106
107
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
ция, бір азаматтық, бір орталықтанған жоғарғы билік жүйесі бо-
лады. Унитарлық мемлекеттің аумағы саяси тәуелсіздікке ие бола
алмайтын әкімшілік-аумақтық бірліктерге бөлінеді. Жергілікті
өзін-өзі басқару белгілі бір дәрежеде
орталық мемлекеттік ор-
гандарға және орталық әкімшілікке бағынады. Осылайша, унита-
ризм бүкіл мемлекеттік аппаратты орталықтандыруды, әкімшілік-
аумақтық бірліктерде құрылған муниципалды органдарға тікелей
немесе жанама бақылауды қажет етеді. Аталған себептерге бай-
ланысты, орталық әкімшіліктің жергілікті өзін-өзі басқару орган-
дарына бақылау дәрежесі мен формасындағы айырмашылықтар
унитарлы мемлекеттерді орталықтандырылған (Франция, Түркия,
Жапония) және орталықтандырылмаған (Ұлыбритания, Жаңа
Зеландия) деп бөледі.
Біртұтас ұлттық саясат жағдайында «барлық халықтар-
дың теңдігі мен бауырластығы» деп жарияланса да, шағын ха-
лықтар «саяси сенімсіздер» статусымен дискриминацияға ұшы-
рады (КСРО-да, сталиндік геноцид және Кеңес-Герман соғысы
жылдары 61 этнос пен этникалық топтар күшпен
қоныс аудару
үрдісіне ұшырап, депортациялау орын алды). 1926 жылғы халық
санағы бойынша КСРО халқы 194 ұлт және ұлыстардан тұрды,
1979 жылғы санақ бойынша бар болғаны 101 ұлт өкілдері болды.
Сонымен бірге, өз ұлтының тілін ана тілі деп атаған иермендердің
үлесі азайды. Осылайша, КСРО-да ұлттық саясаттың мақсаты
жеке халықтардың мәдениетін дамыту емес, жаңа идеологияны
тарату, оны насихаттау, орыс тілінің қолданыс қызметін кеңейту
көзделді. Бұл, ең алдымен, барлық халықтардың жазбаша тілін
кирилл әліпбиіне
аударуда көрініс тапты, себебі екі әліпбилік
жүйені қатар қолданылу орыс тілін үйренуге кедергі келтірді.
1940 жылы КСРО құрамына кірген барлық халықтар кирилл
әліпбиін қолданды. Унификациялау іс жүзінде жергілікті ұлт-
тық тілдердің фонемалық жүйесін ескерместен жүзеге асырыл-
ды, орыс графикасының құрамы жаңа әліпбиге енгізілді, орыс
тілінің емле ережелері жетекші болды. Біріктірудің нәтижесінде
30-шы жылдардың соңында он бестен астам халық өзінің ұлттық
жазуын жоғалтты, олардың ішінде ірі этностар да болды (твер-
лік карелдер - 107 мың адам еді). Унитаризациялаудың тағы бір
шешуші факторы орыс тілінің мектепте оқуға міндетті түрде та-
V. ТАРАУ. ТІЛ САЯСАТЫ.
ралуы болды. 1934 жылы кет және ительмендер үшін мектептер-
де оқу процесін толығымен орыс тіліне бастауға, басқа солтүстік
халықтардың мектептерінде екінші сыныптан бастап, ал үшінші
сыныптан бастап толығымен орыс тіліне көшіру туралы шешім
қабылданды. Оқытылатын ұлт тілдердің саны үнемі кеміп отыр-
ды (1960 жылдардың басында 47 тіл, он жылдан кейін тек 30 тіл,
1982 жылы олардың саны 17-ге дейін төмендеді). Соңында бұл
үдеріс титулдық емес халықтарға арналған ұлттық мектептердің
толық жабылуымен аяқталды. Титулдық халықтар –
белгілі
бір аумақта тұратын басым ұлт өкілдері, осы этнос негізінде
әкімшілік-аумақтық құрылымның атауы негізделеді.
Этникалық дискриминацияның екінші көрінісі – сегрегация.
Сегрегация (лат. segregatio - бөлу, оқшаулау, алып тастау, бөлек-
теу) – адамдардың күнделікті өмірдегі жүйелі түрде нәсілдік,
этникалық немесе басқа топтарға бөлінуі. Сегрегацияның екі
формасы бар: институционалды және аумақтық. Институционал-
ды сегрегация бойынша әр түрлі нәсіл өкілдері тек өздері ғана
параллельді мекемелерді, мысалы, мектептер, ауруханалар, та-
мақтану орындарын міндетті түрде бөлектеніп жеке қолданады.
Аумақтық сегрегация жағдайында белгілі бір топтар өздері үшін
арнайы бөлінген аумақтарда (резервацияларда) тұруға мәжбүр.
Алайда сегрегация көбінесе иерархиялық
жағдайлармен тығыз
байланысты орын алуы да мүмкін, мысалы, бір нәсілдің адамы-
на басқа нәсілдің өкілі қызметші, күтуші ретінде қызмет етуі
мүмкін. Сегрегацияның оңтүстік африкалық нұсқасын – апарте-
идты (африкалық тілде apartheid - бөлек тұру) БҰҰ адамзатқа
қарсы қылмыс ретінде таныды. 80-ге жуық мемлекет «Апартеид
қылмысын болдырмау және жазалау туралы конвенцияға» мүше
ретінде қатысады (1973). Сегрегацияның жекелеген элементтері
КСРО-да жер аудару, жекелеген халықтарды өздерінің туған жер-
лерінен еріксіз қоныстандыру түрінде жүзеге асты. Қазақтың ал-
дыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшы-
рады, оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар
әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз
жер аударылды. Соғыс басталуымен барлық этникалық немістер
шығысқа қоныстануға мәжбүр болды. Соғыстың соңында Түр-
кияның бейтарап саясатына қарамастан, Грузиямен шекаралас
108
109
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
аймақтардан түріктер мен күрдтер шығарылды. 1943–1944 жыл-
дары қалмақтарды, қарачайларды, балкарларды, ингуштарды, қы-
рым татарларын жаппай жер аудару жұмыстары жүргізілді. Қоныс
аудару кезінде, әрине, ұлттық тәрбие және білім беру жүйесі бұ-
зылды. 1957 жылдан бастап қана жағдай жақсара бастады. Қырым
татарлары мен немістерге ұлттық автономия құруға рұқсат етіл-
ді, олардың құқықтары қалпына келтірілді, мерзімді басылымдар
шығарылды, содан кейін олардың жаңа қоныстарында мектептер
пайда бола бастады. Осылайша, КСРО-дағы ұлттық тіл саясаты
бойынша конституцияда бекітілген халықтардың тең құқықтары
қағидатына қарамастан, КСРО-да тұратын аз ұлт өкілдерінің өз
тілдерін пайдалану және ана тілдерінде білім алуы үшін этника-
лық құқықтарына нұқсан келтірілді. Мұның бәрі қазіргі уақытта
көптеген халықтардың өздерінің ұлттық тілдерін, жеке жазуларын
жоғалтуына әкеліп соқты.
Бұрынғы КСРО-дағы, Оңтүстік Африкадағы және бүкіл әлем-
дегі өзгерістерге сәйкес, адамзат ұлттық мәселелердің тиімді жол-
дарын – бір ғана шешімін емес, азшылықтардың мәдени автоно-
миясы мен интеграцияға бағытталған саяси және экономикалық
тенденцияларға негізделген әртүрлі тәсілдерін іздестіріп табуда.
Этномәдени демократиясыз және
этнолингвистикалық плюра-
лизмсіз саяси демократия толық орныға алмайды. Тіл саясатын-
да ұлттық тілдік компонент ең айқын көрініс табуы керек. Егер
бұл компонент «алынып тасталса», онда тіл тағдырын белгілей-
тін мемлекеттік шаралар жүйесінде, қазіргі әлемдегі қоғамдық
процестердің ұтымды жүруінің негізгі өлшемі – елдің тұрақты
дамуын тежейтін жағдайлар орын алуы мүмкін.
Тіл саясатының кейбір маңызды мәселелері білім беру сая-
сатымен байланысты, мысалы, орта мектепті бітірушіге міндетті
ана тілі туралы минималды білімді қалай анықтауға болады және,
жоғары білім сатысында ана тілі мен шет тілі деңгейі қандай дәре-
жеде болу керек, ана тілімен қатар шет тілін балабақшада міндетті
түрде меңгеру керек пе, және т.б. Шын мәнісінде, бұл әр адамның
тағдырына қатысы бар ойландыратын маңызды сұрақтар. Мемле-
кеттік тіл саясатының негізгі компоненттерінің қатарына мына-
ларды атауға болады: 1) теориялық бағдарлама және оны наси-
V. ТАРАУ. ТІЛ САЯСАТЫ.
хаттау; 2) тілдердің өзара қарым-қатынастарын құқықтық реттеу;
3) әкімшілік реттеу; 4) экономикалық іс-шаралар. Осы аталған
іс-шаралар дер кезінде, институционалды қолдау тауып, сапалы
жүргізілсе тілдердің этнолингвистикалық өміршеңдігі сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: