДЕНИЕТТІЛІК. МӘДЕНИ ӘРАЛУАНДЫҚ


90
91
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
тек саяси элита ғана емес, сонымен қатар жоғары лауазымға ие не 
ие емес ұлттың басқа өкілдері де қолдайды.
Көпмәдениеттіліктің теориялық негізі – либерализм әсіресе 
оның бостандық, теңдік және бауырластық сияқты құндылықта-
рымен маңызды. Сонымен қатар, көп мәдениетті қоғам – бұл 
либералды қоғам, онда тек әлеуметтік әділетсіздікке ғана емес, 
сонымен қатар нәсілшіл әділетсіздікке де жол берілмеу керек. 
Көпмәдениеттілік – бұл толеранттылыққа негізделген саясат. То-
лерантты қоғамның маңызды ерекшелігі әртүрлі мәдениеттердің 
иықтасып, қатарлас өмір сүруі. Толерантты қоғамда көпмәдениет-
тілік мәдениеттердің өзара араласып, бірін-бірі байытады және бір 
мәдениет екіншісіне ықпалы күшті болып, мәдениеттердің өзара 
кірігу процесі орын алуы мүмкін. Көпмәдениеттілік – қоғамда 
пайда болатын мәдени әртүрліліктің бір түрі. Оған қоса, мәде-
ни әртүрлілікке қатысты оқшаулану, ассимиляция және апартеид
сияқты басқа да құбылыстарды атап өтуге болады.
а) Оқшаулану шетелдіктердің (әсіресе мәдениетімен ерек-
шеленетіндердің) елге кіруіне жол бермеу арқылы мәдени 
әртүрліліктің пайда болуын болдырмауға бағытталды. Осы 
саясатқа Австралияда 1901 жылы қабылданған «Иммигра- 
циялық заңды» атауға болады.
ә) Ассимиляция (сіңісу) – көпмәдениетті ұжымға, елге тән 
құбылыс әрі заңдылық. Мәдени ассимиляция – бөтен мәде-
ниетке бой алдыру, төл мәдени ерекшеліктерден ада болу 
үрдісі, бөгде мәдениетке біржола сіңісуге әкелетін әлеуметтік 
құбылыс. Ол үстем мәдениеттің жергілікті мәдени азшылық 
топты өзіне бейімдеуін меңзейді.
б) Апартеид – бұл ассимиляцияның жүруіне кедергі кел-
тіретін адамдардың белгілі бір топтарын оқшаулауға бағыт-
талған саясат.
Көпмәдениеттіліктің жоғарыда келтірілген құбылыстардан
айырмашылығы оны жергілікті басым этникалық топтар ғана 
емес, сонымен бірге жаңа келген иммигранттар мен шағын топтар 
да қолдайды. 
Көпмәдениеттілік әлеуметтік топтар арасында түсіністікке 
негізделген жағымды құбылыс ретінде сипатталады, ол, сайып 
келгенде, қоғамның дамуына ықпал етеді.
Көп мәдениетті қоғамның білім беру және даму процесі та-
рихи дамудың ерекшеліктерімен, нақтырақ айтсақ, әлеуметтік 
факторлармен анықталды. Айта кету керек, демократия білім беру 
процесінде және көп мәдениетті қоғамның дамуында маңызды рөл атқа-
рады. Көп мәдениетті қоғам ең алдымен, Батыс Еуропа мен Солтүстік 
Американың демократиялық бөліктерінде өмір сүре бастады. Осы өңір-
лерде толеранттылықтың, адамгершілік пен демократияның жоғары 
деңгейі көпмәдениеттілік идеяларын таратуға тамаша жағдай жасады.
Жоғарыда айтылғандардың бәрін ескере отырып, аймақтардың та-
рихи дамуындағы айырмашылықтарына сәйкес, сонымен қатар, көпмә-
дениеттіліктің әр түрлі модельдері де бар екенін атап өтеміз.
Осы нақты модельдердің қатарында америкалық, шведтік, австра-
лиялық, канадалық және қазақстандық модельдер аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет