98
99
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
Жаһандану бүкіл әлемде ағылшын тілді білімге деген қы-
зығушылықтың артуына ықпал етті. Ағылшын тілінің дүние-
жүзілік байланыстырушы, ғаламдық
тіл ретінде пайда болуын
қолдай отырып, көптеген мектептер, тіпті бакалавриат, PhD
деңгейінде де, ағылшын тіліне қойылатын талаптарды көтерді.
«Жаһандану үдерісінде ағылшын тілі – негізгі қозғаушы күш.
Қазіргі заманда білім мен ғылымның тіліне айналған ағылшын
тілін өмір қажеттілігіне байланысты
қолдану барысында басқа
ұлттың өкілдері біртіндеп ана тілінде сөйлеуден қалып, ұлт-
тық құндылықтарынан бас тартып жатыр»[76]. Жаһанданудың
білімге тигізген жағымсыз әсерінің мысалы ретінде Нигериядағы
жағдайды атауға болады, онда азаматтардың өздерінің ұлттық
ана тілдерінде білім алу мүмкіндігі қолжетімсіз болып отыр. Бұл
мәдени әралуандылықты сақтау үшін көптеген жергілікті тілдер-
ге қамқорлық жасалуы керек дегенді білдіреді. Германиядағы,
Қытайдағы, Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер – на-
рықтық сұранысқа сай ағылшын тілінде курстардың, ЖОО бағдар-
ламаларына ағылшын тілі сағаттарының көбеюімен, халықаралық
стандарттарға сай ағылшын тілінде басқарылатын ЖОО-лардың
ашылуымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: