Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану



Pdf көрінісі
бет49/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67
Байланысты:


Тіл өміршеңдігі моделін қазақстандық ғалымдар әрі қарай 
маңызды факторлармен тереңдете түскен [78]:
1) әлеуметтік-саяси факторлар: тілдің статустық және кор-
пустық жоспарлануы бойынша жүргізілетін мақсатты тіл
саясаты тілді қолдап, дамытуға бағытталған нақты Мемле-
кеттік бағдарламалар, тілдің толыққанды қызметін қамтама-
сыз ететін әлеуметтік инфрақұрылым (білім беру мекемелері, 
баспа органдары, теле-радиокомпания, бағдарламалар, кітап 
баспасы, т.б.);
2) әлеуметтік-демографиялық факторлар: мемлекет аясын-
дағы басқа тілдік ұжымдағылармен салыстырғанда осы тіл-
де сөйлейтіндер саны, осы этникалық топ ішінде осы тілде 
ана тілі ретінде сөйлейтіндердің жалпы саны, осы тілде ана 
тілі ретінде сөйлейтін жастардың саны, біртілді және қостілді 
V. ТАРАУ. ТІЛ САЯСАТЫ. 
тұлғалар санының арақатынасы, қостілділік сипаты мен дең-
гейі, т.б.;
3) лингвистикалық факторлар: әдеби тілдің болуы, тілдік нор-
маның тұрақтылық деңгейі, тілдік инновациялардың таралу 
жылдамдығы, өзге тілдің әсеріне қарсы тұру иммунитеті,
салалық терминология, жалпы лексикалық қордың даму 
қарқыны, динамикасы, диалектілердің болуы және олардың 
әдеби тілге қатынасы, т.б.;
4) әлеуметтік-функционалдық факторлар: тілдің әлеуметтік 
функциялар санымен және оның қоғам өмірінің маңызды 
салаларындағы, соның ішінде тілдік құзіреттілікті қалыптас- 
тыратын маңызды сала – білім беруде, ғылымда (жаратылыс- 
тану-техникалық және қоғамдық-гуманитарлық), бұқаралық 
ақпарат құралдары, әкімшілік басқару, ісқағаздарында, сот 
ісінде, өнеркәсіп-өндірістерде қолданыс қарқынымен өлше-
неді;
5) ұлттық-мәдени факторлар: тілдің ұлттық өнердегі, театр, 
кино, діндегі, әдебиеттің көркем, лексикографиялық, діни, 
іскери,оқу, терминологиялық, басқа түрлеріндегі, атакәсіптегі 
және т.б. қолданысы.
Бұл аталғандар лингвистикалық қауымдастықтың тіршілігін 
жанды және өміршеңдігінің қалыпты жағдайда болуын қамтама-
сыз ететін маңызды параметрлері болып табылады. Жоғарыдағы 
аталған әрбір фактор дискретті және басқа факторларға тәуелді 
емес десек, бұл шындыққа жанаспаған болар еді. Атап айтқанда, 
институционалды әлеуметтік-саяси қолдау шаралары әлеумет-
тік-демографиялық факторлардан туындайтын мәртебе өлшем-
дерімен қалай ықпалдасып, бір-бірімен астарласып жататындығын 
көруге болады. Осылайша, институционалдық қолдаудың кейбір 
шаралары демографиялық фактілерге байланысты, мысалы, бір 
ауданда тұратын сөйлеушілердің жоғары шоғырлануы көшіп келу 
деңгейінің жоғарылығына байланысты болуы мүмкін. Иммигра-
цияның да рөлі маңызды, өйткені ол тілдік әралуандықты және 
онымен байланысты әлеуметтік және мәдени дәстүрлерді білетін 
пайдаланушылардың санын көбейтіп отырады. АҚШ-тағы Орта-


114
115
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
лық Америкалық испан тілінің кейбір диалектілері бірнеше ұр-
пақ бойына тұрақты көшіп келудің нәтижесінде толығып келеді. 
Бүгінде барлық қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы 
ретінде мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға басты назар ауда-
рылып отыр. Қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығай-
ту және оның әлеуметтік-коммуникативтік міндеттерін кеңейту ел 
ұстанып отырған саясаттың басты стратегиялық басымдығы бо-
лып отыр, әсіресе, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салалар-
да қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр. 3-ке-
стеде көрсетілген әртүрлі факторларды болжап, барлау арқылы 
кейбір көкейтесті мәселелерді анықтап, реттеуге болады. Са-
лыстырмалы түрде, басқаларға қарағанда қандай факторларға 
көңіл бөлу керектігі белгілі бір қауымдастықтың тілдік жағ-
даятын терең қарастырған зерттеулер нәтижесіне негізделуі ке-
рек. Мысалы, мемлекеттік мәртебесі бар қазақ тілі қазір ғылым 
мен білімнің, ақпараттың, мемлекеттік іс-қағаздарының, әлеу-
меттік-мәдени қарым-қатынастың тіліне айналған деңгейін ел-
дегі тіл жағдаяты мен қазақ тілінің қолданыс мәселелерін зерт-
теп барып, осы тілдің өміршеңдік моделіне сәйкес нені және 
қалай дамыту керек тұстарын анықтауға болады. «Тілді тіл 
ғылымы мен әдебиеттің нысаны етумен ғана шектелмей, бүкіл 
Қазақ елінің ұлттық сұранысы мен мемлекеттік мәртебесіне 
айналдыру – қашанда өзекті мәселе. Мемлекеттік тілге деген 
құрмет пен ықылас ұлттық сананың биігіне көтеріліп, жалпы-
халықтық мүдде кеңістігіне шығуы ләзім»[79].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет