Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану


ТІЛДІК ЖАҒДАЙ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКА-



Pdf көрінісі
бет50/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67
Байланысты:


5.3. ТІЛДІК ЖАҒДАЙ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКА-
СЫНДАҒЫ ТІЛДІК ЖАҒДАЙҒА СИПАТТАМА
Жаһанданған әлемде тілдердің өзара әрекеттесуі бұрынғы-
дан да жиі және әр алуан сипатта дамуда. Бұл үрдіс әлемдегі ел-
дердің тілдік жағдаятына әсері болып, кез келген мемлекеттің 
тіл саясатын дамытуда шешуші болып табылады. В. А. Аврорин 
тілдік жағдаятқа (ТЖ) «тарихи дамудың нақты бір кезеңінде әр 
ұлттың қоғамдық өмірінде тілдердің өзара әрекеттесуінің өзін-
дік түрі және олардың әртүрлі формалары»,-деп анықтама бе-
реді [80, с. 2]. ТЖ — бір тілдің немесе осы/басқа да тілдердің, 
V. ТАРАУ. ТІЛ САЯСАТЫ. 
оның формаларының (жергілікті, әлеуметтік диалектілер, кой-
не, жаргон, тілдің функционалды стильдік түрлері) белгілі гео- 
графиялық аймақта, немесе әкімшілік-саяси құрылымдардың 
шекараларында өзара әрекеттесіп өмір сүруі, не тілдердің өзара 
аумақтық-әлеуметтік қатынастарда және функционалды өзара 
әрекеттесуде айқындалатын басым лингвистикалық ахуалы.
Әлемдегі елдердің ТЖ-сы төмендегі берілген төрт бел-
гілері арқылы анықталады:
- тарихи шарттылық (табиғи даму жағдайында тілдің қа-
лыптасуы, оның ұлттық және этникалық дәстүрлермен бай-
ланысы);
- стандарттау (тілде кодталған грамматикалық және лекси-
калық нормалардың болуы);
- өміршеңдік (бұл тіл ана тілі болып табылатын тиісті этни-
калық топтың болуымен анықталады);
- біртектілік (берілген тілдің негізгі лексикасы және оның 
грамматикалық құрылымы оның дамуының ерте кезеңінде 
қалыптасады). Осы атрибуттарды қарастыру негізінде тіл-
дердің келесі түрлері анықталады: стандартты, классика-
лық, жергілікті, креол және пиджин.
ТЖ-ны сипаттайтын типологиялық белгісі болып тілдің қа-
рым-қатынас құралы ретінде атқаратын қызметі қарастырыла-
ды. Осыған байланысты тілдің мынадай қызметтері анықтала-
ды: ресми қызметі – саясат пен мемлекеттік басқару саласында 
тілді қолдану; топтық – белгілі бір этникалық немесе әлеумет-
тік-мәдени топ ішінде тілді қолдану; кең қарым-қатынас құра-
лы қызметі – мемлекет ішіндегі этносаралық қарым-қатынас 
lingua franca ретінде пайдалану; білім беру саласындағы қыз-
мет – тілді халыққа білім беру жүйесінде қарым-қатынас құра-
лы ретінде пайдалану; әдебиет саласындағы қызмет – тілдің 
көркем әдебиетте қолданылуы; дін саласындағы қызмет – діни 
рәсімдерді орындау кезінде тілді қолдану; техникалық қызметі
– халықаралық ғылыми және техникалық әдебиеттерге қол 
жетімділікті қамтамасыз ету үшін тілді пайдалану.


116
117
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
Әр түрлі елдердің ТЖ-сын зерттеуде белгілі бір объективті 
және субъективті факторлардың оның сипатына әсер ететінді-
гін көрсетеді. Объективті факторларға мыналар жатады:
• лингвистикалық факторлар: а) белгілі бір аймақта немесе 
мемлекетте тұратын халықтың тілдік құрамы; ә) диалек-
тілер мен говорлардың арасындағы материалдық және ти-
пологиялық айырмашылықтар;
• мәдени және тарихи факторлар: а) халықтың материалдық 
және рухани мәдениетінің бірлігі мен айырмашылығы, ә) аймақ 
пен мемлекеттің тілдерінде әдеби дәстүрдің болуы немесе бол-
мауы, сондай-ақ оның даму қарқыны;
• демографиялық факторлар: а) тілдердің сөйлеушілерінің саны; 
ә) ұлттар мен халықтар өкілдерінің жинақы аумақта тұруы, б) 
туу және өлім деңгейі;
• географиялық факторлар: а) физикалық-географиялық ланд-
шафт; ә) адамдардың қарым-қатынасына кедергі келтіретін 
жағдайлар; б) байланыстың табиғи жолдарының болуы;
• экономикалық факторлар: а) тауар-ақша қатынастарының пай-
да болуы; ә) жергілікті нарықтардың дамуы және олардың ұлт-
тық және әлемдік нарықтармен байланысы;
• әлеуметтік-тарихи факторлар: а) қоғамның таптық бөлінісі,
ә) әлеуметтік-экономикалық формация сипаты, б) халықтың 
жаппай көші-қоны, в) аймақтар мен мемлекеттердегі тарихи өз-
герістер.
Барлық осы факторлар өзара байланысты және шарттас. Мыса-
лы, географиялық факторлар негізінен лингвистикалық, демография- 
лық және экономикалық факторларды анықтайды; экономикалық 
фактор демографиялық фактормен өзара байланысты және олардың 
екеуі де тілдік факторға әсер етеді, бұл өз кезегінде экономикалық 
фактордың дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, әлеуметтік-тари-
хи әсерлер экономикалық, демографиялық және лингвистикалық 
факторларға ықпалды. ТЖ-ны тұрақтандыру үшін субъективті фак-
торлардың әсерін анықтау мақсатында ұлт өкілдерінің және басқа 
V. ТАРАУ. ТІЛ САЯСАТЫ. 
да этникалық топтардың өздерінің тілдерін білуі туралы әлеуметтік 
зерттеу жүргізіледі және солардың негізінде тіл саясаты жасалады.
ТЖ, әдетте ірі тілдік қауымдастықтарға – елдерге, аймақтар-
ға, мемлекеттерге қатысты қолданылады және ТЖ үшін уақыт фак-
торы да маңызды, өйткені ТЖ белгілі бір кезеңдегі нақты бір тілдік 
қауымдастықтың әлеуметтік-коммуникативтік жүйесінің ахуалы бо-
лып табылады. 
Қазақстан Республикасындағы ТЖ әлеуметтік тіл білімінде 
жіктелген классификация [81] бойынша экзоглоссивті, теңестіріл-
меген, диглоссикалық және демографиялық тұрғыдан тұрақсыз 
деп сипатталады. 
Экзоглосты «экзоглоссия» (грекше: exo = сыртқы, glässa = тіл, 
сөйлесім) ұғымы негізгі тілдік жағдайдағы өзгерістердің барлық 
көрінісін жинақтайды. Бұл ұғым екі жақты мәнге ие: біріншіден, 
бұл әдеби тілдің тарихи даму кезеңін білдіреді, тіл донор тілден 
қабылдаған кірме бірліктер арқылы дамиды; екіншіден, экзоглос-
сия дегеніміз, донор тілден алынған бірліктердің саны рецепиент 
тілдің өз мүмкіндігінен жасалған жаңа жасалымдардың мөлшері-
нен асып кететін тілдік дамудың сипаты; үшіншіден, экзоглос-
сия деп сөйлеудегі донорлық тілдің құралдарын қолдану немесе 
бұл тілге сілтеме жасап, дәйектеу деңгейі өте жоғары болатын 
тіл қызметі түсініледі. Теориялық материалдарды шолуға сәйкес 
тілдік жағдаяттардың 2 тобы ерекшеленеді: экзоглосты – әртүрлі 
тілдердің жиынтығы, эндоглосты – бір тілдің ішкі жүйелерінің 
жиынтығы. Экзоглосты және эндоглосты жағдайлар, іштей егер 
олардың компоненттері функционалды түрде эквивалентті бол-
са теңдестірілген болып, ал егер олардың құрамдас бөліктері 
әр түрлі қатынаста болса теңестірілмеген болып бөлінеді. Экзо- 
глосты ТЖ-ның ішіндегі ең көп тарағаны – теңестірілмеген тіл-
дік жағдайлар. ТЖ-ге қатысатын тілдердің әлеуметтік қолданысы 
функционалды түрде тең емес және қарым-қатынастың әр түрлі 
салаларына қатысы бойынша бір тіл көп мөлшерде, ал екіншісі 
(басқалары) аз функционалды жүктемемен қатынас құралы бо-
лады. Кең мағынада, экзоглоссия ТЖ-дағы беделді тіл жергілік-
ті титулдық тіл емес, «сырттан енген» шет тіліне артықшылық 
берілетін ахуалды білдіреді. 


118
119
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
Тілдік әртүрлілік дәрежесінің белгісі бойынша ТЖ бір ком-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет