8
9
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
ды шектеп тек бір ғылымның ауқымында қарастыру қазіргі таңда
мүмкін
болмай қалды, себебі жаһанданудың адамзат тіршілі-
гінің бар саласына қатысын тек бір ғана оқу пәнінің ауқымында
қарастыру мүмкін емес. Жаһандық зерттеулер әлеуметтік және
гуманитарлық ғылымдар арасындағы дәстүрлі шекаралардан
асып, академиялық зерттеудің жаңа салааралық аспектісі ретінде
дамытылады. Транспәндік бұл сала
студенттердің халықаралық
деңгейде бір-біріне байланысты тақырыптардағы әдебиеттермен
танысуын талап етеді. Сондықтан жаһандық зерттеулердің алдын-
да тұрған ең үлкен міндет тез өзгермелі постмодерндік әлемнің
ауыспалы және өзара тәуелді табиғатын қарастыратын түрлі білім
салаларын синтездеп қарастыру болып табылады.
Сыни тұрғыдан ойлауға арналған әдістемені басшылыққа
алып, студенттің объективті ғылыми ойлау дағдысын қалыптас-
тыру мақсатында әрбір тақырыптан кейін мәтін соңы тапсыр-
малары қорытындылау сұрақтары түрінде берілген. Жаһандық
және ұлттық құндылықтар өрісін байланыстыру мақсатында оқу
құралының қосымша бөлімінде қазақ тілінің мақал-мәтелдерімен
лингводидактикалық тапсырмалар берілді. Студенттердің анали-
тикалық ой-өрісін тереңдетуге бағытталған
мақал-мәтелдердің
семантикалық тақырыптарына сай арнайы бес тарауға бөлінген
тапсырмалар жүйесі студенттің қазақ тіліндегі жазбаша және
ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға арналған сабақта/
сабақтан тыс орындалатын жаттығулардан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: