Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану



Pdf көрінісі
бет41/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67
Байланысты:


4.4. МӘДЕНИ ӘРАЛУАНДЫҚ
Қазіргі таңда жаһанданудың мәдениеттердің әралуандығына 
әсері туралы дискурс күрделі пікірталас тудыруда. Технология-
ның дамуы халықаралық шекараларды бұзды, жаһанданудың та-
мыр жайып тарауына мүмкіндік беретін мәдениеттерді жаңа аре-
наға шығарды. Жаһандану, әсіресе мәдениет аймағында кең қанат
жаяды[71]. Жаһандану мәдени қарым-қатынастардың тарауына, 
жайылуына күш беретін субъект бола алды, себебі жаһандану 
арқылы әлемде өзара байланыс орнады, экономикалық даму қа-
рыштады, көзді ашып жұмғанша жететін ақпаратқа қол жетім- 
ділік қамтамасыз етілді және жаһандық «ауылдың» дамуына 
көмектесті [72].
Жаһандану мен мәдени әралуандық туралы айтқанда дихо-
томиялық кереғарлықты байқаймыз. Бір жағынан, жаһандану 
адамдарға өздерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін дамытуға, өзі 
тиселі әлеуметтік ұжымдық бірегейлікті қолдауына, оны әлемге 
танытуына және шекара асып жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін 
ашты. Екінші жағынан, экономикалық қатынастардың қатая түсуі-
нен одан әрі отарлау процесінің тереңдеуі және индивидуализм,
этностар мен жеке адамның бірегейлігін жоғалтуға ықпал етеді. 
Саяси теоретик Фредрик Джеймсон болашаққа өзара текетірескен 
екі болжам ұсынады: халықтар мен мәдени топтар автономиядан 
және бірегейліктен айырылған корпоративті мономәдениеттілікке 
айналады; екіншіден, ұлттық мемлекеттер сияқты саяси күштерді 
шектемейтін түрлі мәдени топтар бір-бірімен тікелей және үй-
лесімді байланыста болатын плюрализм салтанат құрады [73].
Жаһанданудың мәдени әралуандыққа кері әсері. Жаһанда-
ну мәдени әралуандыққа салдары тереңге кететін теріс те және 
оң да ықпал етуі мүмкін. Көрермен мен тыңдарман аудиториясы 
үшін мәдениеттермен алмасуда бұрын қол жетімді болмаған мол 
жаңалықтарды көруге, тыңдауға және бастан өткізуге мүмкіндік 
есігі айқара ашылды. Жаһанданудың мәдени әралуандыққа тигі-
зетін бірқатар кері әсерлерінің ішіндегі ең қомақтысы – көпұлт-
ты корпорациялардың жергілікті халықтың тұтынушылық мә-
дениетіне, жұмысшыларды қанап, нарықты игеріп, халықтың 
санасында әлеу- меттік құндылықтарға өзгерістер алып келді. 
Жаһандану, әрине, шетелдік тұтыну өнімдерінің қол жетімділі-
гін арттырып қана қоймайды және дәстүрлі жергілікті нарықтың 
бәсекеге қабілеттілігін азайтады. Бұл сонымен қатар мәдени 
ІV ТАРАУ. МИГРАЦИЯ. ОРАЛМАН. КӨПҰЛТТЫЛЫҚ. 
КӨПМӘДЕНИЕТТІЛІК. МӘДЕНИ ӘРАЛУАНДЫҚ


96
97
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
өнімдер мен қызметтер, мысалы, кино, музыка және бейнежария-
ланымдардың халықаралық саудасын арттырады. Мәдени өнім 
саудасының кеңеюі барлық қоғамдарда шетелдік мәдениеттерге 
деген қызығушылығын арттыруда. Шетелдік мәдени тауарларға 
деген сұраныстың артуы жергілікті мәдениеттердің, құндылықтар 
мен дәстүрлердің өзгеруіне әкеледі. Коммерциялық бұқаралық 
ақпарат құралдары мен шет елдік өнімдердің қол жетімділігінің 
артуы жергілікті мәдениетті «жоққа шығаруы» мүмкін. Жаһанда-
нудың ұлттық мәдениеттерге тигізетін зардаптары туралы нақты 
тиянақты анықталған ғылыми шешімдер болмаса да, көптеген 
адамдар сырттан енген шетелдік мәдениет ұлттық мәдени бол-
мысқа нұқсан келтірері анық деп санайды. «Мұндағы бар мәселе 
сыртқы құндылықтар мен ішкі құндылықтардың арақатынасына, 
яғни сырттан келіп жатқан құндылықтардың ішкі құндылықтарға 
сәйкес келіп, оның ұлттық дәстүрлердің өзіндік табиғи жолымен 
дамуына кедергі келтірмейтіндей, керісінше, байыта түсетіндей 
болуына байланысты болмақ. Өкінішке орай, ұлттық мәдениет-
тердің, тілдердің сырттан өзіне қажетті құндылықтарды алып, 
байи түсуімен қатар, сәйкеспей, ұлттық болмысты деформацияға 
ұшырату үдерісі де қатар жүруде» [74]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет