112
113
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
шараларда жоғары өміршеңдік танытады. Сонымен қатар, ресми
емес институционалдық қолдау да тілдің өміршеңдігін анықтауда
маңызды рөл атқара алады. Маврикийде өткен соңғы екі халық
санағында бірнеше адам «араб» тілін өздерінің «мұра» тілі ретін-
де көрсеткен. Соңғы жүргізілген бірнеше халық санағы бойынша
орын алған үрдістерді мұқият талдауда кейбір мұсылман респон-
денттердің араб тілін өздерінің «мұра»
тілдері ретінде есептей-
тіндігі анықталды. Маврикийдегі барлық мұсылмандар өздерінің
шығу тегі бойынша Таяу Шығыстан келгендер емес, үнді-маври-
тандықтар, сондықтан олар урду немесе гуджарати тәрізді бір тіл-
ді өздерінің мұралық тілі ретінде көрсетулері керек еді. Алайда,
араб тілін қолданатындардың саны көбейіп келе жатқандығының
бір түсіндірмесі – араб тілі Құран мен хадистің тілі болғандықтан,
бұл қолданыс араб тіліне мұсылман қоғамдастығында айтар-
лықтай ресми емес түрде институционалды өміршеңдік береді.
Сондықтан, Құран мен хадис тілі мұсылман қауымдастығында
жоғары әлеуметтік-тарихи мәртебеге ие, бұл кітаптар қоғам үшін
мәдени сабақтастық сезімін қамтамасыз етудің маңызды факторы
болып табылады. Осы орын алып отырған шаралардың әсерінен
кейбір үнді-мавритандықтар қазір араб тілін өздерінің «мұра» тілі
ретінде анықтауы мүмкін, бірақ араб
тілі қолданыста өте сирек
кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: