Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану


а) Америкалық көпмәдениеттілік моделі



Pdf көрінісі
бет38/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   67
Байланысты:


а) Америкалық көпмәдениеттілік моделі
ХХ ғасырдың 60-жылдарының ортасынан бастап Америка 
Құрама Штаттары англо-саксондардан (америкалық ұлттың этномә-
дени негізі) және иммигранттардан тұратын метафоралық «балқыған 
ыдыс» “melting pot” [68] болды. Бұл «ыдыста» англо-саксондар ба-
сым жағдайға ие болды. Бірақ бұл жағдай кейіннен толығымен өз-
геріп, мультимәдениеттілік идеологиясымен алмастырылды. Енді ол 
«салатница» және «мәдени мозаика» [69] терминіне өзгерді. Өзге-
рудің негізгі себебі екі маңызды заңның – 1964 жылғы «Азаматтық 
құқықтар туралы» және 1965 жылғы «Иммиграция туралы» заңдар-
дың қабылдануына байланысты болды. Бірінші заң англо-саксондық 
факторды әлсіретіп, ұлттардың теңдігін қамтамасыз етті. Екінші заң 
елге келуші иммиграция деңгейін көтерді. Бүгінгі таңда Америка 
Құрама Штаттарының мультимәдени саясаты екі жақты сипатымен 
ерекшеленеді. Біріншіден, елге кірген иммигранттардың америкалық 
қоғамның барлық құндылықтарын қабылдауымен, екінші жағынан, 
ІV ТАРАУ. МИГРАЦИЯ. ОРАЛМАН. КӨПҰЛТТЫЛЫҚ. 
КӨПМӘДЕНИЕТТІЛІК. МӘДЕНИ ӘРАЛУАНДЫҚ


92
93
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
этникалық және нәсілдік экстремизмнің алдын алатын қосымша 
тетіктерді қалыптастыруда америкалық қоғамда этномәдени біртек-
тіліктің жоқтығымен сипатталады.
ә) Шведтік көпмәдениеттілік моделі.
Швед моделі мәдени әртүрлілікті сақтауға бағытталған саясатты 
басқарудағы мемлекеттің белсенді рөліне негізделген. Швеция-
дағы мемлекеттің мұндай белсенді ұстанымы айқын саяси бағыты 
бар социал-демократиялық партияның ережесіне сүйенеді. 1976 
жылы Швеция үкіметі шетелдіктерге дауыс беруге рұқсат берді. 
1997 жылы қабылдаған иммиграция туралы заң Швецияны көп 
мәдениетті қоғам ретінде анықтайды.
Швециядағы мультимәдени саясаттың негізгі бағыттары 
– тілдік және білім беру стратегиялары. Бұл стратегиялар им-
мигранттарды швед және ана тілдерін үйренуге ынталандыруға 
бағытталған. Швед мемлекеті мәдени әртүрлілікті шынайы әлеу-
меттік мәселе деп, оны сақтауды көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет