Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану


г) Қазақстандық көпмәдениеттілік моделі



Pdf көрінісі
бет40/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67
Байланысты:


г) Қазақстандық көпмәдениеттілік моделі.
Қазақстан әлемдік қауымдастықтың алдында 130-дан астам 
этнос өкілдері тұратын көпэтносты мемлекет ретінде танылып 
отыр. Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәде-
ниетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдай жасалған. 
Бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда 
Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) маңызды рөл атқарады. 
ҚХА 1995 жылы құрылды. Этносаралық және конфессияара-
лық толеранттылықтың қазақстандық үлгісі болып табылатын 
Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар 
мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін 
арттыруға ықпал етеді. «Оның алғашқы Конституциясы әр- 
алуандықты құрметтеуге баса назар аударады, бір тудың ай-
наласында біртұтастықты сақтай отырып, халықтарды ортақ 
күн мен самғаған дала бүркітінің астында біріктіруді білдіреді. 
Бірліктің келесі символы «Бәйтерек» туралы айтатын болсақ, 
ол бүкіл әлемге Қазақстан қоғамының ашықтығын баяндайды. 
Қазіргі проблемалы әлемде Қазақстан ұлтаралық және конфес-
ІV ТАРАУ. МИГРАЦИЯ. ОРАЛМАН. КӨПҰЛТТЫЛЫҚ. 
КӨПМӘДЕНИЕТТІЛІК. МӘДЕНИ ӘРАЛУАНДЫҚ


94
95
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
сияаралық келісімнің жақсы үлгісі деп айта аламыз»,-деп жаз-
ды француздың белгілі қоғам қайраткері Альберт Фишлер [70]. 
Бүгінгідей бүкіл әлем бір-бірімен ықпалдасып жатқан 
тұста көпмәдениеттілік құбылысының орын алуын заңды құ-
былыс десек, титулды ұлтқа тән рухани құндылықтар мен салт-
дәстүрімізді, мәдениетіміз бен өнерімізді сақтауда, және дамы-
туда көпмәдениеттілік үлгісін оң құбылыс деп бағалау дұрыс 
па деген қоғамды ойландыратын сұрақтар да бар. Десек те, 
қазақстандық бірегейліктi қалыптастыру саласында қазақстан-
дық патриотизм мен жалпықазақстандық мәдениеттi дамытуда 
титулды халықтың мәдениетінің негізгі үйлестіруші рөлінің ба-
сым екендігі анық. 
Сонымен, көпмәдениеттіліктің әр түрлі модельдерін салыс- 
тырмалы талдау нәтижесінде бірнеше жалпылама қорытынды 
шығаруға болады:
1) Көпәдениеттілік – позитивті әлеуметтік құбылыс. Бұл 
қоғамның дамуына оң жағдай жасайды. Бұл этникалық 
қақтығыстардың дамуына жол бермейді және адамдар ара-
сында өзара сенімділік, түсіністік орнатады.
2) Көпмәдениеттілік мәдени әртүрлілікті қолдап, оған қарсы 
наразылықтың көрінісін басу үшін балама саясат ретінде пай-
да болды.
3) Демократия – көп мәдениетті қоғам құрудың маңызды 
алғышарттарының бірі.
4) Аймақтардың тарихи дамуының ерекшеліктері көпмәде-
ниеттің әртүрлі модельдерінің қалыптасуын анықтады.
5) Көпмәдениеттің әртүрлі модельдерінің арасындағы кейбір 
айырмашылықтарға қарамастан, мемлекет көпмәдениетті ор-
таны құруда және қолдауда шешуші рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет