100
101
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
ағып кетіп, әлем гомогенді біртектес мәдениетке барып құй-
ылады ма деген ой туады. Жаһанданудың тұтынушылық табиғаты
көбінесе дәстүрлі байырғы құндылықтарға қайшы келеді. Жаһан-
дану мәдени және әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескер-
мейді, олармен санаспайды. Оның орнына, оның таралуына түрт-
кі болған ірі, ықпалды елдер мен корпорациялардың мүдделерін
алға жылжытуда. Батыстық ғалымдар жаһандануды дамып келе
жатқан елдердегі арзан жұмыс күшінен пайда табу және кедей мә-
дениеттерді батыстық елдерге ауыстыру үшін эксплуатациялық
шара деп айыптады. Алайда жаһандану
жеке тәуелділіктен гөрі
өзара тәуелділікті тудырды [77] және кейбір мәдениеттердің жоға-
лып кетпей, өркендеуіне мүмкіндік берді.
Экономикалық, қаржылық, білім беру және денсаулық сақтау
мәселелерінде әртүрлі мәдениеттерге жәрдем қолын созатын, со-
нымен бірге олардың мұраларын, мәдениетін, нанымдары мен
құндылықтарын сақтай отырып, көптеген көмек көрсететін әлем-
де бірнеше ондаған ұйымдар да бар. Канада Ұлы мәртебелі Ага
Ханмен бірлесіп, жаһандық плюрализм орталығын құрды. Отта-
вадағы бұл орталық прогресс пен дамудың негізін қалайтын басқа
мәдениеттермен ашықтық, толеранттылық және сенім негіздері-
не құрылған. Мәдениеттердің айырмашылықтары аталып өтіледі
және айырмашылықтар әралуандықтың басты құндылықтары
болып табылады. Плюрализмнің жаһандық
орталығы білім бе-
руді, зерттеулерді дамытады және плюралистік әлеуметтік құн-
дылықтарды қолдайтын ұйымдарға қаржылай көмек береді.
Жалпы ғалымдар ұлттық бірлік пен ұлттық бірегейлік сияқты
стратегиялық маңызды мақсаттарға жетудің тиімді құралы – ұлт-
тық мәдениет деп анықтайды, себебі мәдени әралуандық болмаса
онда кейінгі ұрпақтарға біртектес, батыстық мәдениеттен басқа
ештеңе қалдырмаймыз.
Жаһанданудың мәдениетке тигізетін
оң немесе теріс көзқа-
растарына, қарамастан, мәдени әралуандықты институционали-
зациялау жергілікті мәдениеттерді сақтаудың сенімді жолы болып
табылады. Үндістанда, Кореяда және Таиландта жаһанданудың
жаңа тенденцияларына қарсы тұру үшін шаралар қабылдануда.
Өздерінің жұмыс күштерін халықаралық еңбек нарығында та-
бысты етіп тәрбиелеуді қамтамасыз ету үшін бұл елдер өздерінің
білім беру жүйелерін халықаралық және ұлттық мәдени біліммен
толықтырды.
И.С.Кони «Жастар ата-анасынан гөрі өзінің заманына көбірек
ұқсас келеді»,- дейді, ғалымның ойынша, қоғам талабына сай, сол
қоғамды
көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды
мәселе екені даусыз. Сондықтан да, жаһандану тұсында берілетін
білімнің мазмұны әлемдік те және ұлттық сипатта болып, әлемдегі
әрбір ел өзінің бірегейлігін білімімен де қорғай алғаны абзал. Жаһан-
дық азамат жергілікті деңгейде әрекет ете алатын, бірақ ғаламдық
тұрғыдан ойлана алатын тұлға ретінде білім алуы керек. Сонда білім
берудің мақсаты – ел азаматтары жаһанданудың артықшылықтарын
өз мүдделеріне ыңғайластырып, әлемдік
ықпалдан өз мәдениетіне
араша түсіп, қорғау арқылы мәдени әралуандықты сақтайды.
Жаһандану төңірегіндегі пікірталастар оң және кері сипатта
жалғасуда. Мәдени әралуандық қоғамда өзгеріс жасауға тырысатын
мәдени топтарға қолдау көрсетілгенде ғана, оларға қажетті жағдай-
лар жасалғанда сақталатындығы анық.
Достарыңызбен бөлісу: